Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2545 0 пікір 20 Қараша, 2013 сағат 04:58

Ғазиз Құрмашұлы. Тайгада қазақтың тағдыры бар...

Ресейдің қиыр солтүстігінде, Тайганың терең түкпірінде Норильск қаласының барын екінің бірі біледі. Бүгінгі жұрт оны белгілі бизнесмен, осы өңірдің губернаторы болған Англияның «Челси» футбол клубының иесі Роман Абрамовичпен ғана байланыстырады.
Ал оның кезінде кеңестік темір режим саяси және әскери тұтқындарды адам төзгісіз жағдайда ұстаған «Норильск еңбекпен түзеу колониясынан» қалған белгі екені ешкімді көп мазалай қоймайды.
Кейбір деректерге қарағанда, мұнда 1935-1956 жылдар аралығында (1956 жылы лагерь жабылған) 300 мыңнан 500 мыңға дейін сотталған саяси тұтқындар жазасын өтеген. Олардың арасында Лев Николаевич Гумилев, Давид Кугульдтинов, Николай Александрович Козырев сияқты аса танымал адамдар да болды. Саяси тұтқындар тізімінің бірінде Олжас Сүлейменовтің әкесі Омархан Сүлейменовтің аты-жөні де жүр.

Ресейдің қиыр солтүстігінде, Тайганың терең түкпірінде Норильск қаласының барын екінің бірі біледі. Бүгінгі жұрт оны белгілі бизнесмен, осы өңірдің губернаторы болған Англияның «Челси» футбол клубының иесі Роман Абрамовичпен ғана байланыстырады.
Ал оның кезінде кеңестік темір режим саяси және әскери тұтқындарды адам төзгісіз жағдайда ұстаған «Норильск еңбекпен түзеу колониясынан» қалған белгі екені ешкімді көп мазалай қоймайды.
Кейбір деректерге қарағанда, мұнда 1935-1956 жылдар аралығында (1956 жылы лагерь жабылған) 300 мыңнан 500 мыңға дейін сотталған саяси тұтқындар жазасын өтеген. Олардың арасында Лев Николаевич Гумилев, Давид Кугульдтинов, Николай Александрович Козырев сияқты аса танымал адамдар да болды. Саяси тұтқындар тізімінің бірінде Олжас Сүлейменовтің әкесі Омархан Сүлейменовтің аты-жөні де жүр.
Қалың қарағай жапқан Шмидт тауының етегіндегі бүгінгі «Норильск Гольгофы» мемориалдық кешені азап лагерінде қаза тапқандар зиратының орнына салынған. 1988 жылы саяси тұтқындарды еске алу құрметіне Ресейдің «Мемориал» қауымдастығының жергілікті бөлімшесі ескерткіш орнатып, жалпыға ортақ крест қойды. Дәл осы жерде «Прибалтика халықтарынан Норильскіге» атты ескерткіш те бар, оған Латвия, Литва, Эстония елдерінің қайтыс болған саяси тұтқындарының есімдері жазылған. «Сталин репрессиясы кезінде қаза тапқан поляктарға» қойылған ескерткіш те көзге түседі. Одан лагерь азабын тартып, көз жұмған поляктардың есімдерін оқи аласыз.
Норильск еңбекпен түзеу колониясының 1949 жылғы 1 қазандағы саяси тұтқындардың ұлттық құрамы туралы құжатына назар аударсаңыз, көпшілігі орыстар мен украиндықтар және беларустар. Одан өзге 507 литвалық, 530 латыш, 493 поляк, 380 эстон азаматы болған. Қазақтар да осы шамалас – 437. Сондай-ақ, 212 грузин, 285 армян, 275 түрік пен әзірбайжан, 201 түркімен, 337 өзбек, 77 тәжік, 45 грек, 44 корей, 43 қырғыз, 38 румын, 25 қытай және басқалар көрсетіліпті.
