Жұма, 19 Шілде 2024
Әдебиет 1813 11 пікір 23 Қаңтар, 2024 сағат 14:03

Қазақ елі әлі де ояну, тану жолында

«ЖАСТАР ЖАЛЫНЫ ОТАНҒА...»

Бүгінгі күні аласапыран әлемдік саясат сайқал түлкідей мың құбылған заманда «Патриотизм» тақырыбы қашанда өзекті. Сол себепті, «Шығыстан шыққан күндей» жарқыраған, жалпы Алаштың Руханият кеңістігіндегі  жастардың отансүйгіштік рухына тәнті болу үшін  жас ақындар  Оразай Жеңісұлы, Мәди Ахметкәрімді және  кітапханашы Инеш Ахтанова ханымды сөзге тартқан едік. «Жалынды жастардың» Отанына деген  жеке пікірін, өзіндік оқшау ойларын оқырмандар назарына ұсынып отырған жайымыз бар.

Мәди Ахметкәрім, жас ақын:

– Патриот болу:

  1. Отанын сүю, жерін қорғау.
  2. Өз ұлтының ана тілін ардақтау, атадан балаға берілген құндылықтарды көзінің қарашығындай сақтау.
  3. Ұлттық дәстүрді сақтау.
  4. Ұлттық сананы сақтау.

Осы төрт шартты түгел орындап жүрген адамды патриот деуге болады. Патриотизм ауызбен айтылатын сөз, өлең, жыр емес. Патриотизм ұлттық сананың бөлінбейтін бір бөлігі. Қазір біз ашық ақпараттық қоғамда өмір сүріп жатырмыз. Батыстан, шығыстан ұлт болашағы үшін тиімді - тиімсіз ақпараттар ағылып келуде. Осы ақпараттар ағынында біздің жастарымыз адасып өзін жоғалтып алмас үшін, ұлттық минталитетімізді, негізімізді сақтап қалу үшін жастардым патриоттық сезімге тәрбиелеу өте маңызды іс...

Ал, келесі болып, ағынан жарылып, сөз бұйдасын ағытқан өрелі ақынымызға зер салалық:

Оразай Жеңісұлы, ақын:

– Тәуелсіздік қазаққа қымбатқа түсті ғой... Сондықтан Отанның қадір-қасиеті біз үшін зор. Ең қастерлі ұғым. Кей-кейде кеудеңе қолыңды қойып, көк байраққа көз тігіп әнұран шырқап тұрғанда бір леп кеудеңнен ытқып шығып көмейде жалын, көзде жас боп іркіледі. Бұл сүйіспеншілігің, көкейдегі үмітің, көңілдегі алаңың тоғысқан сәт пе деймін. Дәл қазір аумалы-төкпелі заман ғой... Мұндайда ақсақал болмасаң, ел ертеңіне елеңдейсің. Отаның – барың!

Ата-бабамыз сан ғасыр бойы бостандық бастауына қаталап келді. «Тар жол, тайғақ кешумен» қол жеткізген Тәуелсіздік туын жықпау парыз ба – парыз. Жастар деген ырық бермейтін бұла күш. Оны бұғаулай алмайсың. Тек бағыт сілтеп отыру керек шығар. Сол бағыт отансүйгіштік болар.

Менің замандастарымды бір сөзбен сипаттау мүмкін емес. Қазақ елі әлі де ояну, тану жолында сияқты көрінеді. Сондықтан жастардың танымы, түсінігі де алуан түрлі. Бірақ бабадан «жастың жаманы жоқ» деген сөз қалған. Жастардың ортақ ата-анасы мемлекет қой. Жөн сілтей алса, жастар жол табады ғой.

Тілдің түйіні біртіндеп шешіліп келе жатыр деп ойлаймын. Бұл өзі жалқы мәселе емес. Тілге байланысты түйіткіл көп. Жалпы ана тілдің мерейін көтеру әрбір азаматтың мойнында. Сондықтан өзіңнен бастап кетсең болғаны. Бұл көппен емес, еппен шешілетін шаруа деп ойлаймын.

