Сенбі, 23 Қараша 2024
Ой түрткі 3240 2 пікір 1 Шілде, 2024 сағат 15:04

Әлмерек абыздың оралуы - Елге діннің оралуы

Сурет: uyguravazi.kazgazeta.kz

Әлмерек абыз рәсіміне шақырылмай барған көлденең көк аттыдан сыбаға...

(«Әлмерек тарихи мәдени қорының» ұйымдастыруымен Шонжыда өткен;  «Әлмерек Абыз Жаншықұлы және «Қара дала» өңірі тарихының өзекті мәселелері» атты ғылыми тәжірибелік конференциядан соңғы сүре ой).

Бисмиллай Рахмани Рахиим. Жаншықұлы Әлмерек Абыздың туылғанына 365, өмірден өтеніне 270 жыл толуына орай биылғы жылға белгіленген үлкен асы еліміздің батыс аймақтарында орын алған су тасқынына байланысты күзге қалдырылғанымен, Алматы облысы әкімшілігі тұлғаның ескерткішінің ашылу рәсімін өздері алдын ала белгілеген күні өткізді. Салтанатты жиын  соңы Шонжы ауылындағы мәдениет үйінде тарих саласының белгілі мамандары қатысқан «Әлмерек Абыз Жаншықұлы және «Қара дала» өңірі тарихының өзекті мәселелері» атты республикалық ғылыми тәжірбиелік конференцияға ұласты. Жиынға ҚР ғылым академиясының Тарих институтының ғалымдары жан-жақты дайындықтар жасапты. Оның нақтылы көрінісі конференция басталмас бұрын 2019 жылы Әлмерек Абыздың туылғанына 360 жыл толуына орай өтізілген «Ұлы дала тұлғалары; тарихи сабақтастық» атты республикалық ғылми тәжірбиелік конференция материалдары «Әлмерек Абыз және оның ұрпақтары» деген атпен және 365 жылдыққа  дайындалған «Әлмерек Абыз Жаншықұлы және «Қара дала» өңірі тарихы» деген конференция баяндамалары «Али Сан Тұмар» баспасынан бастырылып, алдын ала  рәсімге қатысушыларға таратылды. Сүйсіне құптарлық жайт.

Дегенмен, құзырлы орын тарапынан осындай дайындықтар белгіленген бұл республикалық конференция өз атына сай мәртебемен өту үшін, жиынға Тарих институтының қызметкерлерімен қатар, Академияның «Философия, саясаттану және дінтану» институты Дінтану бөлімі қызметкерлерін,  Республика мұсылмандары діни басқармасы ғалымдары мен Пірлерін, елге есімдері білгілі ілім иелерін, (ия, кешегі Орта ғасырдағы сопы бабаларымыздың ілімін жалғастырушы қаламшылар мен хәләм иелерін)  көрші елдер діни тұлғалдарын, шайтани емес, рухани, сұлтани дәрежелі белгілі аяншыларды да қатыстырулары керек еді. Қоғамдық қор тарапынан кеткен кемшілік пе, әлде ғалымдар тарапынан тарлық болды ма, жиында олардың қаралары байқалмады. Бұлай айтып отырғаным Абыз дегеніміз діни жолда әулие-әнбиеден де жоғары санаттағы діни тұлға, ерекше ілім иесі. Жалғаннан жырақтау, құпия – өмір кешетін жан.  Аталынған орындардан дін ғұламалары қатысса Әлмерек Абыздың әлем мұсылмандары мен еліміз үшін  кім болғандығын ұғындырарар пікір айтылар ма еді. Осылай болуын күттік те, бірақ  ол үміт ақталмады. Конференция өткізілді деген аты болмаса, өз мақсатына жете алмады. Неге?..

Ия, аудандық мәдениет үйінің іші-сырты халыққа лық толды. Бірақ, жиылған қауым конференция үшін емес, төрт сағаттан кейін берілетін Абыздың қонақ асы дастарханын күтіп, уақыт өткізу үшін отырғандарын алдын ала айтсақ, шындықтан аттап кете алмағандығымыз. Конференцияда ҚР ғылым академиясының Тарих инстиитутының директоры З.Е.Қабулдинов жиын тізгінін өз қолында ұстады. Алдын ала сөзге жазылған ғалымдар да араларына ешкімді сиыстырмай, жиын алдында таратылған кітаптағы өз баяндамаларын бірінен соң бірі әзер оқып үлгеріп жатты. Бірақ сол  баяндамаларға ден қойған тыңдармандар кем болды. Ғалымдар аудиторя дайындауда жаңылысқандарын өздері де байқаған болар. Тыңдар құлақ болмаса айтқан әңгіменің мәні қанша? Бұған қосарымыз ескерткіштің ашылу рәсімі мен ақындар мүшәйрасы алдында көсіле сөйлеген танымалы  көсемсөзші, жазушы Н.Оразалин бауырымыздың сөзі де көпті жалықтырды.  Әдетте дін және діни тұлға туралы әңгімені діннен алшақ адам айтса осылай шаршатады, дін өзін ұстанбағанды қабыл етпейді...

