Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3400 0 пікір 18 Желтоқсан, 2013 сағат 06:49

«Түркуаз» түйені түгімен жұтып жатыр

Жақында Нұркен АЙНАБЕКОВ есімді  азамат бізді іздеп келді. Мақсаты – мемлекеттің құқық қорғау органдарынан іздеген әділдігінің жолы кесіле берген соң, БАҚ өкілдері арқылы билік пен халық арасында аңыс туғызу екен. Сол арқылы заңсыздықтың батпағына батып, желге ұшып жатқан мемлекеттің  миллиардттаған ақшасы мен құқы тапталған  жеке азаматтарға араша сұрау.

Кәсіпкер  бұдан  бұрын «Ұлт.кз»  порталында  осы заңсыздықтар туралы  «Ақордадан әділдік іздеген кәсіпкер»  және  «Ел басқарып отырған қазақтарың сендерді аяп жатқан жоқ, мен неге аяуым керек?» деген  тақырыптармен хаттары жарялапты. «Жебе» газетінде ««TURKUAZ CONSTRUCTION» - НЫҢ ЗАҢСЫЗДЫҚТАРЫНА ТОСҚАУЫЛ БОЛА МА?» деген атпен сұхбаты да жарық көріпті.  Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлынан араша сұраған кәсіпкер  жанайқайының Президентке жетпей жол ортада қалуы бәрімізді қынжылтты.

Төменде әділдік іздеген кәсіпкер Нұркен Айнабековпен болған сұхбатты жариялап отырмыз.

 

 «Қазақтар – мал» деп Қазақстанда тайраңдап жүр

Жақында Нұркен АЙНАБЕКОВ есімді  азамат бізді іздеп келді. Мақсаты – мемлекеттің құқық қорғау органдарынан іздеген әділдігінің жолы кесіле берген соң, БАҚ өкілдері арқылы билік пен халық арасында аңыс туғызу екен. Сол арқылы заңсыздықтың батпағына батып, желге ұшып жатқан мемлекеттің  миллиардттаған ақшасы мен құқы тапталған  жеке азаматтарға араша сұрау.

Кәсіпкер  бұдан  бұрын «Ұлт.кз»  порталында  осы заңсыздықтар туралы  «Ақордадан әділдік іздеген кәсіпкер»  және  «Ел басқарып отырған қазақтарың сендерді аяп жатқан жоқ, мен неге аяуым керек?» деген  тақырыптармен хаттары жарялапты. «Жебе» газетінде ««TURKUAZ CONSTRUCTION» - НЫҢ ЗАҢСЫЗДЫҚТАРЫНА ТОСҚАУЫЛ БОЛА МА?» деген атпен сұхбаты да жарық көріпті.  Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлынан араша сұраған кәсіпкер  жанайқайының Президентке жетпей жол ортада қалуы бәрімізді қынжылтты.

Төменде әділдік іздеген кәсіпкер Нұркен Айнабековпен болған сұхбатты жариялап отырмыз.

 

 «Қазақтар – мал» деп Қазақстанда тайраңдап жүр

- Жалпы ««TURKUAZ CONSTRUCTION» деген қандай компания, директоры  кім?

- «TURKUAZ CONSTRUCTION»ЖШС-нің  түрлі салада жұмыс жүргізіп отырған Түркияның шекара асқан алпауыт компаниясы саналады. Директоры -  Зеки Пилге. Қазақстанға 1992 жылдары 10.000 АҚШ долларымен кірген, 2009 жылы Ресейден қуылған әрі «орыс мафиясы»  жағынан Стамбулда  серіктері оққа ұшып, өзі жараланып, Ресей азаматтары тарапынан жазасын алып, коляскаға отырғызылып, Ресей аумағына кірмейтін болған. Бұл мәліметтерді Зекидің екі көмекшісі Танер Шахин мен Рафет Кан деген азаматтар айтты және Түрік газеттерінің барлығы Туркуаз басшысын алаяқтығы үшін жазалаған орыс мафиясы деп жазды. Сол екі азаматтың айтуынша, Зеки Пилге  Санкт-Петербургте жұмыс істеген екен. Газ құбыры ма,  су  құбыры ма, әйтеуір  құбыр тартуға байланысты жұмыс алыпты. Бірақ, тапсырысты орындамаған. Орыстар  оған ашуланып біраз талаптар қойыпты. 2009 жылы Зеки Пилге ресейліктермен келіссөз жасауға ұмтылады. Бірақ, келіссөздер тұйыққа  тірелген соң, Стамбулға қашады. Алайда, ресейліктер  оны біліп қойып, Стамбулға қуып барып атқан екен. Нақты қанша ақшаға алаяқтық жасағаны белгісіз. Әйтеуір сол «Қызметі» үшін аяғынан айырылып сал болып отырғаны белгілі.