Ұлтжандылықты ұрпақтың басынан қара бақайына дейін сіңіру керек. Мұның жолы көп. Тек тізгін ұстаған адамдар ынталы болса болғаны.

Әлбетте, жақсы үдеріс. Қазір өзі сең қозғалғандай ғой. Бөгетті бұзып жаратын бұла күш жастар екенін жаңа да айттым.

Соңғы сөз –сауалымызды кітапханашы Инеш ханымға қойғанымызда, ол да шын ізгі ниетімен, ұлтжандылық бейілімен, патриоттық шынайы сана - серпінде сыр ақтара жауап берген еді:

Инеш Ахтанова, кітапханашы:

– Отан - сенің туған елің, туған жерің. Отан - бұл өзіңінін тұратын, өмір сүретін, қызмет ететін жерің. Отан адам үшін біреу ғана.  Отан ұғымы нені білдіреді десеңіз мен үшін Отан- бүкіл әлем. Отанға деген махаббат, сыйластықпен ұласса – ол адамның рухани деңгейінің биіктігі. Отаным көркейіп өсіп өніп жатқанда адамнын өміріде соған сай болады. Келешекке жоспар, арман мақсаттар қоясын. Сондықтан еліміз туған жеріміз, отанымыз аман болсын. Елімізде тыныштық бірлік береке болсын. Менім Отаным - Қазақстан. Өз елімнің патриотымын.

Ұрпағымыздың кеудесінде азаматтық намысы бар, білімді, туған елін жерін сүйетін өнегелі ұрпақ етіп өсіргіміз келсе, бар назарды келешек ұрпақ тәрбиесіне аударуымыз қажет. Еліміздің болашағы жас ұрпақты тәрбиелеуде бірінші - отбасы, ата - ана тәрбиесі болса, екіншісі - білім беру мекемесі. Осы екеуі мықты тәрбие берсе әр балада патриоттық сезімі жоғары болады. Еліміздің келешек тұтқасын ұстайтын жастарды осы бастан Отансүйгіштікке, Отанына атамекеніне шын берілгендік рухында тәрбиелеу басты мақсат болу керек.

Халқымыздың әдет-ғұрпын, дәстүрін, тарихын білу, оны қастерлеу – әрқайсымыздың борышымыз. Қазақтың ырым - тиымдарын сақтайтын жастар бар. Тұрмыстық салт - дәстүрлер әр жерде әртүрлі болып келеді. Өзіміздің өңірдің дәстүрлерін білетін сақтайтын жастарымыз аз емес.

Тіл - ең асыл құндылық. Ана тілін жақсы білу - әркімнің азаматтық борышы. Қазақ тілін білген азамат әдет - ғұрыптармен салт - дәстүрлердіде ұмытпайды.

Ұлттық код – ең алдымен, тілде, сосын дәстүріміз бен салтымызды, ұлттық мәдениетте. Ал ұлттық кодты сақтау үшін салт - дәстүрді, тілімізді, тарихымызды және менталитетімізді ұмытпауымыз қажет.

Өзін елінің шынайы патриотымын деп есептейтін әрбір азаматтың Мемлекеттік рәміздерге құрметі жоғары болуы қажет. Рәміздерді құрметтеу – елді құрметтеу.

Біз де өз тарапымыздан «Жалынды жастарға» жұмыстарына жеміс, өнерлеріне үстемдік тіледік!

Алтайдың асқар шыңындай ойлы, Шығыстың шырайындай бойлы, қаламгерлік қуатын республикаға танытып жүрген ақын жастар мен кітапхана қызметкері бар... Барлығы дерлік, осылайша көкейлерінде жүрген өз ойларын «Патиротизм» ұғым-түсінгі аясында ортаға сала білді.

Әзірлеген Ерік Омарғалиев

Abai.kz

11 пікір

Үздік материалдар

Абай мұрасы

Абай іліміндегі өмір мақсаты не?

Досым Омаров 1300
Ой түрткі

Әлмерек абыздың оралуы - Елге діннің оралуы

Бақтыбай Айнабеков 2042
Көршінің көлеңкесі

Ресей тілдік һәм саяси экспансияны қалай жүргізді?

Бейсенғазы Ұлықбек 2085