Бұлай айтып отырғаным, 2019 жылы Әлмеректің туылғанына 360 жыл толуына орай өткізілген «Ұлы дала тұлғалары; тарихи сабақтастық» атты  ғылми тәжірбиелік конференция Абыздың кім екендігін жоғары деңгейде зерттеуге көтерген бастамашылдығымен есте қалғанды. Соған орай соның жалғасы бұл конференциядан күткеніміз көп болатын. Өйткені, аталынған екі бас қосуды өткізуші де, өткізудегі тақырып  өзегі де ортақ;  Әлмерек Абызды іздеу, табу, қызметіне баға беру, кім екенін елге таныту. Ол үміт ақталмады. Әлмерек жайлы мұрағаттардан деректер таппаған ғалымдар есте қаларлық ештеңе айтпады. Айта алмаған тағы бір жағдайы, олар тарихтың белгілі ғаламдары болғанымен, дінде әл Фарабидей Пірлік, не Йәссауийдей әулиелік жолда болмағандықтарынан шығар. Әрине, ғұлама ғалымдар мен жай ғалымдарды салыстыруға болмас, дегенмен «болмасаң да ұсап бақ» деген ұлық сөз бар емес пе...  Діни ілім - ғалым туралы не дейді. Ғалым деген кім? «Ғалым деген пайғамбарлардың қылығын қаптай алатындар. Ал Ғұламалар Алланың бар екендігін мұғжизалармен дәлелдеген әулиелер. Ал Рух иелері – тірі жандардың ең құндысы. Бұл орта ғасырлық ілімші-ғұламалар пікірі. Жиын тақырыбы «Әлмерек Абыз ұрпақтары және «Қара дала» өңірі тарихы» деген тақырыпқа ауысып кеткендей алғашы жиыннан көш төмен дәрежеде өтті.

Жазылып отырған сүрені бұдан әрі Әл Фарабидің аян туралы айтқан; «Қала басшысы адамның жүрегі секілді маңызды рөл атқарып, дені сау, ынталы, білім сүйгіш, әділетті және уахимен аян алатын дәрежеде болып  екі нәрсені  меңгеру керек. Біріншісі - ой толғау, екіншісі - аян алу. Олар Құдайлық нұрды алатын дәрежеде болуы керек. Адамзаттың бақытқа жетуі аспан әлемімен байланысты. Аспан денелері - қасиетті, жер бетіндегі барлық нәрсе - лас. Аспан ғибадаттың құбыласы, уахидың қайнары  және миғраждың болған жері...» («Қайырымды қала» »)- деген жазбасын алға тартып, соны растай отырып өрбіткім келіп отыр. Көріп отырсыздар, ғұлама аян қасиетін қабылдай отырып жұмыс істеу туралы құдайлық нұрды алу дәрежесі туралы ғалым түгілі қала басшысына қандай талап қойып отыр... 

Бұл сүре  - Әлмерек абыз туралы мадақ емес, оның Аллаһтың әмірімен дін болып арамызға қайта оралуы туралы, Жаратушының разылығымен жазылар жалғасым болмақ. Алдын ала ескертер тағы бір жайт, жазушының, журналистің , ғалымның жазу тіл ерекшеліктері сияқты сүренің де құрани жазылу тіл ерекшелігі, діни адамдар, тақуалар ғана түсінетін рух қондыру, рух алмастыру жайлы тылсым жайттары, аян атқылы қабылдаулары болады...

Мен әл Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Қазіргі заманғы қытайды зертеу» орталығының директоры, тарих ғылымының докторы, профессор Нәбжан Мұхаметханұлының баяндамасына ықылас қойған едім. Ол өз баяндамасын қытай жазбасынан алған (Бұл қытай патшалығының кезінде Үйсін патшалығынан ұрлап алған іліми деректері) б.з.д. У-Ш ғасырда Жетісу өңірінде Теграхауда сақтары өмір сүргенін, сол кезде Үйсін елі Орталық Азияда ең күшті мемлекет болғанын, елбасы Күнби, ел астанасы Чэгучан (Қызыл сай қаласы) болғанын, қытайдың Хань империясы Үйсін елімен бірлесе отырып Ғұн империясын, сонымен бірге Үйсін елін де әлсіреткенін тұжырымдағанымен, ары қарай терең ашып ғылыми баға бере алмады...

...Алматыдан Нарынқолға шықсаң жолда «Райымбектің бастауы» тұр. Сол бастаудан тау қолтығына тереңдей кірсең Әлмерек пен Райымбек өмірден өткеннен кейін екі жарым, үш ғасыр адам аяғы баспаған қасиетті жерде «Ғызыр тағы» орналасқан. Набижанның «Қызыл сай» деп атап отырған қаласы осы жерде. Бұл жердің ежелгі атауы «Хана Туран». Кезінде Сақ тайпасының ішінде болған, қазіргі біздерге жеткен атауы «Тиграхауым». Бұл жер «Барыс құттың» келген жері деп те аталған. Ол аты қазір өшкен. Тау қолтығына кіре берістегі қоңқиып тұрған мұрын сияқты көрінісіне орай «Мұрын тақ» деп аталған құрани атауы да бар. Барған кезде көзге түсер сол қанаттағы «Бес батыр» бес төбе. Құрани тілде бұларды; Адам Ата, Нұх, Ибраһим, Мұса, Мұхаммед салалаһу уа саллам пайғамбар дейді. Ал біздің Әлмерек бабаларымыз бұл «Бес батырды» Күнгей, Тегін, Бұйыртпас, Хаһ, Тағын деген ресми рух жолы аттарымен атаған. Рух жолы. Бұл жол сол жерден бастап Тараздың арғы жағындағы «Жуалы асуына» дейінгі аралықты қамтиды. Ал екінші жағындағы төбе «Бүркіт қонған». Бұл төбе рух аялдар қасиетті орын. Үйсінге дейін Едіге патша иеленген. Сол патшаның сұрауымен көктен түскен аты «Мұрын тақ» немесе «Берекелі тақ». Едіге сол «Бүркіт қонғанда» өз патшалығына дұға оқытып алған. Ал таудың басында тұрған үлкен бес тесік «Ұялы таң» аталады. Көктің кей рухтары сол тесікке уақтылы жетіп үлгеріп кіре алмай қалғанда, Тәңірден сұрар сұрағын осы үңгірде отырып сұраған. «Ұялы таңға» келгенде  амандасып, тілек тілеп, арнайы «Қызыл дастарқан» жайған. Бұл қасиетті тақты «Бес батыр» қорғап тұр, кіре беріс бергі жағына «Қара қорған» қойылған. Қорған кезінде биік болған. Қазір әбден мүжіліп желінген. Қорған кей кезде тас лақтырады. Кейбір дінсіз адамдар келгенде осылай  тас құласа, «сол адам мұнда  кірмесін» деген ашық белгі. Бұл жер қазақтың қағанаты - Хаһ белгісі. Қазіргі атауы - «Ғызыр тағы».

