Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2112 0 пікір 13 Қыркүйек, 2009 сағат 20:17

37 адамның мүрдесі күлге айналды. 10 науқас ауруханаға жеткізілді

Алматы облысының орталығы Талдықорған қаласындағы нарколологиялық диспансер отқа оранып жанып кетті. Диспансерде жатқан емделушілердің арасындағы 37 адамның мүрдесі күлге айналып, 10 адам ауруханаға хал үстінде жеткізілді.

Ажалға аранын ашқан қызыл жалын жексенбі күні таңғы сағат 05. 28 минутта бұрқ ете қалған көрінеді.  Арада бір минут өткенде шатырлап жана бастаған наркодиспансерге арнайы көлік пен 12 адамнан тұратын  өрт сөндіруші келіп жетеді. Алайда, 1951 жылы ортасына ағаш үгіндісі мен қамыс толтырылып, екі жағы жұқа тақтайшалармен қапталған құрылыс материалынан тұрғызылған ғимараттың  650 шаршы метрі тұтастай жанып 12 адамға бой бермейтін кәдімгі өртке айналаса керек.  Талдықорғандық өрт сөндірушілердің алапат жалынды ауыздықтауға мұршасы жетпейтіні анықталысымен, Талдықорған қаласы маңындағы Ескелді және Көксу аудандарының  өрт сөндіру бөлімдері дереу көмекке ұмтылады.  Таңғы сағат 5-тен 56 минут кеткенде Алматы облысы әкімінің басшылығымен құрамына Талдықорған қаласындағы барлық құзыретті мекеме өкілдері енген жедел штаб та құрылып үлгеріпті.

Төтенше жағдай салдарынан өрт туындаған кезде медициналық мекемеде болған  68 науқас пен 5 медицина қызметкерінің 37-сі өрт қамалынан шыға алмағандықтан қайғылы қазаға ұшырады.

Талдықорғандағы жайт Астанадағы ақ жағалы ұлықтарды да табандарынан тік тұрғызды. Сол күні таңертеңгісін ҚР  Премьер-министрінің пәрменімен Талдықорғандағы  өрттің себебін тергеу-тексеру жөніндегі үкіметтік комиссия құрылып, комиссияға жетекшілік міндет Премьер-министрдің орынбасары Серік Ахметовке жүктелді. Үкіметтік комиссия  түс ауа   Талдықорғанға ұшып жетті.  Комиссия құрамында ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі министр Владимир Божко, денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиев, Алматы облысының әкімі Серік Үмбетов, экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің вице-министрі Т. Сүлейменов, ІІМ тергеу комитетінің төрағасы М. Әміров, Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік қорғау және бақылау жөніндегі комитетінің төрағасы С. Бисақаев, Премьер-министр кеңсесі мен уәкілетті органдардың жауапты қызметкерлері кіріпті.

Оқиға барысын дереу зерттеп, сараптауға кіріскен комиссия мүшелері журналистермен кездесулерінің барысында қайтыс болған марқұмдардың туыстарымен кездесіп, көңіл айтқандарын, енді олардың артында қалған жақындарына материалдық көмек көрсетуге мүдделі екендерін білдіріп, уәде қылды.

Журналистермен жүздесуге вице-премьер С. Ахметов, төтенше жағдайлар жөніндегі министр В. Божко, денсаулық сақтау министрі Ж. Досқалиев және Алматы облысының әкімі С. Үмбетов қатысып, оқиғаның жай-жапсары жайлы анықталған жайттарды баяндап, залдан түскен сауалдарға жауап  қайтарып отырды.

Үкіметтік комиссия мүшелерімен кездесу барысында өрттің кесірінен 37 адам қаза тауып, он адамның ауруханаға жеткізілгені, олардың екеуінің денесін 80-90 пайыз көлемде өрт шалғандықтан, өмірлері қыл үстінде тұрғаны белгілі болды. Қазіргі кезде осы екі адамды аман алып қалуға облыстың ең білікті деген дәрігерлері жұмылдырып, оларға Алматы қаласынан  мықты медицина қызметкерлері көмекке жетіпті. Ал қалған сегізінің жағдайы тұрақты, тиісті ем-домдарын алып жатыр екен. Төтенше оқиға кезінде қаза тапқандардың 11-і Талдықорған қаласының тұрғыны болса, қалғандары облыстың басқа аудандары мен қалаларынан болып шықты.

Төтенше жағдайлар министрі  осыдан төрт ай бұрынғы тексеру барысында өрт қауіпсіздігі сын көтермейтін мекемелер қатарында Талдықорғандағы наркодиспансердің болғанын жоққа шығара алмады. Алайда, ол өз сөзінен тез тайқып  аталған кемшіліктердің барлығы жойылып, қойылған талаптардың орындала бастағанын айтып «қызық» қылды. Өйткені кемшіліктерді жоймастан бұрын қаусаған ғимараттың өзі қаулаған өрттің құшағына құлап жанып кетті емес пе?..  Әріптесінің әңгімесі сұйыла бастағанын сезгендей тап осы кезде  Денсаулық сақтау министрі Досқалиев оны мақтай жөнеліп, «егер төтенше жағдайлар қызметінің жедел де, батыл қимылдары болмағанда құрбандар саны бұдан да көп болуы мүмкін екенін» ескертті. «Ал зардап шеккендердің барлығы науқасынан айыққанша,  емдеумен қамтамасыз етеміз» деді минситр.

Оқиғаның басты себебі ретінде  есік-терезесі торланған мекемедегі сақтық шараларының  дұрыс ұйымдастырлмағаны баса айтылды. Әйткенменде, наркодиспансерде жатқандардың дені мәжүбүрлі түрде ем қабылдайтындықтан олардың осы өртке қатысы болуы ғажап емес деген де болжамдардың шеті шығып қалды.

Қайғылы оқиғаға байланысты ірілі-ұсақты шенеуніктердің біразы  жуық арада қатаң сөгіс алып, қызметінен қош айтысатын шығар. Таяқтың бір ұшы облыс әкімі мен Төтенше жағдайлар жөніндегі министрге де тиері даусыз. Алайда, оның бәрі қапыда кеткен адам ғұмырының орынын толтыра ала ма?

Абай-ақпарат.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5440