Бұл бір жылғы ғана мәлімет. «Норильлаг» жазалау орталығы өмір сүрген 21 жыл ішінде талай тағдыр қатал сүзгіден өтіп, талайы жер жастанды. Солардың ішінде қанша қазақ жазықсыз жапа шегіп, құрбан болғанын бір құдай біледі.
Түрме азабын тартып, көз жұмғандарды былай қойғанда, 1953 жылы Норильск еңбекпен түзеу колониясының барлық бөлімдерінде саяси тұтқындар бас көтеріп, көтеріліске қарсы қатаң жазалау шаралары қолданылды. Соның салдарынан қаншасы атаусыз мерт болды. Сол кездегі құқық қорғау органдары көтерілісті Беларуссия мен Украинадан, Литва, Латвия, Қазақстан және Грузиядан келген саяси тұтқындар бастады деген қорытынды жасаған. Әсіресе, Қарағандыдан этаппен келгендер үлкен ұйымшылдық көрсеткені айтылады.
Бұрынғы саяси тұтқын, осы бүлікке қатысушы грузин жазушысы Чабуа Амирэджиби «1953 жылы май айында Норильскіге Қарағандыдан саяси тұтқындарды этаппен алып келді. Олар Норильск лагерлеріне көтеріліс рухын таратып, бүлік туғызды» деп жазды.
Расында бұл жағдайдың сыры бар еді. Осының алдында ғана, 1952 жылы «Карлаг»-та саяси тұтқындар толқуы болып, олар саяси және экономикалық талаптар қойып кеңестік билікті біраз әуреге салған. Соған байланысты «Кар лаг»-тан 1200 адам Норильскге этаппен жіберілген. Бұл жөніндегі Қазақстандағы деректер тура осы оқиғаға сәйкес келеді.
Дәл осы қарсаңда, 1951 жылы «Норильлаг»-тың Дудинка, Игарка, Таймыр, Курейка сияқты 24 лагерлік бөлімі мен 23 бөлімшесінде 72 490 саяси тұтқын отырғаны жөнінде нақты ресми құжаттар бар.
Айта кету керек, аса ірі Норильск мыс-никель, тау-кен комбинаты, шахталар мен зауыттар саяси тұтқындар күшімен салынды. Талай адамның тағдырына балта шауып, сүйегінің үстіне салынған бұл қала бүгінде Ресейдің бір пұшпағында экономикалық әлеуеті бар қала болып есептеледі. Тек, көзден жырақ жатыр. Әйтсе де, өзгелермен бірге, кеңестік жазалау машинасының табанына түсіп, тайганың түкпірінде тағдыры бір өзге ұлт өкілдерімен бірге қаншама қазақ азаматының қор болып, қаны төгілгені көңілден кетпейді. Олар азап шеккен, қайтыс болған қасіретті жерге прибалтикалықтар мен поляктар сияқты бір белгі орнату елдік парызымыз сияқты көрінеді де тұрады.
Осыдан он бес жыл бұрын Өскеменде жолыққан Сейтқали Бажекенов деген қарт көз жасын төгіп отырып, Оралда 10 сынып оқып жүргенде «Қазақ халқын қорғау ұйымын» құрушы жастар қатарында сотталып, Норильскіде жазасын өтегенін айтып еді. Сол жерде Шығыс Қазақстаннан айдалып келген, елге қайтуға құқы жоқ, баракта тұрып жатқан Темірхан ақсақалдың қызы Әсипаға үйленіп, тойларын лагерьде жасағанын, адам төзгісіз жағдайда қазақтардың біріне-бірі сеп болғанын егіле баяндаған.
«Норильлаг» туралы деректерді ақтарғанда сол Сейтқали ақсақалдың әжімді жүзін қуалай сорғалаған көз жасы ойыма түсті. Бүгінде жоғымызды түгендеп, ел тарихына қатысты дүниелерді жинап жатқан кезде Норильск лагерінің, ол ғана емес, жалпы Ресей жеріндегі осындай азап лагерьлерінің қазақ тарихына қатысты тұстарын зерделеу тарихшылар назарын аударуы тиіс деп ойлаймын. Және бұған үлкен парыз ретінде қарау керек
Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377