Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3059 0 пікір 25 Қараша, 2013 сағат 05:14

Дархан Мыңбай. Мұраты биік музей

Тарих – өткеннің сабағы, алдағының кейінгіге өнегесі.
Н.Назарбаев.

Бүгінгі жаһандану заманында Қазақстан Республикасы үшін Ота­нымыздың мем­ле­кетшіл тарихы мен айбарын, тәуелсіздікті тұғырлы ету жолындағы батыл шешімдер мен істерді жаңашыл мәдени-танымдық пішімде жеткізу айрықша маңызды, мейлінше ділгер, өте жауапты тақы­рыпқа айналып отыр.

Әлемдік жаңғыру аясында елімізді және оның жүрегі – Астананы дамыту мен өркендету Елбасымыздың жіті қадағалауында тұрғанын жақсы білеміз. Сондықтан Қазақстанның әрбір азаматы, әрбір мемлекеттік қызметкері осы елдік жауапкершілікті терең сезініп, ел мәдениетінің одан әрі жетілуіне аянбай үлес қосуы қажет деп санаймыз.

Еліміздің даму басымдықтарын нақты айқындап берген Президент Н.Ә.Назарбаев өңірлік және әлемдік экономикалық дағдарыс өршіп тұрған кезеңде халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету, жұмыспен қамту, елдің әл-ауқатын түзеу, халықаралық беделін арттыру міндеттерімен қатар болашақтың кепілі ретінде тарихымызды танып-білу мен зерделеу, оларды Тәуелсіздік құндылықтарымен сабақтастықта қарау қажеттігіне айрықша көңіл бөлді.

Бұл отаншылдық үдерістерге серпін беріп, тарихы терең Қазақстан Республикасын және өзімізді құр­мет­теуге жол ашты. Еңсеміз кө­теріліп, ха­лықтық қалпымыздың сапасы артты.


Тарих – өткеннің сабағы, алдағының кейінгіге өнегесі.
Н.Назарбаев.

Бүгінгі жаһандану заманында Қазақстан Республикасы үшін Ота­нымыздың мем­ле­кетшіл тарихы мен айбарын, тәуелсіздікті тұғырлы ету жолындағы батыл шешімдер мен істерді жаңашыл мәдени-танымдық пішімде жеткізу айрықша маңызды, мейлінше ділгер, өте жауапты тақы­рыпқа айналып отыр.

Әлемдік жаңғыру аясында елімізді және оның жүрегі – Астананы дамыту мен өркендету Елбасымыздың жіті қадағалауында тұрғанын жақсы білеміз. Сондықтан Қазақстанның әрбір азаматы, әрбір мемлекеттік қызметкері осы елдік жауапкершілікті терең сезініп, ел мәдениетінің одан әрі жетілуіне аянбай үлес қосуы қажет деп санаймыз.

Еліміздің даму басымдықтарын нақты айқындап берген Президент Н.Ә.Назарбаев өңірлік және әлемдік экономикалық дағдарыс өршіп тұрған кезеңде халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету, жұмыспен қамту, елдің әл-ауқатын түзеу, халықаралық беделін арттыру міндеттерімен қатар болашақтың кепілі ретінде тарихымызды танып-білу мен зерделеу, оларды Тәуелсіздік құндылықтарымен сабақтастықта қарау қажеттігіне айрықша көңіл бөлді.

Бұл отаншылдық үдерістерге серпін беріп, тарихы терең Қазақстан Республикасын және өзімізді құр­мет­теуге жол ашты. Еңсеміз кө­теріліп, ха­лықтық қалпымыздың сапасы артты.