- Олар  Өзбекстан мен Қырғызстаннан да қуылған ба?

- Иә, Өзбекстаннан 2010 жылы қуылған. Өбекстанда алтын қазу, өңдеу және сату жұмыстарымен айналысқан. Кейін компаниядағы өзбектердің барлығын жұмыстан шығарып, мемлекеттің  ұлттық мүддесіне тікелей көп мөлшерде зиян келтіргендігі үшін Өзбек билігі жағынан аласталған. Ал қырғыздар 2012 жылы ««TURKUAZ CONSTRUCTION» ЖШС-інің Қырғыз аумағында жұмыс жасауын шектеді, жұмысшыларының барлығы бастарын әрең алып, Алматыға қарай қашты. Міне, осылайша көршілермізден қуылған алаяқ компанияның Қазақстанның аумағында еркін тайраңдауы мен қазақтардың намысын таптап, мемлекеттің ақшасын шашып жатқаны жанымызға батады.  Ал осыншама заңсыздықтарды көре тұрып, сот орындары мен мемлекеттік басқа да  құқық қорғау орындарының үнсіз қалуы, тіпті жазған арыздарға жауап бермеуі көңілге қаяу келтіреді.  Бұл шындықтарды да Президентіміз білмейтін болса керек.

 

Мұражай құрылысы – «Түркуаздың» ойыншығы, жемқорлардың жемі болып отыр»

- Сіз жаңа Астанада салынып жатқан орталық музейдің төңірегінде болып жатқан жемқорлықтар туралы айттыңыз. Оны қалай түсіндіресіз? Дәлелдеріңіз бар ма?

- Ол туралы онда істеген азаматтардың жартысынан астамы біледі. Бізде де нақты дәлелдер бар. Біз ол туралы арнайы Құрылыс экономикалық сараптама  жасатқанбыз. Елбасының тапсырмасымен салынып жатқан Қазақстан тарихы мұражайының құрылысына біздің пысықайлар  құрылыс саласында ешбір тәжірибесі жоқ «Туркуаз»  компаниясын  тартты. Ол жерде үлкен заңсыздық жасалған. Біріншіден, еліміздің заңдары бойынша  бірінші кезекте  құрылыстың жобалау-сметалық құжаттарын даярлайтын  мекеме анықталуы керек. Бұл құжаттарды даярлауға тапсырыс алған  фирма жобалау-сметалық құжаттарды әзірлейді. Жобалау-сметалық құжаттар әзір болған соң ғана  құрылыс жүргізуге тендер жарияланады. Ал, Қазақстан тарихы мұражайының құрылысына қатысты  бұл процедуралардың бірде-біреуі өтпеген.  Жобасы жасалмаған.