Бізден бұрын өткен Ата жұрттағы ілім иелері мен абыз бабаларымыз дінін сақтаумен бірге осындай киелі жерлерін қастерлеп көздің қарашығындай қорғай білген. Қазақтың қазақ болып қаншама тайпалардан бас құрауы, бір мемлекет атануы, ең алғаш осы Сақ тайпасынан, қасиетті рухтан. Тарих, осы тайпалармен сол кезде Ну тайпасы қатар тіршілік жасағанын айтады. Сақтың екінші буыны. Үшінші буыннан Үйсіндер өреді. Бұл «Ғызыр тағы» Аллаһ тағаланың жер бетіне орналастырған үш «Ғызыр тағының» бірі. («Ілім тағы». 08.09.2020 ж.). Екіншісі, араб жерінде (Бәлкім, құрандағы Ғызырдың Мұса пайғамбармен кездескен жері), үшіншісі, Солтүстік мұзды мұхитта, мұз үстінде. Негізі іліми жалғас Алланың әмірі қарқында осы үш нүктеден терең өрбиді. Әлмерек Абыз өз кезінде Ғызырдың айтуымен қазақ жеріне орналасқан осы қасиетті іліми тақта ілім қабылдап шырақшылық (Иелік) еткен. Әлмерек; «Ғызыр маған емес, менің еліме қонған  деп айтуы керек»- дейді  өз аманатында. Мұндай бақ екі әулиенің бірінің маңдайына жазылмаған. Бұл  Аллаһтың қалауымен қонатын қасиет. Мұнда Ғызырдың  «Рух шақыратын» жері мен күні белгіленген. Кезінде Ғызыр аләиһис саллам келер алдында бұл жерде мал сойылып, өте үлкен құмар жасалынған. (Құмар - қазіргі біздегі той. Б. А.). Ұлы Абыз туралы деректі ғалымдарымызға мұрағаттан емес, қайдан іздеуі керектігі енді түсінікті болған шығар.

Діни ілімде - Қазақ ғайыптан келген халық екендігі айтылады. (Тарқатып айтсам созылып кетер түрі бар). Мен «Ғызыр тағына» Қазақ патшалығы  билік тағының қасиетін білуге жеткенмін. Шақырған Әлмерек абыз рухы; «Бұл жерде билік бар, биліктің рухы бар. Қазақтың ғайыптан келген халық екендігін айтуға Алла тағаланың шешімі болды. Қазақтың жаны  қатты қиналғанда, тозып бара жатқанда, сондай сабырлықпен қиыншылықтан суырып алатын тек Ғайып патшалары» («Қазақ - ғайыптан келген халықтан», 02.10.2020 ж.) деп жеткізді. Алла сыйлаған тақ нұрдан жаратылады. Ол тақта отырған адам Алланың әмірімен ғана сөйлеген. Айтар сөзін (шешімін) құдай айтқан, патшаның өзі әулие болғандықтан ешқашан сөзге сөз қоспаған.

Көкте, тіршілігінде Тәңірмен тілдесіп, патшалығы діни заңдылық жолымен өткен 21патша тағы таразыға түсіп, рухтары иленуге салынуда. Менің айтпағым, таққа иелік еткен осы 21 патша көктен өз ілімдерін түсіріп, ол ілімдері сол кезде баспадан шыққан ғайыптан қабылданған «Қызыл Кітапта» жарық көрді. Шынында да, нағыз патшалық - ғайып еншісінде. Бұл жайт адам баласының ақылы жетпейтін - мұғжиза. Тақ туралы Ғызыр Ата көктен алғаш жерге түскенде оны осы Жетісу жерінде алғаш қабыл еткен Ну Атаның  жеткізуімен аз кем хабардар едім.

Ну Ата кім? (Ағайынды 19 қыз. 4 ұлдың бірі). Жетісу жерінде ілімді алғаш Көкбек пен Үйсін алған. Арыстанбабтың үш жүз жыл күтіп, құрма дәнін Йассауийге жеткізіп берген аманаты сияқты Жетісу жерінде ілімді Көкбек пен Үйсінге беру үшін осы  Ну Ата екі ғасыр (!)  күткен. Қатарласып ілім алғанда ортасында ілім иесі Ғызыр тұрған. Үйсін де, Көкбек те ілім жолымен жүргендер.

Түсінікті болу үшін айтайын,  біздің елдегі ілім жолы  – Қарабура мен Ақбура әулиенің жолы. Йассауий жаназасын неге Қарабураға шығартты? Бұл биік деңгейдегі ілімдегілер тірлігі.  Екі ілімші кездессе, өздерінің кім екенін, кездескен екеуі кімнен бұрын кім өлетініне дейін көріп-біліп отырған. Ал бабаларымыздың қалдырған қасиетті үлкен тай қазандары ана беткейден мына беткейге жетуі үшін, іліммен, қобызбен, сөзбен, дұғамен, аспанмен ұшып барып қонып жатқан.  Үйсін өзінің жер көкке тастаған жеті қазынасын адамдарға көтертіп апартпаған, іліммен апартқан. Сол ілімді ұстағандардың  ұрпақтары Құран бетін ашса, ілім бойларына сіңіп оларды көтеріп кеткен...

Енді осы жерде «...қытай патшалығының кезінде Үйсін патшалығынан ұрлап алған іліми деректері»- деген сөзіме дәлел келтірейін.  Әулие мен абыздың күш қуаты, олардың ілімді іздеуі  туралы айтқанда Әлмеректің үлкен ұлы Жәнібектің көктегі теріге жазылған, тоғыз жасында көрген, әкесі мен Райымбектің дастархан басындағы кедесуі туралы көктен түсірген сүресіндегі, келіншегіне айтқан   ( 22.01.2016 ж. «Райымбек әулие», «Бір бүтін құран менің тағдырым» кітабынан) мына үзіндіні  оқылық;

«...  – Сен бір қазықсың, неге жеттің?- деп сұрады атам.