Нұрсұлтан Әбішұлының бастама­сымен өмірге келген «Мәдени мұ­ра» бағдарламасы кең байтақ елі­міз­дің қойнауында зерттелмеген, ұмы­тылған ғажайып археология жәді­герліктерін табудың, халықтың бай рухани құндылықтарын зерделеудің, мұраны зерттеудің жаңа жүйесін қалыптастырудың, табиғи-мәдени және сәулет ескерткіштерін қалпына келтірудің, дүниежүзілік ғылым, мәдениет, әдебиет жетістігіне негіз­делген гуманитарлық ғылымның то­лыққанды қорын құрудың негізіне айналды.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қа­зақ­стан-2050» Стратегиясында: «Біз өзіміздің ұлттық мәдениетіміз бен дәстүрлерімізді осы әралуан­дығы­мен және ұлылығымен қосып қорғауымыз керек, мәдени игі­лі­гі­мізді бөлшектеп болса да жинас­тыруы­мыз керек. Елдің дұрыс таңдап алынған бағыты арқасында біз көптеген биіктерге – бүк­песіз ашық саясат жүргізуге, Қазақстанға ға­на тән экономикалық даму жо­лына, игілікті әлеуметтік рефор­маларға – біздің мемле­ке­ті­мізді айнытпай тануға игі ықпалын тигізіп отырған табыстарға қол жеткіздік. Бі­рақ басқа бір қабат – нәзік және сонымен бірге қыртысы қалың – рухани қабат бар, Қазақ­стан – тамыры терең жайылған ұлы тарихы бар ел екенін көрсете және дәлелдей отырып, дүниежүзілік аренада біз елімізді осы қабат арқылы паш етеміз» деп атап көрсетті.

ХХ ғасыр мен ХХІ ғасырдың тоғы­­сында қол жеткізген егемен­ді­гіміздің айшықты нышаны ре­тін­де, мемлекеттілігіміз бен елдік ұста­нымымыздың айнымас қағидаты ретінде жаңа әлемдегі жаңа Қазақ­станның бай тарихын, баянды дәстүрін таныстыру үшін Елбасының тапсырмасы бойынша елордамыз – Астанада Ұлттық музей бой көтерді. Сәулеті асқақ, мұраты биік музей! Құрылысы аяқталуға жа­қын. Енді мазмұны да соған лайық болғай деп, жұрт болып жұмылып жатқан жайымыз бар.

Музей – өткен уақытпен жүздесе отырып, бүгінгі өмірге тарих парасатымен қарайтын орын. Бұл ғасырлар таңбасы мен табы қал­ған жәдігерліктер мен заттарға ой көзімен қарау­дың, заманалар айнасына қарап ел мен елдік жолын пайымдаудың айрықша мүмкіндігі дер едік.

Әрбір зат өз бойында адам мен адамзаттың, жалпы алғанда, рухани байлығын, нақтылай келгенде, ойын, талғамын, шеберлігін, түсі­нігін сақтайды. Ұлттық музейде осы ұстаным жаңа қырынан көрінбек. Келушінің көз алдынан Асан-Қайғы іздеген Жерұйықтан Тәуелсіздік Жерұйығына дейінгі соғыс пен бейбітшілік, жосу мен жиналу, төң­керіс пен тұрақтылық, қуғын-сүр­гін мен саяси жаңғыру, тоқырау мен жа­сампаздық уақыт пен кезең, ғасыр­лар мен дәуірлер аясында тізіліп өтуі тиіс. Сондай-ақ, бүгінгі сауатты оқыған үшін кез келген жәдігерлік өзінен-өзі сөйлеп қоя бермейді. Оны сөйлететін – экспозициялық шешім мен бүгінгі технологиялық шеберлік.

Ұлттық музей алдында қиын да жауапты міндет – ежелгі тас дәуірінен бастап бүгінге дейінгі Қазақстан тарихын Тәуелсіздік пен жалпыадамзаттық құндылықтар талғамы мен талабы тұрғысынан көрсету. Қазіргі уа­қытта барша елдік мәселені білім мен ғылым тұрғысынан байыптау қа­жеттігі туып отыр. Ұлттық музей де осы ұстанымды басшылыққа алады.

Бұл музей мәдениетке ынтызар қау­ымға жәдігерліктерді қаз-қал­пында көрсетіп, мол ақпарат беретін жетекші ғылыми, көркемөнер және тарихи орталықтың біріне айналады. Әлбетте, музейді құрып, қалыптастыру маманнан кәсіби адалдық пен шеберлікті талап етеді, оған сауатты да сауапты жұмыс істеуді жүктейді. Ал дүниеде бәрі де өзгеретінін, заманның құбылатынын ескерсек, уақытпен үндесіп, үйлесетін, өз дәуірінің тілінде «сөйлеп» тұратын экспозициялар жасақтау классикалық музейлердің бәрінің бірдей қолынан келе беретін шаруа емес екені де аян.

