Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4216 0 пікір 22 Қараша, 2013 сағат 04:58

АЛАШ ОҚЫҒАНДАРЫ

Мен қазақ, қазақпын деп мақтанамын,
Ұранға Алаш деген атты аламын.
Сүйгенім – қазақ өмірі, өзім – қазақ,
Мен неге қазақтықтан сақтанамын?! –
деп С.Торайғыров айтқан екен. Халқымыз жүріп өткен ұзақ жолдың шежірелі күндерін, ата жадына тоқыған талай тағылымды істерді болашақ ұрпақ санасына сіңіру, ұлтжандылыққа тәрбиелеп, өлке­нің оқыған азаматтарын еске алып, насихаттау, қастерлеу – дәстүрімізге айналған.
Қазақ тарихының белесті асуларының бірі – Алаш қозғалысы. Бүкіл қазақ даласын азаттық идея­сына жұмылдырған. Бұл ұлы қозғалыстың тарихы мен тағылымы уақыт өткен сайын айқындалып келеді. Алаш қайраткерлері ұлтты ұлт ететін талай-та­лай шаруаны бастағаны, жолға салғаны белгілі. Бүгінгі егемендігіміздің, тәуелсіздігіміздің тарихында Алаш атын аспандатқан арыстарымыздың үлесі орасан және дәлелдеуді қажет етпейтіні ақиқат. Олар келер ұрпаққа қиыннан қиып жол салып, еркін­діктің отын өшпестей етіп тұтатып кетті. Бүгінгі тәуелсіздігіміздің іргетасы, бастауы – осы Алаш арыс­тары: Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Жаһанша Досмұхамедов, Халел Досмұхамедов, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, т.б. еді. Ақ тумен көтерген тегеурінге бергісіз батыл, мемлекетшіл және отандық идеясы болатын. Алаш қайраткерлері атқарған тарихи міндеттің зор маңызы да осында.

Мен қазақ, қазақпын деп мақтанамын,
Ұранға Алаш деген атты аламын.
Сүйгенім – қазақ өмірі, өзім – қазақ,
Мен неге қазақтықтан сақтанамын?! –
деп С.Торайғыров айтқан екен. Халқымыз жүріп өткен ұзақ жолдың шежірелі күндерін, ата жадына тоқыған талай тағылымды істерді болашақ ұрпақ санасына сіңіру, ұлтжандылыққа тәрбиелеп, өлке­нің оқыған азаматтарын еске алып, насихаттау, қастерлеу – дәстүрімізге айналған.
Қазақ тарихының белесті асуларының бірі – Алаш қозғалысы. Бүкіл қазақ даласын азаттық идея­сына жұмылдырған. Бұл ұлы қозғалыстың тарихы мен тағылымы уақыт өткен сайын айқындалып келеді. Алаш қайраткерлері ұлтты ұлт ететін талай-та­лай шаруаны бастағаны, жолға салғаны белгілі. Бүгінгі егемендігіміздің, тәуелсіздігіміздің тарихында Алаш атын аспандатқан арыстарымыздың үлесі орасан және дәлелдеуді қажет етпейтіні ақиқат. Олар келер ұрпаққа қиыннан қиып жол салып, еркін­діктің отын өшпестей етіп тұтатып кетті. Бүгінгі тәуелсіздігіміздің іргетасы, бастауы – осы Алаш арыс­тары: Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Жаһанша Досмұхамедов, Халел Досмұхамедов, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, т.б. еді. Ақ тумен көтерген тегеурінге бергісіз батыл, мемлекетшіл және отандық идеясы болатын. Алаш қайраткерлері атқарған тарихи міндеттің зор маңызы да осында.
Елбасы Н.Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» кітабының «Алаш мұрасы және осы заман» атты тарауында: «ХХ ғасырдың басында ұлттық бірлікті нығайту идеясын алға тартқан рухани-зерделі игі жақсылар қазақтың ұлттық идеясын жасау міндетін өз мойнына алды. Олар қоғамның түрлі тарабынан шыққандар, әрі ең алдымен, дәстүрлі дала ақсүйекте­рінің өкілдері еді. ХХ ғасырдың басындағы қазақ қоғамында зиялы қауымның қалыптасуы, ұрпақтар эстафетасы сияқты сипаты болғанын атап айтқан абзал» – деп көрсеткен болатын.