– Өтіп бара  жатып келдім, үй таңдамаймын, бәрі; «кір-кір» деп жатады маған.  Төріңде жылулық бар, әруақ көремін мен сені, екеу, кейде төртеу болып енесің түсіме, қиналып қаламын. Сен ғана емес өзгені де ойлайтын сияқтымын, кеудем жылап тұрған соң, отырып сөйлесейін деп - келдім. Әңгімеңді айтшы - деп отырды әлгі адам.

– Әңгімем саған не керек, менікі саған жұғысты болмас, шырағым. Қасиетті сенсің ғой, әруақ туралы айтайын десем, өзің де білетін шығарсың.

– Әруақты білемін деп оның көзіне жас толды. Әруақты білемін, бір керіліп қол сермегенде жарқ етіп жанымда қатарласқан, соны әруақ  деймін. – Жоқ әлде одан да басқасы бар ма?

– Оның рас, балам, рухы тазасы оң қанатыңда орналасқан. Қарасын да көргенмін Хаһтан келген- деді. Сермеп қалсаң сол қолыңды, түнек болып тұрады.

– Ол да әруақ па? деп сұрады.

– Ол да әруақ.

– Мен білемін, сонда ол да ата ана ма? деп әлгі ата қайтадан көтеріліп, тау болып отыра қалды.

– Иә, ақ пен қара Хаһтан, шырағым. Мына кең далаң мен еліңді қорғар, екі жақта олар отырмаса, сендер кім боласыңдар, шақша басыңды да көтере алмайтын едің. Болса да ақ жүрекпен көтеріп жүргеніңді беріп жатқан Құдай емес пе, соның бәрін сақтатып отырған, қол сермегенде көретін әруақтарың.

– Менен не сұрайды олар? деп еді, атам күліп жіберді.

– Сенімен сөйлесіп жатыр емес пе, сынайын дедің бе мені, қарғам?

– Жоқ, ата, сағынып келдім саған. Айтады ғой бұлардың әңгімесі көп, сөзіңді де серме, бар, жеткіз- дейді маған. Жүрегім бірдеңені сездіріп қорқытады. Мен елімді қорғағаннан қорықпаймын, бірақ кейде артық сермесем, әруағымның азайғанын байқаймын, ол не белгі? деп сұрады.

– Әй, ол белгі жаман, сендей иықты азаматтар азаяды, сондай сансыз әруақты көтеретін, қарғам. Сендейдің оны, мүмкін мыңы, бірге тұрып қана сендей күшті бола алатын шығар. Егерде сезсең, ел еңсесін көтеретін сендерсіңдер, сендер соңғы батырларсыңдар, қашан да аман есен жүрсеңдер болғаны. Келер ұрпақта бірақ сен сияқты батыр қалмайды деді атам.

– Мен осыны сұрап келдім сенен, ертең шығамыз жорыққа қайтадан. Барар жеріміз Қытай жері, үрімдеп алып өтерміз, болса да жақсылық бар, ілім –дейді, біздің жерден олар алып қеткен. Болса да соны қайтарармыз. Алып келетін адам бар, аман есен жетсек болды. Ол үлкендердің аманаты, оған да бармас едім, оң жағымдағылар (аталар рухы) зарлап жыламаса... Үлкен екен менен, көріп тұрсың ба ата? деп күліп қана атамның иығынан түртті. Шап беріп ұстады атам оның қолын.

– Қарулы қолыңмен сүйегімді тесіп кеттің ғой -деп еді, қолын ұстатқан Райымбек ата;

– Әй, әй, сүйегімді сындырып бара жатырсың ғой... деді. Бірінен бірі өткен қасиеттілердің ортасында, біз кімбіз ей кемпір... деп айқайладым...» -десе әңгімесінің басында «...Сен мына ішіндегі суымен бұрқыратып қайнатып алып келе жатқан  самаурыныңды екі қолыңмен әзер көтеріп келесің, білесің бе, сол салмақта оның жебесінің ұшы ғана болған...» дейді.  (22.01.2016 ж).

Райымбек екі ер азамат әзер көтерер найзасының сабын тоғайдан өзі дайындаған. Түркістанда Иассауий музейіндегі кіреберісінде байрақ сабы сақталған. Сол сапқа ту байланды ғой кезінде. Райымбектің найзасының сабы да сондай үлкен дүние болған. Оған еңгезер тұлғалы, екі иығына екі азамат еркін отырар алпамса батырдың жеке өз салмағын қосыңыз. Ондай салмақты Алланың арнайы рухты киелі  бурасы болмаса, соғыста қандай жануар көтереді. Мұндай қасиетті рухты бура әулие батырлаға көктен еншіленген. Райымбекті көріне дейін де сондай бура жеткізген ғой. Қаратаудағы Қарабура, Ақбура әулиелер де кезінде сондай қасиетті рухты бураларымен ұшқан. Олардың мазарында ұшуды үйреткен  Тізебүк, Естес, Кестай, Қақат, Төре, Ботан- деген рухты әулиелер қатар-қатар жатыр. Біздің ұлтқа ұшу дарыған, қазақта Алла сый еткен осындай қасиет болған. Рух - қайта қанаттанатын қасиет. Алла бұл қасиетке қазақты дара ие қылып қойған. Қазақ осындай қасиетімен қазақ.