Музейге қоғамдық сананы қалыптастыруға едәуір дәрежеде ықпал ететін зерде институты ретінде қарау да орынды. Қазіргі заманда музейлер өз жұмысын толыққанды атқару үшін қызметін ғылыми жетіс­тіктерімен, жаңа әдістермен, технологиялармен байытуы тиіс. Бұл ретте ғасырлар бойы қалыптасқан осы саланың дәстүрін мұқият сақтау, мемлекеттік мүддені алтын арқау ету – маңызды қағидат дер едік.

Рас, Қазақстан музей қалыптасты­ру ісінен құралақан емес. Сөйте тұра, жаңа заманның туындысы – Ұлттық музей несімен ерекшеленеді? Біріншіден, мұнда қазіргі заманның жоғары технологиялары қолданылатын болады. Олар жәдігерлердің ерекшелігі мен айрықша тарихи орнын халыққа орнықты, тиімді, нақты көрсетеді. Көне заман мен орта ғасырлар мұрасы табиғи үйлесімділікпен жаңғыратын болады. Екіншіден, этнография, ұлттық қолданбалы өнер, мүсін, көркемсурет, кескіндеме тарих пен қазіргі заман талғамы аясында астасып, сабақтасқан, тұтасқан рухани дүниеге айналады. Кіре берістен төрге дейін салтанат пен рәсім сипаты айқындала түседі. Үшіншіден, мұнда мәдениет пен ғылым, мемлекетшілдік сана мен елдік тәлім-тәрбие, отаншылдық пен жасампаздық бір арнаға тоғысатын болады.

«Бірлік, ынтымақ, тұтастық – Қазақ­станның арғы-бергі тари­хының ең ғибратты тағылымы осы!» деген Елбасының сындар­лы сөзі Ұлттық музейдің тұғырнамасын айқындайды.

Музей – уақытша немесе нау­қан­дық дүние емес, ол ғасырларға есептеліп салынады. Әр ел мұражайын ұқыпты түрде бір ұрпақтан екінші ұрпаққа ауысатынын ескеріп, са­бақтастықты ескеріп тұрғызады, құрады, жасақтайды. Осы тұрғыдан келгенде Ұлттық музейдің бүгіні айқын, болашағы зор деп ойлаймыз. Әрине, белгіленген мерзімде біз музейді ашармыз, алғашқы экспозицияларымызды келушілердің назарына ұсынармыз, ал содан соң музейдің күнделікті тыныс-тіршілігі, музей қорларын жинау, ғылыми-зерттеу, сақтау, көрсету, қалпына келтіру, ал ең бастысы толықтыру жөнінде жанқиярлық жұмыс қалай жүреді? Бұл тұста да мамандар болып кеңесетін, ел болып ақылдасатын жайттар аз емес. Дәлірек айтсақ, тұрақты ко­мис­сия, жүйелі кеңес, ғылыми-әдіс­темелік, сараптамалық құрылым, маман даярлау мен біліктілікті артты­рудың негіздері, тетіктері т.б. аса қажеттіліктер ескерілетін болады.

Музей мәртебесі сақталатын экс­понат­тардың құндылығымен, маңы­зымен, дара­лы­ғымен айқын­да­латынын ескерсек, қор­ларды то­лықтыру мін­деті әлденеше рет қиын­­дай түседі. Рас, мемлекет көмек­те­седі, мүм­кін­дігінше қаржы­лан­дырады, бірақ бұл экспонаттар­ды сатып алудың, түрлі экспеди­ция жасақтаудың, ғы­лыми-зерттеу жұмысын жүргізудің ғана жолы болмауы тиіс. Бұл ке­шен­ді жұмысты ынталандыру мен жүйе­леудің, барды ұқсатып, елге де, шетелге де танытудың, сол арқылы Қазақ­станның өз үні, өз жолы және ай­рықша тарихы бар мемлекет екенін көр­сетудің жөн-жобасы болады деп сенеміз. Осы бағытта жұмыс істейміз де.