Алаштың асыл аманаты бізге тарихи-мәдени бірегейлігімізді, қарапайым тілмен айтсақ, қазақы қалпымызды қасиеттеп сақтауға міндеттейді.
Өшкенімізді жағып, жоғалғанымызды тауып, ұмыт­қанымызды жаңғыртып, тарихымызды түген­деп жатқан жаңару кезеңдерінде кешегі күні, тіпті, есімдерін еске алуға, аттарын атауға болмайтын Алаштың арыстары ортамызға оралып отыр. Қан­ша­ма бабаларымыз бостандық жолында күреске шығып, «ұлтшыл, халық жауы» атанды. Бұл кезеңде саяси күрес сахнасына Ресейдің аса үлкен ғылыми, саяси орталықтарында білім алған, сол кезеңдегі Еуропадағы саяси күрестің беталыс, бағдарларынан әбден хабардар, экономика, медицина, құқық тарихы мен теориясын терең меңгерген қазақ зиялыларының озық ойлы тобы шықты. Олар қазақ елінің Еуропа мемлекеттерімен салыстырғанда экономикалық, саяси, әлеуметтік, мәдени тұрғысы­нан өте артта қалғандығы Ресей патша үкіметінің отарлық саясатының әсерінен екенін толық түсінді. Сондықтан, қазақ халқын өзге дамыған мемлекет­тер­дің қатарына қосу үшін білім алып, өзге мемлекеттердің саяси-қоғамдық, әлеуметтік-экономикалық дамуына ықылас қоя отырып, қазақ халқын осындай деңгейге жеткізу үшін саяси-күрес аренасына шықты.
ХХ ғасыр басындағы ұлтымыздың алыптарының қазақ әлеміне шоқ жұлдыздардай жарқырап шығуы –­ елдегі саяси, әлеуметтік-экономикалық жағдай­лар­мен тығыз байланысты болатын. Сол тайғанақты тар жол, тайғақ кешуде өз өмірлерін, қасиетті жолда бастарын құрбандыққа шалды. «Алаш туы астында, күн сөнгенше сөнбейтін» аяулы тұлғалар – Алаш зиялылары еді.
Әр халықтың тарихында есімі мәңгі өшпестей ел жадында сақталатын тарихи тұлғалар болады. Сондай біртуар тұлғалар, халқының аяулы перзент­тері бізде де баршылық.
Алаш қозғалысының көрнекті қайраткері, дәрі­гер, ұстаз, ғалым, тарихшы, табиғаттанушы, әде­биеттанушы, ауыз әдебиетінің сирек үлгілерін жинап, насихаттаушы, аудармашы, «Алаш» партиясын құрушылардың бірі – Х.Досмұхамедов еді.
Осыған орай, Атырау облыстық тарихи-өлке­тану мұражайында биылғы жылы қоғам қай­рат­кері, дәрігер, ұстаз, ғалым Халел Досмұхамедов­тың туғанына 130 жыл толуына орай және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне көрме жасақталып, мәдени шара өтті.
Көрмеден мұражай қорында сақталған Х.Дос­мұ­ха­медұлының өмірі мен қызметінің негізгі кезең­дерінен сыр шертетін фотосуреттер мен тарихи құжаттар орын алды.
Сондай-ақ, Алаш қозғалысының қарқынды жүруіне ерекше еңбек сіңірген, тіпті, оның дүниеге келуіне атсалысқан бірқатар тұлғалардың есімдері арагідік болмаса, өз деңгейінде айтылмай да, бағаланбай да келе жатқанына назар аударуымыз қа­жет.
