Жұма, 22 Қараша 2024
922 0 пікір 21 Маусым, 2024 сағат 20:51

Жаңа БАҚ туралы заң: журналистер не дейді?

Коллаж: Abai.kz

Заман озып, жер тозған ғасырда өмір сүрсекте заманауи бұқаралық ақпарат құралдары жылдан жылға күшейіп, өзгеруде. Медиа-кеңістіктіктің аталмыш бұл замануи сипаты жаңа міндеттер мен мүмкіндіктерді заңнамалық тұрғыдан реттеуді қажет етпек. Медиа саласына енгізілген жаңа заң осы сыни тұрғыдан  қауіп-қатерлерге жауап болмақ. Сондай-ақ, өз кезегінде медиа ортаның дамуы мен жұмыс істеуі үшін тұрақты және әділ құқықтық базаны құруға деген ұмтылыс болып табылады.

Масс медиа өз кезегінде заман талабына сай платформалар мен медиа форматтардың кең ауқымын қамтиды: дәстүрлі газеттер мен теледидардан бастап онлайн басылымдарға, блогтарға, әлеуметтік желілерге және ағындық қызметтерге дейін. Бұл тұрғыда технологияның жылдам даму сатысы өз кезегінде ақпаратты жылдам өндіруге, таратуға және тұтынуға елеулі өзгерістер әкелді. Нәтижесінде араға бір жыл салып БАҚ туралы заңға президентіміз қол қойды. Осы тұста БАҚ-қа енгізілген жаңа заңдар жайлы ардагер журналистердің пікірін білейік деп, Jas Qazaq газетінің Бас редакторы, КТК телеарнасы Бас директорының орынбасары Срайыл Смайыл мырзамен сұхбаттасқан едік:

Сурет спикердің жеке мұрағатынан алынды

– Ұзақ уақыт талқыға түскен заңға нүкте қойылды. Жаңа заң жайлы ойыңыз? Оқып шықтыңыз ба?

– Атауы айтып тұрғандай, бұл заң дәстүрлі БАҚ - газет, журнал, телевизия, радио, ақпарат агенттіктерін ғана емес, бүкіл медианы - интернет ресурстарын да қамтиды. Өзгеріс көп. Соның ішінде журналистің ерекше мәртебесі мен құқығының қорғалуы, қазақтілді аудиторияның өрісін кеңейту, мемлекеттік емес БАҚ-ты грант арқылы қаржыландыру, елімізге хабар тарататын шетелдік телеарналардың біздің телеөнімді көрсетуге міндеттелуіне қатысты баптар бар. Соңғы жылдары қазақтілді оқырман мен көрерменнің көбейгені белгілі. Осыған орай, заңда ТВ-да қазақша контентті алдағы екі жылда 60 пайызға көбейту көзделген. Болашақта оның көлемі ұлғаятын болады.

Журналистердің құқығы демекші, жазылған немесе көрсетілген дүние бойынша талап -арыз мерзімі 1 жыл болып белгіленді. Яғни,

Енді екі немесе одан көп уақыт бұрын жазған мақаласындағы деректер үшін журналисті жауапқа тарта алмайды. Алдыңғы құжатта мерзімсіз болатын. Жалпы, бұл заң отандық БАҚ-тың жұмысына тың серпін беріп, сапалы контент жасауға, сол арқылы бәсекеге қабілетті болуына септігін тигізеді деп ойлаймын.

Аталған құжатта тағы қандай оңды өзгерістер бар?

– «Масс медиа туралы» Заң барлық ақпарат құралдарының, соның ішінде, Интернет ресурстардың дамуына ықпал етері анық. Бұл ретте әлгінде айтылған мемлекеттік емес БАҚ-ты грант жүйесімен қаржыландыру тетігінің енгізілуі маңызды фактор. Қаржыландыруда тарифтен сметалық жүйеге көшу сайттарға, газет пен журналдар үшін тиімді-ақ. Ақпарат құралы өз жобасын ұсынып, қазір ақсап тұрған салалық журналистиканы дамытады. Тағы бір жаңалық. Ақпарат агенттігі ретінде тіркелетін сайттар енді Интернет-басылым болады. Жаңа заң дәстүрлі газет пен журналдардың, олардың сайттарына да жаңа мүмкіндіктер береді.

Ал жаңа заң жайлы сайт журналистері не ойлайды екен? ZAKON.KZ сайтының журналисті, фрилансер Мұхит Тұрсынәлінің жаңа заң жайлы пікірі:

– Жаңа заңның артықшылықтары қандай?