Райымбектің ілім туралы айтқан осы сөзін, өмірден одан бұрын өткен Әмір Темірдің мына сөзі де қанықтырады. «...Мен бұл аянды Аллаһтың әмірімен күз айы, қыстың бірінші қары жауа бастаған кезде, ол кезде орыстың жері болмаған, қазақтың асыл жері, Нәсір тауына жақын қалған жерде, қазіргі Мәскеуге жетпейтін Қыр тауында алдым. Сол кезде Аллаһтың әмірімен жеткен; «...толқының қайда, сенің түпкі негізіңді алып кеткен жерден алып келсең, негізіңді қондырып, іліміңді тереңдетесің»- деген аян алғам. Сонда мен не үшін жиналыппын қытайға. Негізімді, білімімді, ілімімді алып келу үшін. Расында да мен осы аянды алған соң қытайға баруға бет бұрдым. Соғысу мәселесінде емес, осы менің қазағымның, елімнің тұтқасын ұстап қалатын діни тәрбиемізге қатысты жазылған, өте үлкен, құрылымы терең іліми жазуды бізге қайтаруға. Оны оларға жеткізуде кезінде өзіңнің ата бабаларың мен басқа да сатқындардың көмегі тиген. Төртінші империяны басқарған Сон Ян, (сендердегі бүгінгі атын білмеймін), соның біздің ғасырда болған кіші баласының жазушысы келді. Аты – Қамас. Қытай болып тұрған кәдімгі қазақ. Сол Қамас маған жазу мәселесінде көп дәлел айтты. Расында да қытайдың кітапханасында біздің Үйсін бабалардың жаздыртқан үлкен қолжазбалары бар. Әл Фарабидікі де, Йассауийдікі де, «Рухтану» атты кітап та бар- деп дәлел айтып кетті. Басқа кітаптарды ол білмейді. Бірақ кітаптар қабатында шынайы «Тізбек» деген кітап бар- деді. Ал енді мен осы «Тізбек» туралы аян алғанда сары деңгеймен алдым. Сары деңгейде тізбектер келеді екен де, әмір болса,  сол жерде ілім ашылады. Ілім рухты сөзбен ашылады. Оның кілтін Аллаһ жаздыртпаған. Рухқа байлап кеткен. Қазақтың рухтық қасиеті рухқа байлануда. Біз жазбай-ақ  рухпен сөйлесіп соны түсіре аламыз. Егер қазақ халқының басына күн туған болса, біз рухтанып кете алатын халықпыз. Ол не деген сөз, бізге жоғарыдан тікелей періштелер келетін халықпыз. Сол тұлғаны алайын деп ойлағанмын. Шығар жолда желкеден ұстаған дерт, кеудені тесіп бірақ шықты. Ол қан тамырларының ісінуі. Қазіргі кездегі сендердің қан көтерулеріңе ұқсас. Қан тамырларының қысылуынан кеттім...).(24.10.2020 ж.«Төрт сұраққа Әмір Темірдің берген жауабы», «Қызыл кітаптан»).

«Құдай – себепті қажет етпейтін жалғыз бастама және Құдайдан басқаның бәрі белгілі бір себептер арқылы бар болады»- дейді ілім. Ақыл – Құдайды терең түсінудің әдісі және шынайы сенімнің шарты. Бұл жол иелерін парасаттылар дейді. Парасатты жан деген - Аллаға қарсы дүниені керек етпейтін, Аллаға дұшпандардың бәрі оған дұшпан жандар. Олардың жай сөйлеген  дауысынан, жанына келіп отырғанда көп адам дінге кіріп кетеді.  Екі дүниедегі қасиетті жолды тапқан осындай жандарды Абыз деп те атайды.  Ол өмірден өтпес бұрын  екі дүние  ілімін ұстанады,  екі дүние биіктігін алады. Абыз  Алла тағаланың шексіз нұрының бар екендігін көзімен көріп, мойындап кеткен жан. Ол оның ел алдында істеген жақсылықтары үшін алған атағы емес, ол туа бітті Алладан алған  қасиет. Бұған мысал етіп тағы Иассауий өмірін айтуға болады. «...Йассауий әулие рухпен рухты қондыра білгеннен  кейін ғана  жердің астына кетті. Ол Алланың разылығы мен дін үшін кетті. Дін өзіне ғана емес өзгеге керек екендігін білгесін, Алланың екі дүниеде біздің жанымызда жүргенін дәлелдеу үшін кетті. Ол жарты  өмірін жер астында Алламен тілдесуге арнады. Арнады дегенмен де – Алла оған оны арнатты».

Бұл пікірді одан әрі тереңдетіп ұғындырар Арыстанбабтың ұстазы Уа Иша әулиенің ілімінде мынандай сөз бар; «Алла тағалла былай дейді; «Мен қазақ деген елді жаратуымда «Менің ашық Құраным»- деп айтамын. Мен сүйікті тілім араб тілінде Құранды бердім, Мен жақсы көретін тілмен- дейді. Бірақ,  «ашық Құран»- деп қазақ елін айтып отыр...  Ал енді мұның түпкі мағынасын Алла оны өзінің қалауымен көрсетпей тұрса, сол құлдар мен әнбие әулиелер көбі бізде жатыр.  Құдыретті Алла бізге дінін аманат еткен халық болғандықтан  біздің дастарханымыз да Құдайға арнап жайылады, «Құдайы қонақ»- деп тек біздің ғана ел айтатыны да сол, өйткені біз екі дүниемен бірігіп жүрген халықпыз». ( «Тағызым. Ілімнің аты – Қазақ», 07.11.2020ж.).