Сол заманның озық ойлы зиялыларымен сырлас болған, Х.Досмұхамедовтың құрдасы, өлке­міз­ден шыққан алғашқы мал дәрігері – Ғұбайдолла Есқалиұлы Бер­диевтің туғанына да 130 жыл толып отыр. Ол Атырау облысы, Махамбет ауданы, Ақжайық ауылында 1883 жылы дүниеге келген. Мүсірәлінің Есқали деген баласынан Ғұбайдолла өмірге келеді. Мүсірәлінің тұңғыш баласы – Досжан Бердиев (1841-1914) Жәңгір ашқан төрт жылдық мектепті, кейін Орынбордағы Неплюев атындағы жеті жылдық кадет корпусында оқиды. Оқуды бітірген соң арнаулы жолдамамен Гурьев уезіне аудармашы болып жұмысқа жіберіледі. Ол інісі Ғұбайдолланы тәрбиелеп, сауатын ашуға көмек­теседі. Жастайынан зерек Ғұбайдолла Есболдың «Қызыл үй» аталатын екі класты орыс-қазақ мек­те­бін бітіріп, Оралдың реалдық училищесіне Алаш орда көсемдерінің бірі, Х.Досмұхамедовпен бірге оқуға түсіп, 1902 жылы бітіріп шығады. Сол кезде, 1903 жылы Х.Досмұхамедов Санкт-Петер­бург­­тегі әскери-дәрігерлік академиясына, ал Ғ.Бер­диев Қазан университетінің мал дәрігерлік факультетіне түседі. Студенттік жылдарында қарым-қатынас­та­рын үзбей, демалыстарында бірге жүріп, тығыз байланыста болған.
Ғұбайдолла 1905 жылы 9-қаңтарда Қазанда өткен студенттер ереуіліне қатысқаны үшін оқудан шығарылып, кейін оқуын қайтадан жалғастырған. 1908 жылы оқуын аяқтап, мал дәрігері боп елге оралып, өлкеміздегі алғашқы қазақ мал дәрігер­лері­нің бірі болды.
Гурьев уезіндегі Соколинск кентінде Жылыой елді-мекеніндегі Сімберті, Қаратөбе Бланк, Қа­ра­байлы, Жаршық болыстарында 1917 жылға дейін Гурьев уездік бас мал дәрігері болып қызмет атқа­рады.
Мал дәрігерлік қызмет көрсету бекетін салдырып, алғаш рет Атырау өңірінде ғылыми негізде мал дәрігерлік қызмет көрсетудің негізін қалады. Қыз­мет бабымен көбінесе ел аралап, ауылдарға келіп, малды бағып күту, мал арасындағы жұқпалы аурулардан сақтандыру, алдын алу шаралары туралы мақала жазып отырған.
Ғ.Бердиев 1917 жылы 21-26 шілдеде Орынборда өткен жалпы қазақ съезіне Орал облысынан өкіл болып қатысады. 1918 жылы тамызда Алаш партиясының Батыс аймақтық съезі өтіп, аймақтық басқару комитеті төрағалығына белгілі заңгер Жаһанша Досмұхамедов, орынбасарлығына Халел Досмұхамедов сайланады. Олар Батыс Қазақстан­ның әр жерінде Алаштың жергілікті аудандық ко­ми­теттерін құра бастады. Осындай жергілікті комитет 1918 жылдың күзінде Қызылқоға, Ойыл өңірінде құрылып, Халелдің тікелей шақыруымен Ғұбайдолла уездік мал дәрігерлік жұмысын тастап, Атырау облысының Қызылқоға ауданында болыстық қыз­мет атқарған. Ол 1922 жылы 39 жасында қайтыс болады.
Ғұбайдолла көрмей кеткен бүкіл қазақтың бетке ұстар зиялы азаматтарын, олардың туған-туысқандарын жаппай қуғын-сүргінге салған, 1936-1938 жылдардағы репрессияны оның туған інісі Жайлаш көрді. Өзіне төнген қауіпті алдын ала сезіп, ағасының көптеген қолжазбаларын, мақала­ларын, іс-қағаздары мен суреттерін киізге орап, далаға тығып тастаған. Ал ұрпақтарына келетін болсақ, Ғұбайдолладан Жаниха, Мұхтар, София атты ұл-қыздары дүниеге келген.