Екіншіден,  құрылысқа біздің пысықайлар  лизенциязы жоқ фирманы тартып отыр. Жоба жасалмауының салдарынан біз зардап шегіп, істеген  жұмысымыздың ақысын ала алмай отырмыз. Мен 2012 жылы ҚР Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық агенттігіне, Астана қалалық Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау мекемесіне (ГАСК) хат жазғанмын. «Заңсыздықтарды тоқтатыңыздар» деп. Сол кезде  Есеп комитетінің  төрағасы қызметін атқарған Омархан Өксікбаевтың атына, қазіргі А.Мусинге, Қаржы министрі Б.Жәмішевке және барлық Министрлердің жеке блоктарына бірнеше рет, тіпті Қаржы полициясына да хат жаздық. Бұл құрылыс жұмыстарында   жемқорлық бар екендігін, қомақты қаржы  заңсыз жолдармен  талан-тараж болып біреулердің қалтасына түсіп жатқандығын айттық. Сол кезде ҚР Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық агенттігінің бізге берген бірнеше жауап хаттары бар менде. Ол хат 2012 жылдың  қазан айының 11 дейін бізге үш рет  келген. Сол хатта  құрылыстың жобалық-сметалық құжаттарының және «Туркуаз Констракшнның»  құрылыс  жұмыстарына  лицензиясы жоқ екендігі ашық айтылған. Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау мекемесінен  рұқсат та алмағандығы,  құрылыс заңсыз жолмен жүріп  жатқандығы  жазылған. Соған байланысты  Астана қалалық Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау мекемесі «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы» заңының 64 бабына  сүйене отырып, «Туркуазға» жалпы көлемі 370 айлық есептік көрсеткіш көлемінде  айыппұл салғанын  жазыпты.  Ал, заңның 64 бабында «Мемлекеттiк инвестициялардың есебiнен немесе олардың қатысуымен салынып жатқан объектiлер жөнiндегi мемлекеттiк сараптаманың оң қорытындысы болмайынша, жобалау құжаттамасын бекiтуге және құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргiзуге (құрылыстың басталуына) рұқсат етуге жол берiлмейдi» делінген. Яғни, жобалау-сметалық құжаттары болмаса  құрылыс жұмыстары тоқтатылуы керек. Бірақ, «Туркуаздың» жұмысы тоқтатылған жоқ.

Үшіншіден, сот орындары бұл құрылысқа тартылған ақшаның нақты санын тексермеуде. Негізі 50 миллиардтан астам теңге кетті. Ал дәл осындай  үлгідегі, мектеп сияқты құрылыстарға 1.2 миллиард теңге қаржы бөлінетінін білесіздер.Сонда бір мектептің көлеміндей Музейге коррупциялық жолмен кеткен қаражатқа соңғы үлгідегі 30-мектеп тұрғызуға болады. Ал бұл Музей құрылысын ұзағанда 5-8 миллиард теңгемен бітіруге болар еді.  Сонда  халықтың ақшасын қайда шашып жатыр? Ол неге тексерілмейді? Міне, бұл ел басқарғандардың Президенттің атын жамылып халықтың қаражатын тонап жатқанының дәлелі, өте өкінішті жағдай.

Төртіншіден, осыншама қаржы бөлінген Қазақстан тарихы мұражайының құрылысы сапасыз жүргізілген. Тіптен 2013 жылы ақпан айында Музейдің Металлоконструкциядан тұрғызылған блогы сапасыз болып, шетелден келген мамандардың көмегімен қайтадан жамап қойған. Ал бұл сұмдықты  біреу білсе, біреуі білмейді. Бірақ,биліктегілердің  бәрі біледі.

- Компания  сіздерге  қанша қарыз және олардың құрықтарына қалай түсіп қалдыңыздар? Арыздандыңыздар ма?