Енді осындай әңгімеден соң «Әулие деген кім?» деген сұрақ туады. Әулие -  Алланың досы, Аллаға жақын тұрушы, Алланың мейірімі түскен қамқорлығындағы адам. Әулиеде - Аллаһтың сыйы ерекше биік деңгей бар. Олар - көзбен көрген ғылыми дәлелдің соңын іліми ерекше дәлелде көре білетіндер. Біз қара деп көргенді олар ақ деп, біз ақ деп көргенді олар қара деп жеткізе білгендер. «Жүніс» сүресінің 62-63 аятында; «Әлбетте Аллаһтың әулиелеріне қауып қатер жоқ және олар қайғы қасірет шекпейді. Себебі, олар шын жүректен иман келтірген және олар тақуа болған адамдар»- деп көрсеткен. Демек, әулиелік – тақуа мен ілім иесіне немесе діндар  ғалымға бұйырар енші. Мұны қазіргі білімдарлар  өздері ойлап тапқан; «ғылыми ашылған дүние»- деп ойлайды. Оның бәрі Құранда тұрғанын айта алмайды. Ол – Алладан таңдалған адам.   Әулиелік адамға сіңіп қалған  кәдімгі нұр. Ол отырған жерге де сіңіп тұрады, олар  Жаннаттықтар. Үлкен әулиелер қашанда рухтанған әулиелерден, тірісі өліден дәріс алған. Бұл дәлел тақуаларға  ғана...». («Бір бүтін құран – менің тағдырым»,  «Қазығұрт» баспасы, 2016ж ).  Алла тағала; «Құранды сақтайтын ұрпақ»- деп жібергендіктен біздің елден  әулие көп шықты. Әулиелік пен әмбиелік  басқа елге көп дарымаған. Құранды нақты сіңіріп, таңғы намазын Меккеде, кешкі намазды үйінде оқитын жақсы әулиелер Мелектер аталады. Ал Әмбие әулие деген кім? Әулие дүниенің бәрінен құдайды көруші болса, әмбиелік сол дүниені бойына сіңдіруші.  Көріп, сыйлап, қарапайым өмір сүру, ешкімді ренжітпей, ештеңеге ренжімей, құлшылығын жасап өмір сүру – әулиелік, соны іске қостыра білу әмбиелік. Әмбие Әлмерек әулие сондай жан. Іске қостыра білген.

Қазақ елі мыңдаған әулиелер жатқан жер. Әулиелік пен әмбиелік  басқа елге көп дарымаған. Бізде бір Маңғыстау үстіртінде 362 әулие жатыр... Ал; «Сайрамда бар сансыз бап, Түркістанда Түмен бап, бабтардың бабы Арыстанбаб»- жайлы әңгімені тарқатар болсақ, Нұхтан бері қарай қазақ жерінде қаншама баб өткенін ой таразысына сала беріңіз. «Баб - ол біреуден туылған, не біреудің ұрпағы емес, ол көктен келіп жұмысын істеп кеткен рух. («Арыстанбаб пен Йассауий», «Қызыл кітап»-2, 1047 бет), «Сахаба - нақты пайғамбардың өзінің тікелей жұмысын жалғастыратын адамдар, ал баб- деп сахабаныкін де, періштенікін де, басқа да пайғамбарлар рухтарының да, әулиелердің де арасында өмірге келіп-кетіп жүре алатын қасиет иелерін айтады». (15.02.2016 ж. «Баб пен сахаба туралы», («Қызыл кітап»-1, 249 бет.).

Осы жерде аруақ пен рух жайлы әңгімеге өтелік. Алла өліні тіріге, тіріні өзіне байлайды. Қазаққа аруақты айтудан қашуға болмайды. Аруақ болмаса – адам жоқ. Адам - аруақтардың ұрпағы. Адамзаттың Алладан кейінгі ұстазы - аруақ. Аруақ – бар. Рух та – бар. Бірінсіз бірінің тіршілігі көрінбейді, аруақсыз рух қонбайды. Аруақ кім? Кешегі өмірден өткен бабаларымыз. Алды-артында қалған жазуы барлар. Алдындағы жазуы - тағдыры, артында қалғаны  - істеген қылықтарының жалғасымы, әлі де тірі тамырының соғысы. Жаратқан Ием; «Йа Сиин» дұғасында; «Мен сендердің арттарыңнан кітап ашып қойдым» (12-ші аят)- дейді. Аруақ – қопарылып шығар адамның тамыры. Өлі мен тірінің – тамыры бір. Өлі – нәрді тіріден алады. «Құранды оқыма, аруақ жоқ» - дейтін болсаң, көтерілетін аруақ жаман. Аруақ тыныш жатсын десең дініңмен бол...

Ғалымдар конференцияда «Әлмерек кім?»- деп сауал көтергенмен соған нақтылы жауап таппады ғой.  Қайдан тапсын?.. Адамның Алладан кейінгі ұстазы аруақ дедік. Сол жолмен менің тапқаным Әлмеректің батасын алған Райымбек әулиеден жеткен мына сөз; «29.11.2016 ж. Әулие атаң Әлмерек ұлы елді басқарған. Оның сөзі де, өзі де құраннан жаратылған. Ол Алла деп жылап, Алла деп сұраған. Алланың айтқанын айтқан. Әлмерекке  ұқсаған адамды іздемеңдер, Оның өзі Құраннан Әлмерек болып жаратылған. Сол қасиетті әулиенің батасын алсаң асыл жаннан боларсың, Құраннан шықты қасиет оған…». ( «Аллаһты мезеттегі мойындау», 406-407 бет,  «Қазығұрт» баспасы, 2019 ж).  Қай ғалым Абызға осыдан артық баға бере алар екен?..

Мен конференцияда жүргізіп отырған бұрыннан таныс әріптесім Нұрлан бауырымнан өзімнің Әлмеректің рухы шақыруымен жеткенімді айтып сөз сұрадым. (Шыны да сол, арнайы шақырту болмаған соң, бару, бармау  туралы екі ойда отырғанымда, екі кештің арасында бұрын онша танып білмеген Бақытжан мен Берікбай деген екі жігіт түнделетіп жеткізіп, демалдырып, рәсімнен соң қайтадан үйге әкеліп салды. Оларға рахмет). Мақсатым - осы жазылып отырған ойымды, «Әлмерек Абыздың оралуы» атты сүре және конференция алдында «Үйсін патша, Көкбек сахаба, Әлмерек Абыз және Райымбек әулиенің ұрпақтарына айтқан Өсиеттері» атты 850 беттік, Жетісудың діни тарихы танымы туралы іліми кітабты баспаға тапсырып келгенімді айтпақ болғанмын. Сөз берілмеді. Тыңдар құлақ жоқ жерде сөз берілмегені де дұрыс болды. Қажетсінген жан іздеп жүріп оқып, ой елегінен өткізер  осы сүрені таспаға түсіруге  негіз қаланды.