Бұл ретте дүниежүзі музейлері тәжірибесін де ескерген абзал. Мәселен, Британия ұлттық музейінің негізін жеке адам (дәрігер әрі натуралист) сэр Хенс Слоун қалағаны белгілі. Ол 1751 жылы ағылшын парламентіне өзінің қымбат ғылыми коллекциясын 20 мың фунт стерлингке сатып алуды ұсынған. Музей құруға ұйытқы болған осы коллекцияны Британия парламенті сатып алған. Рас, бұл үшін лоторея ойнатуға тура келген, соның нәтижесінде қажетті сома жиналған. Одан кейін де жеке адамдардың қайырымдылығы мен жомарттығы болмаса, сірә, Британ музейі бүгінгідей деңгейге жете алмас еді.

Американың Метрополитен музейі де қисапсыз көп секцияларды қамтитын өнер заттарының бірегей жинағы деуге келеді. 100 жылдық торқалы тойы қарсаңында (1970 жылы) бұл музей көрнекті тұлғалардан қомақты сыйлықтар алды. Мысалы, губернатор Нельсон Рокфеллер марқұм перзенті Майклдың құрметіне Океания, Африка, Оңтүстік Америка халықтарының өнерін қамтитын «Қарапайым өнер музейінің қорын» сыйға тартты. Ал Метрополитен музейі басқармасының мүшесі Роберт Леман өзі мұқият сақтаған айрықша тарихи-танымдық жинақты тарту етті.

Әйгілі Луврдың негізін корольдің отбасы мен ақсүйектердің мемлекет меншігіне алынған коллекциялары қалады. Наполеонның олжа заттары да осынау атақты (сол кезде оның атымен аталатын) Париж музейінің жинағын байыта түсті. Әрі қарай музей де жеке адамдардың қайырымдылығы мен жомарттығы есебінен толығып отырды.

Осы ретте Фаберже коллек­ция­сының қызықты тарихын айта кеткен орынды. Кезінде Нью-Йорк алпауыты Форбс Фаберже императорларға сыйланған әшекей жұмыртқаларды жинауға әуестеніпті. Кейін оның мұрагерлері зергер туындыларын аукционға қоймақ болады. Бірақ сауда-саттық басталғанға дейін коллекцияны Ресей мәдени-тарихи қорының құрылтайшысы В.Вексельберг сатып алады. Осылайша атақты «Фаберже жұмыртқалары» Мәскеуде қалып қойған.

Мстислав Ростропович пен оның зайыбы Галина Вишневскаяға тиесілі өнер заттарының бай коллекциясын бизнесмен А.Усманов «Сотбис» сауда үйінде өтуі жоспарланған аукционға бір күн қалғанда толық сатып алған. Бұл жолы да тарихи әділеттілік қалпына келтірілді, баға жетпес жәдігерлер халық игілігіне айналды.

Соңғы уақытта аса ірі қайы­рым­дылық істі барселоналық бизнесмен Хосе Луис Варез жасады. Ол Прадо музейіне орта ғасыр мен қайта өрлеу дәуіріндегі испан суретшілерінің 12 шығармасын тарту етті. Құнды мұраның ішінде «Тобед мадоннасы» бар. Суретші Хайме Серраиге телінетін бұл туынды 1359 жылы салынған. 1993 жылы қасақана жарылыстан зардап шеккен Уффица галереясындағы Ренессанс өнерінің ең бай коллекциясы қатарындағы 200 шығармасы жеке адамдардың қайырымдылығы есебінен қалпына келтірілді.

1920 жылы сыншы, жазушы, коллекционер Феликс Ясенский Краковтағы Ұлттық музейге жапон өнерінің 6500-ге жуық заттық туындысынан тұратын өз коллекциясын сыйлады. Бұл аз десеңіз, поляктың театр және кино режиссері Анджей Вайда 1987 жылы кинематографиялық Киото сыйлығының қаржысын түгелдей Краковта «Жапон өнері музейін» құруға жұмсады. Осы музейге негіз болған жәдігерліктер екінші дүниежүзілік соғысқа дейінгі жәшіктерде шаң басып жатқанын айта кету керек. Бұл істе Жапония да қарап жатпады: осы елдің теміржолшылар кәсіподағы аталған музей үшін миллион доллар қаржы бөлді. Жобаны жапон сәулетшісі Арата Исодзаки тегін жасап берді. Міне, осынау істерді елдік іс, өзгеге тағылым берер өнеге деп толық айта аламыз.