- Қысқартып айтқанда, мені Сол құрылыс жұмыстарына  Сәкен Сыдықов деген жігіт шақырған еді.  Ол жігіт  әлгі құрылысты жүргізуге тиісті «Туркуаз Констракшн» ЖШС Астана  қалалық  филиалының әкімшілік  директоры Марат Рахметов деген азаматтың досы екен. Біз компания басшылығымен келісе отырып, жұмыстың құны 100 млн. теңге деп бағасын  бердік, бұл соңғы баға емес еді. Бұл жұмыстар  нысанның сыртқы инженерлік  желілерінің жұмысын жасауға  ғана берілген  баға болатын. Яғни,  мұражайдың су,  жылы су және кәріз жүйесінің жұмысын жасап беруге  келістік. Сөйтіп, 2011 жылдың тамыз айының 15-і күні келісім-шартқа қол қойылды. Біз жұмыс істеуге барған кезде  нысанның жобалау-сметалық құжаттары болмай шықты. 2011 жылдың 1 қыркүйегінде  жиналыс болды. Онда «Туркуаз Констракшнның» басшылары  жұмысты бастауға  жобаның экспертизадан өтпегені кедергі болып тұрғанын, сондықтан  жұмысты 23 қыркүйекте бастау керектігін айтты. Мұның бәрі  хаттамада жазылған. Оған дәлелдерім де жеткілікті. Сонымен не керек, біз 2011 жылдың 23 қыркүйегінде  нысанға  қайта бардық.  Бірақ бас мердігер  бізге  сараптамадан  өтпеген  жоба берді. Бағасы да анықталмаған екен. Алайда, біз келісім-шарт  негізінде жұмысымызды бастадық.  Мәселенің бәрі сол кезде басталды. Өйткені,  біз бір істеген жұмысымызды  бірнеше мәрте  қайта жасауға  мәжбүр болдық.  Мәселен,  су, кәріз жүйелеріне арналған құбырларды  төсеп болған кезде, мердігерлер келеді де «ойбай,  жоба өзгерді, сендер де  құбырларды қайта жасаңдар» дейді. 150 метр ұзындығындағы жерлерді қазып,  құбырлардың астына  құм  төсеп,  құбырларды дәнеркелеп,  бетін  бетонмен жауып қойған кездерімізде өзгертеді. Өздері алдында қабылдап алатын еді  жұмысты. Барлығы құжат бойынша жасалды. Бірақ, «Туркуаз Констракшн» компаниясы жобаларды өзгертуін қоймады.  Соның кесірінен    құбырларды қайта шығарып, орларды 1 метрге  тереңдетіп, құбырларды қайта төсеген кездеріміз болды. Сөйтіп, бір жұмысты 5 рет жасадық. Жалпы құны  200 млн. теңгеден асатын  жұмыс жасаған едік. Біз  бұл мәселе бойынша сотқа да жүгіндік. Бірақ, «Туркуаз Констракшн» ЖШС басшылары    қандай  тәсілдермен екенін қайдам, соттарды өз пайдасына шешіп жатыр. Құжаттарымыз толық, заң талаптары біздің жақта болғанымен, әйтеуір сотта түріктердің пайдасына  шешіліп кете  береді. Мәселен, заң бойынша жобалау-сметалық құжаттары жоқ нысанның құрылысын Астана қалалық Экономикалық Соттың торағасы Д.Абдуғалиев түріктер бір нәрсеге қызықтырмаған болса, құрылысты тоқтатуы керек еді. Д.Абдуғалиев «Туркуазды» емес, қазақ мемлекетінің мүддесін қорғайтын ЗАҢ қызметкері, Елбасы соттарды тағайындаған кезде Халыққа қызмет жаса деп тағайындайды ғой. Ал Д.Абдуғалиев болса, жобалау-сметалық құжатысыз құрылыс салуға болмайтынын біле тұра, өзінің бассыздықпен заңсыз әрекеттеріне басып мұражай құрылысын жүргізіп жатқан түріктерді жақтауын қоймады. Биыл тағы да бердік сотқа. Талап арыз түсірдік. Астана қалалық ауданаралық  экономикалық соты біздің талап арызымызды  қабылдады. Сотты Ш. Нүсіпова  деген судья  жүргізді. Бірақ,  78 күн бойы бір де бір рет сот отырысын өткізбеді. 2013 жылдың 1 сәуірінен 17 маусымға дейін бір рет болса да сот отырысы болмады. Соңғы күні, яғни  17 маусымда «сегодня у меня срок. Я обязано  вынести решение» деп түріктердің пайдасына шешім шығарды. «Туркуаз Констракшн» ЖШС басшылары  бізбен  арамыздағы келісім-шарттардың бірінші парақтарын  өзгертіп жіберіпті. Заң бойынша бірінші  парақта  менің қолым болуы керек. Жалпы, келісім-шарттың барлық парағында екі жақтың өкілдерінің қолы қойылуы тиіс. Біздің фирма атынан  барлық құжаттарға өзім қол қоямын. Бірақ, сотқа «Туркуаз Констракшн» өкілдері әкелген  келісім-шарттың бірінші парағында  менің қолым жоқ. Түріктер 2011 жылдың 15  қарашасына сәйкестендіріп менің атымнан жалған  құжат жасаған. «Саят-Жан»ЖШС  59 млн. теңге көлеміндегі құны бар материалдарға қатысты талабымыз жоқ, қаржы сұрамаймыз» деген мағынада құжат жасаған. Құжат болғанда да біздің фирмадан «Туркуаз Констракшнға» жазылған хат екен әлгі. Бірақ, біздің фирманың шығыс құжаттарының арасында ол жоқ және біздің бланка емес. Оның үстіне  сол хатта көрсетілген  материалдар құрылыс алаңына  қарашада емес, 2011 жылдың желтоқсанында кіргізілген. Мұның бәрін біз құжаттармен  дәлелдедік. Ал, сот болса «Туркуаз Констракшн» өкілдерін жақтады. Осы соттың Судьясы Балдықова да екі айдан аса уақыт бірде-бір сот отырысын өткізбей,барлық дәлеліміз тұрса да, сотқа келмей қашып жүрген «Туркуаздың» пайдасына шешім шығарды. Сонда Астана қалалық Экономикалық Сотының торағасынан бастап, қатардағы судьясына дейін «Туркуаздың» итарашасы болғаны ма, әлде, «Туркуаздың» қол шоқпары ма?..

