Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 6496 0 пікір 30 Желтоқсан, 2013 сағат 14:15

ЕНДІ ҚАЛҒАНЫ ҚАЛПАҚҚА РУ АТТАРЫН ЖАЗУ ЕДІ?

Жиегінде «Арғын», «Албан», «Найман» деген сияқты ру аттары жазылған қалпақтар қаптап кетті. Ондай қалпақтар қазір қала моншаларының алдында тізіліп тұр. «Абылайдың асында шаппағанда, атаңның басына шабасың ба?» деген қазақпыз ғой. Жалған намысқа басқаны емес, әйтеуір қазақты қойып бер. «Өй», «әй» десіп сатып алып жатқандар бар. Төріне апарып іліп қоюға емес, әрине. Моншада да қалпақтары қақырайып, өздері қоқырайып жүрмек. «Әй, мыналарың не масқара?» деп жатқан біреуін көрмейсің.

Жиегінде «Арғын», «Албан», «Найман» деген сияқты ру аттары жазылған қалпақтар қаптап кетті. Ондай қалпақтар қазір қала моншаларының алдында тізіліп тұр. «Абылайдың асында шаппағанда, атаңның басына шабасың ба?» деген қазақпыз ғой. Жалған намысқа басқаны емес, әйтеуір қазақты қойып бер. «Өй», «әй» десіп сатып алып жатқандар бар. Төріне апарып іліп қоюға емес, әрине. Моншада да қалпақтары қақырайып, өздері қоқырайып жүрмек. «Әй, мыналарың не масқара?» деп жатқан біреуін көрмейсің.
    Әкесінің атын бас киімге не әскерде, не түрмеде жазатын шығар. Ал былайғы өмірде ешкім ондай қорлыққа жол бермейді. Сонда қалпаққа ру атын, ел атын жазып қою қайдан шыққан? Әлде біреулер бізді әдейі мазақ қылып жүр ме?«Бас киіммен ойнама», «Бас киіміңді босағаға ілме», «Бас киіміңді теріс киме», «Бас киіміңді біреуге сыйлама», – дегендей тыйым сөздерді әлі күнге дейін естіп жүреміз. Моншаға кисе де ол әйтеуір бас киім ғой. Қайбір жылдары сол моншаға арнап келмеске кеткен қызыл әскер бас киімін шығарып еді. Келмеске кеткен соң қалай мазақтасаң, олай мазақта, бәрібір. Ер Чапайыңыз да талай мазақ болды. Оның бәрі күнделікті қалыпты нәрсеге айналған. «Басыма кидім ақ қалпақ, оюлап шетін сырғызған» десек те, моншаға деп сатылып жатқан ақ қалпаққа аға-бауырларымыз ет үйреніп кетті деседі. Тіпті басты ыстықтан сақтауға өте ыңғайлы көрінеді. «Әйтеуір айырқалпақ емес қой» дейсің. Ал енді сол киіз қалпақтың жиегіне: «Мынау сенің ата-бабаңның бас киімі» дегендей қылып, ру аттарын жазып қойғанын қалай түсінеміз?
Мұндайда баршаға ортақ әдеп, ибаны кім бақылауы керек сонда? Қайбір жылдары: «Тіл сақшылығын құрсақ қайтеді?» деген ұсыныс айтылған. Тіл ешкімге керек еместей айтылған сөз сол айтылған жерінде қалды. Егер сол ұсыныс жүзеге асқанда, олар айналысатын тілден де басқа жұмыстар жетіп артылатын еді. Моншаға киетін бас киімдегі өрескел жазумен МЧС айналыспайды ғой енді. Тіпті осы мақаланы да кімге, қай мекемеге қаратып жазарымызды білмей дал болдық. Моншаның бастығына қаратып жазамыз ба әлде? Басие болса, бас киім мазаққа айналмайды ғой негізі. Әлде қала басшыларының қаламызда не болып, не қойып жатқанын білу үшін анда-санда болса да көшеге шығып тұрғаны жөн бе екен?
Әдеттегіше: «Осы жұрт тыйым сөздерді ұмытып кеткен жоқ па?» деп интернет ақтардық. Қалай пайдаланам десеңіз де материал жетіп артылады. Мәселен, мәдениеттанушы Бердалы Оспан тыйым сөздердің неше атасын әр жерден теріп алып, қазақша-орысшасын қатар тізіп қойыпты. Жыл аралығында отбасылық дастарханда жиі бас қосамыз. Аға-бауырларымыз келесі жылы су мен бу болмай қалатындай, моншаға жүгіріседі. Сондай кездері айтыла жүрсін деп, Бердалы Оспан жинап, аударған тыйым сөздерді оқырман назарына ұсына кеткенді жөн көрдік. Неғылсақ та жаңа жылда өкпелеспейікші деген түріміз бұл. Үш тілді ел боламыз деп жатқанда, мүмкін ағылшынша аудармасы да табылып қалар. Тек бір қажетімізге жараса болғаны дейміз, қайтеміз.
Айтпақшы жоғарыдағы факті «Наша Казаша» сияқтылардың көзіне түспесін деңіз. Онсыз да мазақтайтын басқа нәрсе таппай қалғандай, қалпақ пен шапан, қара шанақ үшеуін мазаққа айналдырып жүр емес пе. Соларға қой демеген ағайын «монша-қалпақтың» мазағына қой десін бе, тәйірі. Бірақ, төмендегі тыйым сөздерді оқыса ойланар, бәлкім. Біз ойдан шығарғамыз жоқ, Ата-бабаларымыздан қалған. Былайша айтқанда, бүгінде «музейде тұрған» сөздер. Сән үшін емес, мәні үшін тұр. Оны түсінсек, «монша-қалпаққа» ата-бабамыздың атын жазар ма едік, жазбас па едік. Әйтеуір, ыстық буда үйтіліп қалмасыншы, басқа не дейміз?
Қазақтың ырым-тыйымдары
Жасы үлкеннің жолын кеспе – не пересекай дорогу старшему;
