Форум: «Мемлекеттік-жекеменшік əріптестік: заңнамалық аспектілер жəне даму келешегі»
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2013 жылдың 24 маусымындағы №176 қаулысымен «Маңғыстау облысының өңірлік мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығы» АҚ құрылды. Оның басты мақсаты – Маңғыстау облысындағы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобаларын дамытуға жәрдемдесу.
Жуырда осы аталған орталықтың мұрындық болуымен «Мемлекеттік-жекеменшік əріптестік: заңнамалық аспектілер жəне даму келешегі» атты форум өтті. Оған қала жəне аудан əкімдерінің орынбасарлары, мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың, оқу орындарының басшылары, облыстық жəне қалалық мəслихат депутаттары қатысты.
Форум басталар бұрын БАҚ өкілдеріне «Өңірлік мемлекеттік-жекеменшік əріптестік орталығы» АҚ басқарма төрағасы Звира Есбергенова брифинг өткізіп, əріптестіктің басты қызметтері мен міндеттерін тарқатып айтып берді.

– Мемлекеттік-жеке меншік əріптестік жобаларын жүзеге асыруда ең алдымен халыққа сапалы қызмет көрсету мен олардың əл-ауқатына мəн беріледі. Сондықтан Маңғыстаудың даму бағдарламасының аясында жұмыс істейміз. Облыстың халық саны өсуде. Сондай-ақ елімізде бала туу көрсеткіші бойынша Маңғыстау бірінші орында тұр. Бұл өте қуантатын көрсеткіш, бірақ аймақта бүлдіршіндерге бала-бақша мен мектептер жетіспейтіндігі алаңдатады. «Балапан» бағдарламасы шеңберінде соңғы үш жылда жабылған бала бақшалар қалпына келтіріліп, жаңа мекемелер ашылды. Бірақ ол жеткіліксіз. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін мемлекеттік-жекеменшік əріптестік бастамасымен білім басқармасымен бірге «Ақтау қаласында балабақша кешенінің құрылысы» жобасы қарастырыла бастады. Сонымен қатар инновациялық мектеп құрылысы бойынша жобада қаралып жатыр,-деді З.Есбергенова.
«Қазақстандық мемлекеттік-жекеменшік орталығы» АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі Жанар Тайжанова жоспардағы концессиялық жобаларды атап өтті:
– Ақтау қаласында қазіргі заман талаптарына сай автовокзал мен темір жол вокзалды салу жобалары бізден оң қорытындысын алған. Енді осы екі жоба бойынша конкурстық құжаттары дайындалып, əрі қарай конкурс ұйымдастырылады,-деді ол.
Жоба бойынша Ақтауда автовокзал салынса, Маңғышлақ пен Баутин арасына темір жол желісі
тартылмақ. Одан басқа денсаулық сақтау саласы бойынша 300 төсектік көпсалалы аурухана мен 500 орындық қалалық емхана салу жобасы салалық сараптаманың оң қорытындысын алған. Алдағы уақытта барлық концессиялық жобалар жүзеге асады деп күтілуде.
Форум соңында қатысушыларға мемлекеттік-жекеменшік əріптестіктің заңнамалық аспектілері мен даму перспективалары түсіндірілген соң, «Мемлекеттік-жекеменшік əріптестік орталығы» АҚ басқармасы меморандумға қол қойды.