 

«TURKUAZ CONSTRUCTION» ЖШС-ның заңсыздықтары туралы 2-бірдей іс қозғалды

- «TURKUAZ CONSTRUCTION» ЖШС-ның басшыларымен тікелей кездесе алдыңыз ба?

- Иә, Зәки Пилге мені 2 рет шақырып кездесті, келісіп шешуге шақырды. Миллиардтаған коррупцияны жариялама деп жалынды. Бірақ әңгіме арасында маған қойған орынсыз талаптарынан бас тарттым. Тіпті «Сендер мал қазақсыңдар» деген сөзінен кейін бетіне түкіріп те кетіп қалдым, ұялмай үшінші рет келісімге шақырғанда намысым келді, бармадым. Енді заң жүзінде күресіп жатырмын. Осы үшін Астанаға келіп кетіп жүргелі бір жарым жылдан асты Д.Абдуғалиевтің  заңсыздықпен шығарған шешіміне Жоғарғы сотқа шағым бердік. Іс 19.12.2013 жылы жоғарғы сотта қаралатыны жайлы бүгін хат келді. Судья Балдыкованың 2013жылы 10.06 айында тәуіпшілік жолмен шығарған шешіміне Астана қалалық сотына аппелляциялық шағым түсірдік, күні тағайындалған жоқ, күтіп отырмыз.Ш.Нусупованың шешімі бойынша уақыт бар.

-  Көмектесіп жатқан азаматтар бар ма?

- Әрине, көп. «Туркуазда» жұмыс  істеген және Астана қалалық ГАСК қызметкерлері, тағы бірнеше мемлекет қызметкерлер қолдарынан келгенше көмектесіп жатыр. Барлығы «TURKUAZ CONSTRUCTION» ЖШС-ның сұмдықтары мен осындай аляқ компанияны Қазақстаннан аластауға ниеттес болып жүр. Астанадағы «Жемқорлыққа қарсы комитет» қоғамдық қорының төрағасы Мұсағали Дуамбеков мырзамен кеңесе отырып, өткен қараша айында Астана қалалық ішкі істер басқармасына арыз түсірдік. Астана қаласы, Алматы аудандық ІІБ –сы 27.11.2013 жылы КУЗ-6267/13711103115574 номерлі қылмыстық іс қозғап, тергеу шараларын бастап жатыр. Кеше 05.12.2013 жылы Астана қалалық ІІБ-да «Туркуазға» қарсы 13710003102050 номерлі 2-ші қылмыстық іс қозғалып (2-сурет), ол да Алматы аудандық ІІБ-не тергеуге берілді. Алла қаласа, осы жолы бір үлкен шайқас болатыны шындық. Оған құқық қорғаушы азаматтар мен журналистер, телеарналар да тартылуда.

- Сіз бір сөзіңізде бұл жемқорлықтың басында үлкен шенеуніктер бар деп айтып қалдыңыз. Оның үстіне «TURKUAZ CONSTRUCTION» ЖШС-нің де алпауыт компания екені белгілі. Қорықпайсыз ба?

- Алла салса, бәрін көреміз. «Туркуаздың» артында құрығы ұзын адамдардың тұрғаны рас. Олардың кімдер екенін де білемін. Бірақ менің ісім - алаяқ «Туркуазбен». Олар бұрын да қорқытты. Тіпті адам да салып мендегі атқарылған жұмыстың түпнұсқа АКТ-ілерін тартып алу  әрекетін де жасады. Сондықтан ашығын айтайын,  олар менен қорқып отыр. Қазірше аманмын. Ең маңыздысы – әділдік мен жағында.

 Әңгімелескен: Алтай Бұқарбаев

 Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5354