Енді конференцияда барысында кеткен  кемшіліктер жайлы. Жиын Әлмерек Абыз туралы болғанымен екі үш ғалым жиын тақырыбында белгілегендей өз баяндамаларын бүгінгі Шоңжы елді мекенін қоныстанған ұйғыр ағайындардың осында орналасу тарихына арнап кетті. Бұл - бүгінгі «Қара дала» өңірінің өзекті мәселесіне жатпайды. Себеп айтушылар,  кейінгі кезде аудан аты түрлі кикілжіңдерге себеп болып жүргендігін алға тартты.  Сылтаулары, Еуропада орналасқан Адам құқығын қорғау ұйымдары, «аз ұлттардың құқығы тапталып жатыр»- деп мәселе көтеруі мүмкін- дейді. Бұл көзқаман өз бауырларымыздың пікірі ғана.  Бойында қаны бар әр қазақ мынаны есте ұстаулары керек. Қазақ елі - қазақ ұлтының тұрағы, бір ұлттың ғана шаңырағы. Қалған ұлт өкілдері қазақты пана тұтып келгендер. Келімсектердің  өз Ата жұрттары, елдері бар. Кешегі Ұлы Отан соғысы кезінде  Ресейдің Еділ өңірінде қоныстанған 361 000 неміс, кавказдан 507 000 шешен, ингуш пен қарашай, балкар, қалмақ, қырым татарлары мен месхед түріктері қуғынға ұшырап біздің елді пана тұтып келгенде, біз құшағымызды аштық. Сол халықтар әлем тынышталған соң өз Ата жұрттарына қайта қоныс тауып кеткен жоқ па. Шоңжы елді мекеніндегі ұйғыр ағайындар осыны көріп білмей отырған жоқ. Олардың да өз Ата жұрты бар. Әлем тыныш болып тұрса, қытаймен алыс беріс жақсарып келе жатыр,  алдағы уақытта Ата жұрттарына еркін барып келулеріне жол ашылар... Қайран Қазағым, өзін пана тұтып келген осындай аз ұлт өкілдері қамын ойлап, кіші Ассамблея құрып, оларға депутаттық мандат ұстатып, мемлекетті басқару ісіне де қатыстырып отырған жоқ па. Әлемнің басқа қай елінде мұндай жағдай жасалған. Сонда   осы «ұйғыр ауданы » терминінің тарихына үңіліп қарайтын, ол терминнің қазақ елінің болашағы үшін қандай зиянды салдары бар екенін сараптайтын білікті сарапшылар елімізде күні бүгінге дейін табылмай отыр ма ?  Мен осы жерде сүре басында айтқан  көктен өз ілімдерін түсірген  21 патшаның бірі Тамарис ханымның өз  ілімі соңында  былай деп үн қатқанын сөзбе сөз жеткізгім келіп отыр;

«... Менің де сөзім құдайға жетіпті, шырақтарым, кім біледі жинап алып талай жазбаны түсірдік. Кім күшті екен мына жерде, менің жерімді кім жайлап алған екен, менің елімді кім басынады екен? Менің қазанымның ризығын кім шайқайды екен. Кім маған ақыл айтады екен? Мен ақылмен туылғанмын, мен осы жерге иемін. Мен осы құтқа келгенмін, құдайдан әмір етілгенмін. Менім кім – Қазағым.

Неге жалтақ болдыңдар, Бір Әлмерек әулиенің атын өз жеріңе қоя алмай салдарың суға шомылып неге отырсыңдар, жарығым. Қазаққа біреу сөз сөйлесе; «Наныңды же, асыңды іш, батамды ал да кет»- деуге жетпейме шама - намысың. Баяғы заман емес қой кесіп алар басыңды. Бүгінгі күнге айтарым, бекер жатқан жоқ рухым, Алла сендерге жіберсе де; «Көтеріл, соғысқа»- деп жатпадым. Бабасының атын барысынша бағалап жоғары қоя алмаған, ана отырған қақпастарға аманат қыламын. Бабасының атын көкке қоя алмай отырғаны үшін әлі бастары төмен салбырайды олардың. Соны ұмытпасын, ұмытса қазынасынан айырылады. Берекесі кетеді. Аруақты разы қыламын- десе, бастағанын іске асырсын Әлмерек жайлы бастама көтерген ел. Жыртыңдаған оңбағандар, елдік сөзге тұрмағандар, екі елдің басын ел қылып қоса алмайды. Қазір жерлеріңнің берекеті кетіп жатқаны, сол бастаған істің жөнін келтіре алмай жатқандарың. Бабаның атын айтқанға қорқып отырсыңдар ма, не дейсің?..»

Иә, аруақ Тамарис ханым осылай- деді. Аруақ осылай күңіренгенде біздікі не жорық?! Ханымның  маған былай үн қатуының аз кем жөні бар. Адам өмірден озған соң, жаны мен рухы көкке көтеріледі. Таза рухтар көктен бәрін көреді, тіпті адамның болмысына еніп  тағдырын да айтады. Мен аян арқылы Әлмерек Абызбен  рух алмасып оның  өсиеттерін қабыл еткен жанмын. Арада өткен соңғы ширек  ғасырда соның дәлелі ретінде айғақ сүйгіш қауымға айтар әңгіме де баршылық... Әлмерек бабамыз туралы алдымен  «Заң газетінде» (2006 ж) «Әлмерек абызды естен шығармайық!» Райымбеке батырдың 300 жылдығын атап өттік, батырға бата берген Әлмерек Абыздың 350 жылдығын кім ойлайды? Республика Вице Премьер-министрі А.Есімовке Ашық хат»-  деген тақырыппен мақалам жарық көрді. Жарияланған осы мақалаға орай сол кездегі облыс  әкімі Серік Үмбетовпен болған сұбхатымда Әлмерек жайлы сұрағанымда;