Үлкенге сыртыңды беріп отырма – не садись спиной к старшему.
Қонаққа берер затты сол қолмен берме – то что даешь гостю не протягивай левой рукой;
Кісіге қару кезенбе – не направляй оружие на человека.
Айды нұқып көрсетпе – не показывай пальцем на луну;
Қараңғыда киіз қақпа – не встряхивай кошму ночью;
Түнде түс жорыма – ночью не разгадывай сны;
Түнде кір жайма – не развешивай белье ночью;
Түнде судың бетін ашық қойма – не оставляй воду открытой на ночь;
Түнде шаш алма – не стриги волосы ночью;
Түнде үй сыпырма – не подметай дом ночью.
Отты аттама – не переступай огонь;
Отты теппе – не пинай огонь;
Отқа түкірме – не плюйся в огонь;
Суға түкірме – не плюй в воду;
Суды сапырма – не разливай воду громко.
Нанды төңкеріп қойма - не переворачивай хлеб;
Нанды бір қолыңмен үзбе - не ломай хдеб одной рукой;
Нанды тастама – не кидайся хлебом;
Тұзды баспа – не наступай на соль.
Ант-су ішпе – попусту не клянись;
Қарғанба – не проклинай никого.
Ата-енеңнің төсегіне отырма – не садись на постель тестя и тещи, свекра и свекрови;
Жас босанған ананы түнде суға жіберме – молодую роженицу не посылай ночью за водой;
Жас жұбайлардың төсегіне отырма – не садись на постель молодоженов;
Күйеуіңнен бұрын жатпа – не ложись раньше мужа.
Босағаға тұрма – не наступай на порог;
Есікті құшақтама – не обнимай дверь;
Есікті теппе – не пинай дверь;
Үй айнала жүгірме – не бегай вокруг дома;
Үйге қарай жүгірме – не беги в сторону дома.
Дастарқанды баспа – не наступай на дастархан;
Ескі сыпырғышты отқа жақпа – не сжигай старую метлу;
Жақын адамыңа пышақ сыйлама – не дари нож близкому человеку;
Кетік кесемен шай құйма – не наливай чай на треснутую пиалу;
Күректің сабын жоғары қаратып қойма – не ставь лопату ручкой вверх;
Қазанды төңкерме – не переворачивай казан;
Пышақты ұшынан ұстама – не бери нож за конец лезвия;
Пышақтың жүзін жалама – не прикасайся языком лезвие ножа;
Пышақтың жүзін көкке қаратып қойма – не клади нож лезвием вверх;
Таяқ таянба – не опирайся на палку;
Ыдысты теппе – не пинай посуду.
Аққуды атпа – не стреляй в лебедя;
Құстың ұясын бұзба – не разоряй гнездо птицы;
Атқа теріс мінбе – не садись на коня лицом к крупе;
Жылқының басынан ұрма – не бей коня по голове;
Итті теппе – не пинай собаку;
Қойдың үстінен аттама - не першагивай через овцу;
Құмырсқаның илеуін баспа – не наступай на муравьиный улей;
Тірі малға көрсетіп басқа малды сойма – не режь животное на глазах у другого животного.  
Аяғыңды жоғары көтерме – не поднимай ноги высоко;
Аяқ-қолыңды жіппен байлама – не связывай свои руки и ноги;
Бетіңді баспа – не закрывай лицо;
Бүйіріңді таянба – упирайся в бедра;
Екі езуіңді керме – не растягивай пальцами рот;
Қолыңды сілікпе – не махай рукой после мытья;
Қолыңды төбеңе қойма – не ставь руки на голову;
Мойныңа белбеу ілме – не клади ремень на шею;
Саусағыңды айқастырма – не скрещивай пальцы;
Таңдайыңды қақпа – не цокай;
Тізеңді құшақтама – не обнимай колени;
Тырнағыңды тістеме – не грызи ногти;
Шашыңды жұлма – не рви на себе волосы;
Шашты отқа тастама – не бросай волосы в огонь.
Аяқ-киімді төңкерме – не переворачивай обувь;
Аяқкиімді төрге шығарма – не клади обувь на почетное место в доме;
Бас киіміңді босағаға ілме – не оставляй головной убор у порога;
Бас киіммен ойнама – не играйся с головным убором;
Бас киімді біреуге сыйлама – не дари другому свой головной убор;
Бөркіңді теріс қаратып киме – не одевай головной убор задом наперед;
Киімнің жағасын баспа – не наступай на воротник.
Құбылаға қарап дәрет сындырма – не опорожняйся в сторону Мекки;
Намазды бөлме – не перебивай молитву.
Бесікті ашық қалдырма – не оставляй колыбель открытой;
Бесікті аяқ астына тастама – не оставляй колыбель без присмотра;
Бесікті көрінгенге берме – не давай колыбель кому-попало;
Бос бесікті тербетпе – не раскачивай пустую колыбель.
Бейуақытта адамға көңіл айтпа – не высказывай соболезнование вечером;
Бейітке қолыңды шошайтпа – не показывай пальцем в сторону кладбища;
Бейіт тұсынан шауып өтпе – не скачи на коне мимо кладбища;
Жерлеу үстінде күректі екінші адамға қолмен берме – при захоронений покойника не передавай лопату из в рук руки.

Балжан МҰРАТҚЫЗЫ
"Халық сөзі" газеті
0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2036