Алмазбек Атамбаев: Кедендік одаққа біздің талап ескерілгенде ғана енетін боламыз
Қырғызстан Кедендік одаққа Кремл ұсынған жағдаймен кіруден бас тартты. «Біз Қырғызстан азаматтарының мүддесіне жауапты жолмен барамыз» депті өз елінің кедендік одаққа қосылуы жөніндегі «жолдық картаны» қолға алу бойынша саясатты ұқтыруда ел президенті Алмазбек Атамбаев.
Қырғызстан Кедендік одаққа Кремл ұсынған жағдаймен кіруден бас тартты. «Біз Қырғызстан азаматтарының мүддесіне жауапты жолмен барамыз» депті өз елінің кедендік одаққа қосылуы жөніндегі «жолдық картаны» қолға алу бойынша саясатты ұқтыруда ел президенті Алмазбек Атамбаев.
Ол Қырғызстанның ұсынылған ынтымақтасу нұсқасына баламаның аздығы бола тұра, Ресей, Беларусь және Қазақстан одағына тек қана «Бішкек талабы орындалған жағдайда ғана» қосылатындығын атап өтіпті.
«Сіздер мені әлі күнге дейін неғып білмейсіздер? Елге зиянды не нәрсеге де мені «жаншу» - мүмкін емес. Біз Кедендік Одаққа егер біздің талап ескерілгенде ғана енетін боламыз. Ал Атамбаевты бопсалау мүмкін емес, мен шынығып болған адаммын. Біздің таңдауымыз аздау, бірақ тек қана қырғызстандықтарды қанағаттандыратын әрі біздің мүддемізді қорғайтын жолмен ғана жүреміз», - деп мәлімдепті ол баспасөз мәслихатында.
Сонымен, Қырғызстан президентінің сөзі Кремлдің бұрынғы КСРО елдерін Кедендік Одаққа кіруге мәжбүрлейтін бопсаға жүгінбейтінім жөніндегі алғашқы ашық мәлімдеме болды. Бұған дейін Украина мен Армения президенттері Мәскеу тарапынан қысымның барлығы турасында әдеппен ғана жоққа шығарып келген.
Бұрынырақта Қырғызстанның бірінші вице-премьері Жоомарт Оторбаев өз елінің Кеден Одағына мүше болу «жолдық картасы» қараша айындағы Евразиялық коммиссияның отырысында қырғыз тарапының қатысынсыз бекітілгендігін және бұл жоспардың ресми Бішкекті қанағаттандырмайтынын мәлімдеген еді.
Abai.kz