«...Бір әттегенайы – бұхаралық ақпарат құралдары бетінде бабамызға байланысты насихат жұмыстары өз дәрежесінде жүрмей отырған сияқты. Әлмерек бабаның тойын біз облыс көлемінде атап өтерміз ау. Егер осы бағытта жұмыстар жасалып жатса, жинақталған пікірлер мен ұсыныстарды Үкімет алдына қойып, бабамыздың тойын республикалық дәрежеде атап өтуге қол жеткізген болар едік...» («Заң газеті» №30 2 02 2007ж)- деп жауап қайтарған еді.  Әкімінің осы жауабы қамшы болып; «Болмашы сылтауды көлденең тарта бермейік. Тағы да Әлмерек бабаның 350 жылдығы туралы». Мәдениет және ақпарат министрі Е.Ертісбаевтың назарына» («Заң газеті», №176, 16.11.2007 ж.)- деген тақырыппен қайталап мақала жазғанмын. Осындай  ізденіс соңында жүріп «Әлмеректің оралуы» атты жыр толғау, соңынан осы атаумен өлеңдер жинағым шығып, Алланың қолдауымен  егемендік алған елімізге дініміздің, ілімнің қайта оралғанын, тіршілігінде Алла жолында болған әулиелеріміз қайта рухтанып жатқанын сүйіншілегенмін. Тиісті орындардағы басшылар  бұған да назар аударып мән бермеген соң 13 қазан 2016 жылы  «Қазақстан Zaman” газетінде (Редакторы Ертай Айғалиұлы бауырыма рахмет) «Осы жұрт Әлмеректі біле ме екен?» деген тақырыппен ішкі жан айқайымды тағы да жеткізгенмін.  Осы дүниелерді жаза жүріп  көзім жеткен нақтылы тарихи шындық  қазіргі Ұйғыр ауданы орналасқан «Әлмерек жайлауында» Әлмерек абыздың  жоңғар қонтайшысы  Ғалдан Бошктұның  бес мың  жауынгерінің қолбасшысы Шонжыны жекпе - жекте жер жастандыруы болды.  Шонжы кезінде Жәңгір ханды жекпе-жекте жеңіп әкесі Батұрдың Қарасайға кеткен кегін қайтарған батыр. Тағы бір дерек, «Шынтақ асуындағы» екі айға созылған соғыста  Қазақ Ордасына қарай 20 мың қайысқан қолмен беттеп бара жатқан  Қордайдың  қолына тұтқиылдан тап беріп, оның басын алуы. Сол  асу да алғаш «Қордай өлген» соңына «Қордай асуы» атанып кетті. Әлмеректің осы жекпе жектерін бағалап  ерлігін салмақтай беріңіз...Сол кездегі жоңғарлардың мақсаты – «Қарқара»  маңына қоныс тепкен Албан тайпасын жер бетінен жоқ ету болатын. Бұл тарихи соғыс жайлы тереңірек білгісі келетін оқырмандар, өзінің тұрғылықты мекен жайы қытайға барып келіп жүргенінде менімен телефон арқылы хабарласып деректер алған,  жазушы бауырымыз Әскер Тойғанбекұлының «Таңбалы» баспасынан жарық көрген «Қайран елім» тарихи трилогия романынан толық оқып білулеріне болады.

Тағы бір еске ұстар жайт, осы Әлмерек абыз туралы «Әлмеректің бес баласы және Еділ-Жайық» (2001 жылы «Қазақпарат» баспасынан жарық көрген) атты деректі тарихи танымдық кітап жазып, осы жиынға тағы да «Әз Тәуке және Әлмерек» актты екінші кітабын бастырып алып келген, Әлмерек бабасының нағыз жанашыр ұрпағы жазушы Ораз Қауғабай кезексіз сахнаға көтерілгенде, мүйіздеп қуып шықпай, төрге оздырып, иығына шапан жауып жіберген жөн еді ғой. Бұған қосарымыз рәсімге Ассамблеяның атынан Астанадан келген келген мәртебелі қонақтар қатарында  осы жиында Д.Қонаевтың айтуымен Әлмерек Абыз жатқан жерді  алғаш көрсеткен, қазіргі белгілі ғалым, жазушы Тұрсын Жұртбай мен жалғыз  теолог ғалым Д. Кенжетай (Менімше), соңғы сопы Мәшһр Жүсіп пен діни ілім иесі Садуақас Ғылмани туралы еңбектері жеке-жеке кітап болып жарық көрген Дихқан Қамзабекұлы отырғаны жөн еді. Бұл өкпе емес, күзгі Үлкен асқа ескерту...

Иә, Алланың әмірімен өткен, Әлмеректің ескерткішінің ашылу рәсімі мен Абызға арналған ғалымдардың теориялық конференциясы да қас қағым сәтте өте шықты. Сезген жан қазақ елі қашан да Аллаһтың назарында екендігін ұқты. Ұйымдастырушы қор иелеріне Алланың сауабы болсын. Алла екі дүниенің ырыздығын қатар ұстап өзінің жолында болған әулие құлдарын ақиретке дейін қанатты рух етіп достарымен бірге ұстайды. Соның нақтылы көрінісі осынау Қара даладағы «Әлмерек жайлауында» әділдік жалауы желбіреп, «Лә Илаһа Иллаллаһ»- деп жалғыз жаратушыға мадақ айтқан абыз рухы зікірін самал жел қанатына ілестіріп, жер әлемге алып қашып жатты. Баба ескерткіші басына қоштасарда қайта айналып соққанда соны сездік. Бірақ, таңертеңгі рәсімге қатысқан қара құрым халық көрінбеді. Рәсімге жеткенше қалай асықса, қайтуға да солай асыққан шығар... Тіршілік қой, солардың соңын алып,  рәсімге көлденең көк атты қонақ болып қатысқан біз де көкейге қонған  осы сүре сыбағасын тәубе деп қабыл алып, соны  ел игілігіне қазына, өзімізге Алланың дидарына қауышу үшін дәнекер дүние болып жазылуын тілеп, баба рухымен қоштастық...

Бақтыбай Айнабеков,

Хәлам иесі

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5343