Жаниха 1990 жылы 79 жасында қайтыс болды. Ал ұлы Мұхтар 1916 жылы туған. 1937 жылы Гурьев (Атырау) педучилищесін бітіріп, №16 ауыл «Тегісшіл» орта мектебінде мұғалім, кейін мектеп директоры болып жүріп, 1942 жылы сәуірде соғысқа кетіп оралмады. Мұхтардан ұрпақ қалған жоқ.
София педучилищені бітіріп, 1946 жылға дейін Дос­сор поселкесіндегі қазақ орта мектебінде мұға­лім болып, 1949 жылы ұзақ науқастан қайтыс болады.
Алаш ұлдарының туған халқы – қазақ үшін қайыс­пай, қайсарлықпен, қажырлықпен жасаған еңбегінің, күресінің нәтижесі, жемісі. Ақтық демі таусылғанша Алашқа қызмет етуді алтын басынан жоғары қойған зиялылардың өмір жолы мен қызметі, бір-біріне адалдығы мен ел үшін еткен ең­бегі әрбір қазақ баласына өлмес өнеге. Олардың ешбірі болашақта атақ пен даңққа бөлену үшін емес, «Алаш» үшін аянбайық деген аяулы азаматтар. Олардың әрбірін дәріптеу мен құрметтеу - Тәуелсіз­дікке, қазақ халқына деген шексіз құрмет екені хақ. Сондықтан бүгінгі жас ұрпақтың отансүйгіштігі мен елжандылық сезімін қалыптастырып, тарих ақтаңдақтарын ұмытпауға тәрбиелеу – біздің мұра­жайдың алға қойған негізгі мақсаттарының бірі.
Бүгінде Атырау облыстық тарихи-өлкетану мұражайы қорында Ғ.Бердиевтің Қазан вете­ринарлық институтын бітіргендігі жөніндегі дипломы және сабақ үлгерімі туралы куәлік көшірмесі, жеке фотосуреті және оның ұрпақтарының фо­то-с­урет­тері, заттай бұйымы, кілемшесі сақталған. Бұл жәдігерлері уақытша көрмелерден орын алып, есімін жас ұрпаққа насихаттау үшін тарихи-та­ғы­лым­дық сабақтар барысында пайдаланылып келеді. Сондай-ақ, болашақта Ғ.Бердиевтің есімін ел есінде сақтау үшін туған жерінде елді-мекенге не­месе мектеп, көше атауына есімі берілсе, бұл кейінгі ұрпақтың көрсеткен құрметі болар еді.
Сөзімдің қорытындысын Ә.Бөкейханның мына қанатты сөзімен аяқтағым келеді: «Әр ұрпақ өзіне артқан жүкті жетер жеріне апарып тастауы керек». Аға ұрпақ өздеріне артқан жүкті жетер жеріне толық апарды. Алаштың атымен ұлы іс бастаған оның қай тұлғасы да құрмет пен марапатқа әбден лайық. Біздің құрметіміз бен марапатымыздың белгісі – олардың ұлт алдындағы еңбектерін бағалау, оны ұрпақтың рухани уызына айналдыру. Бұл – өзіміздің ұлттық санамызды қалыптастыру, ел алдындағы перзенттік парызымызды орындау, ұрпағымызға ұлағат дарыту болмақ. Басты міндет Қазақстанды алдыңғы елдердің қатарына қосып, тәуелсіздігіміздің тұғырлы болуына үлес қосу. Тарихқа тағзым, өткенге ғибадат – Отанға, туған жер­ге деген құрмет. Алашордалықтардың ұлы жол­да­ғы арқалаған аманат жүгінің, халқына жасаған қайы­рымды ісінің жалғастырушысы – Сіздер мен біздер.

Айгүл Рамазанова,
Атырау облыстық тарихи-өлкетану
мұражайының ғылыми қызметкері.
"Қазақ әдебиеті" газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5340