Музей ісі өркениетті жолға қойыл­ған АҚШ-та билік органдары мәде­ниет саласына барынша аз қаржы жұм­сайды. Неге? Қалайша? Бұл елде салық салынбайтын мәдениетті қолдауға қомақты қаражат беретін демеушілер, меценаттар бар.

Еуропада мәдениет бизнестің қанаты астында болуы қалыпты құбылысқа айналған. Мұнда мәдени мекемелердің 30 пайызға жуығы жеке демеушілердің ақшасына жұмыс істейді. Нарықтың құлағында ойнайтын Еуропа демеушілері мәдениетті қолдау арқылы атын да шығарып, қазақ айтатын «ынсап сайын – берекені» де ойлайтыны байқалады.

Жоғарыдағы мысалдарды біз, әрине, өнеге алу үшін айттық. Бұл ұлттық істі баянды ету жолында, өркениетті бүгінмен жалғау жолында азаматтық отаншылдық пен бизнестің қалай ұштасқанын айқын көрсетеді.

Айтпақшы, солтүстік көршіміз – Ресей Федерациясында «Филантропия, меценаттық және волонтерлық туралы» заң қабылданған. Бұл музей­лердің жағдайын түбірінен өзгертеді деп кәміл сеніммен айтуға болады. Мемлекет тарихын тану мен танытуға игілікпен үлес қосатын адамдар жөнінде мемлекеттің ұста­нымы осы заңда нақты жазыл­ған. Біз Ресей мәдени дамуын өте жақсы білеміз. Себебі, бұл мәде­ни үдерісте Қазақстанның да, қазақ тұлғаларының да үлесі бар. Мы­салы, Шоқан Уәлиханов заманынан үлкен қалалардағы музей мен кітапханаларға, архивтерге біздің көзі ашық тұлғаларымыз жәдігерліктер, қолжазбалар, кітаптар тапсырып отырған.

Қазіргі кезде Қазақстан эко­но­микалық тұрғыдан да, мәдени тұр­ғыдан да жаңашыл, талапшыл әлеу­етті жаңа мемлекет ретінде қалып­тасты. Еліміздегі қолайлы инвес­тициялық ахуал, шетелдік капиталдың қатысуымен ашылған бірлескен кәсіпорындар мен ұлттық компаниялар Отанымыздағы береке-бірліктің баяндылығын көрсетеді. Халқымызда «Саясы жоқ сайдан без, қайырымы жоқ байдан без» деген нақыл бар. Қазақстанда дәулет пен қайырымдылықтың мәдениетке сеніммен, шындап бет бұратын кезі әлдеқашан келді.

Еліміздегі дәулетті компания­лар – қаржылық жағдайына нұқ­сан келтірмей-ақ музей қор­ларын толықтыруға қатыса алатын құры­лымдар деп білеміз. Қайы­рым­дылықтың жолы көп: демеушілік көмек (меценаттық), қаржы және ақыл жәрдемі (Қамқорлық кеңес), шынайы тілектестік (Музей достарының клубы) және т.б.

Бұл – бүгін мен келешекке арналған құндылықтарды, қа­сиет­терді еселеуге және сақтауға үлес қосқан компанияны, ұйымды, жеке тұлғаны ұрпақтар зердесінде сақтап қалудың тамаша тәсілі. Осы мәселені бұқаралық ақпарат құралдары ұмыт қалдырмай, жүйелі түрде насихаттаса деген тілегіміз де бар.

Осы арада жеке коллекциялар мен коллекционерлер жайында бірауыз айта кеткен жөн. Дәулетті кез келген адам өнер заттарын коллекциялау, жинақтау сияқты өз сұранымын қанағаттандыру мен өзін танытудың қалаған түрімен айналыса алады. Бірақ, өкінішке қарай, мұндай қызығушылықты қазір ешқандай заңнама реттемейді. Сондықтан мұның коллекционер үшін де, жалпы қоғам үшін де зиянды жағы көп. Осындай коллекциядағы заттардың шартты болсын тізімі жоқтығы, тіркелмеуі, тиісті салықтан айналып өтуі коллекционерді ғана емес, мемлекетті опындыратын жағдайларға әкелуі мүмкін. Заң – тәртіп пен жүйені сақтағаны немесе сақтайтыны үшін де заң. Бұл болмағаннан кейін көздің қарашығындай ұстауға тиіс жәдігерліктеріміз қай шекараны, қай елді асып жатқанын біле алмаймыз.

Құнды заттарды сатып алудың заңсыз жолдары, ел үшін орасан маңызы зор мәдени қымбат коллекциялардың тиісті дәрежеде сақталмауы, коллекцияланатын заттар тізбесінің заңнамалық актілермен реттелмеуі – жаңа заманда қоғамды да, қауымды да, адамды да әбігерге салатын жағдайлар. Қаржылық дағдарыстардан сақтану, сақтандыру қазіргі әлемдегі стандартты ресім болса да, тарихи құнды заттардың иесі саналатын коллекционерлер осы сияқты ресімді көбінесе елеп-ескере бермейтінін айта кеткіміз келеді.Қысқасы, отандық коллекционерлеріміздің тірнектеп жинағаны әп-сәтте көзден бұлбұл ұшуы мүмкін. Сондықтан бұл мәселеге заңнамалық аяда қарап, «Жеке коллекциялар туралы» заң қабылдау қажет деп ойлаймыз.

Қазақстан музейлері де өз қыз­метін реттеп отыратын толыққанды құжатты қажет етеді. Біздің музей саласындағы мәселелеріміз еліміздің «Мәдениет туралы» Заңында ішінара ғана көрініс тапқан. Бұл да, біздің пікірімізше, музейлердің барлық проблемасын шешуге мүмкіндік бермейді. Ал елде мемлекеттік, ведомстволық және жеке музей­лердің болуы, әрине, осы мекемелер жұмысының толық ауқымын реттейтін заңнамалық актіні әзірлеуді күн тәртібіне шығарады.

Қазіргі жағдайда мәртебесі мен заңдық қорғалуы мардымсыз музейлердің көптеген құнды заттары мемлекет назарынан тыс қалып қойып отыр. Мұндай мекемелердің кімге тиесілі екеніне қарамастан, экспонаттарды есепке алу, сақтау, олардың айналымын, қозғалысын, басқа да регламенттерін стандартты нұсқаулықтар мен құжаттардың негізінде жүргізу – отандық мәде­­ниет­­тің бақылаудағы және қамқор­лықтағы ортақ ісіне айналуы тиіс. Дәлірек айтқанда, музей мәселесіне бірыңғай сауатты көзқарас қажет.

Қазір «Қазақстан Республикасы Ұлттық музей қоры туралы» Ереже бекітіліп, осы бағытта жүйелі жұмыс қолға алынды. Қазақстан халқының табиғи-мәдени мұрасын сақтау, оны арқаулық орталықта есепке алу, жасақтау, зерттеу және пайдалану осы ереже негізінде жүзеге асырылып келеді.

Музей – тарих, музей – тағылым. Мұны Елбасы сөзімен байыптасақ: «Тарихтың тағылымы бізден ел қамын ойлар естілікті тілейді».

Ғасырлар бойы жиналған ұлт пен ел игілігі келешек ұрпаққа мұрты бұзылмай, жүйеленіп, айшықталған күйінде жетуге тиіс. Бүгінгі күніміз ертең-ақ тарихқа айналады. Ол тарихта жаңа заманды бастаған серпінді Қазақстанның мәдени талғамы мен парасаты биік көрінуі керек. Осылай деп сенеміз және осы жолда аянбай еңбек етуіміз қажет.

Қазақстан өзінің жаңа дәуірін бас­тап кетті. Мың күнге татитын күндер мен жүз жыл­ға татитын жылдардың шежі­ресі дәл қа­з­ір жазылып жатыр. Осыны ұмыт­па­ға­ны­мыз ләзім.

Дархан МЫҢБАЙ,
Қазақстан Республикасы
Ұлттық музейінің директоры.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5354