– Жаңа заңда, менің жеке пікірімше, ең басты артықшылық – журналистің ерекше мәртебесі және заң алдында қуыным мерзімін нақты 1 жыл етіп бекіту. Мәртебе туралы көп айтып кетудің қажеті жоқ дешті, ал заң алдында қудалану әлсірегені айтып кетерліктей өзгеріс. Жаңа Масс медиа туралы заң журналистерге кез-келген құзыретті орган тарапынан қуыным бастауға бір-ақ жыл береді. Жарияланым мерзімі бір жылдан асқан сәтте БАҚ өкіліне тиісе алмайды. Бұл белгілі адамға ұнамай қалған журналисті жалған айыптауға үлкен кедергі. Немесе тәжірибелі журналисті маңсабын бастаған кездегі қателіктері үшін қудалауды алдын алады.

– Жаңа құжатта мемлекеттік және мемлекеттік емес БАҚ ұғымдарын ажырату да қамтылған. Мұның жүзеге асу процессі қалай болмақ? Бөліп-жару емес пе сіздің ше?

– Менің жеке пікірімше, және де мен солай болғанын қалаймын, мемлекеттік БАҚ пен жеке БАҚ-ты бөлу тек заң жүзінде болар. Бұның қандай артықшылықтары бар.

Ақпараттың тәуелсіздігі: бөліну жеке бұқаралық ақпарат құралдарының мемлекеттік ықпалға тәуелсіз жұмыс істеуіне мүмкіндік береді, бұл оқиғаларды әр түрлі және объективті түрде жариялауға ықпал етуі мүмкін. Пікірлердің әртүрлілігі: бөліну демократиялық процесс пен қоғамдық дискурс үшін маңызды қоғамдағы әртүрлі көзқарастар мен пікірлердің болуына ықпал етеді.

Монополияландырудың алдын алу: Мемлекеттік БАҚ-та қоғамдық пікірге әсер ету үшін көбірек ресурстар мен мүмкіндіктер бар. Бөліну мемлекеттің ақпараттық кеңістікті монополиялауына жол бермейді.

Десе де мемлекет тарапынан төнетін қауіп – жеке БАҚ-тарды заң жүзінде қудалау. Бқндай оқиғалар Қазақстанда орын алады ма, әлде жоқ па, әзірше беймәлім, уақыт көрсетер деп ойлаймын.

– Жаңа заңға сіздің қандай алып қосар ұсыныстарыңыз бар еді?

– Марқұм Алтынбек Сәрсенбай көкеміздің: журналисті кәсіби қателік үшін заң жүзінде қудалауға болмайды, – деп айтып кеткен сөздері бар еді. Расында, дамыған елдерде журналистер еш уайымсыз ойлаған пікірлерін айтып, қателесіп жатса да қоғамдық өмірге әсерлерін тигізуде. Сол тарапта, біздің журналистерге де сондай еркіндік керек еді. Жалған көп болып кетеді деп айтушыларға жауабым: журналист өз беделіне, бағана айтып кеткен ерекше мәртебесіне жұмыс істейді. Өтірікті ұрып айта беретін адамды, редакцияны кім тындамақ?! Болмай бара жатса, адамды қаралау, кемсіту мақсатында айтылып, жазылған заттарға ғана заң алдында жауапқа тартса дұрыс болар еді. Менің жаңа жобадан күткен басты үмітім осы болды.

Сурет спикердің жеке мұрағатынан алынды

Сонымен қатар журналист ретінде БҚО, Қазталов ауданы әкімінің көмекшісі, аудан әкімдігінің баспасөз хатшысы Асылбек Нәсіпқалиұлының да жаңа заң жайлы ойын білгіміз келді.

– Жаңа заң жайлы пікіріңіз қандай? Артық-кем тұсы бар ма?

– «Масс медиа туралы» ҚР Заңы еліміздегі бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін арттыратын және «журналист мәртебесін» айқындап берді.  Мемлекет басшысының тапсырмасымен масс-медиа саласындағы түйткілді мәселелер талқыланып, комиссия мүшелерінің де, қоғамның да пікірлері ескерілді деп ойлаймын.  Жалпы заң журналистика саласының әлеуетін арттырады деп сенемін.  Заңда мемлекеттік және мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдары деген ұғымдар бар.  Сонымен қатар уәкiлеттi органның бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамның моральдық дамуына зиян келтiруiне және жалпы адамзаттық, ұлттық, мәдени және отбасылық құндылықтардың бұзылуына мониторинг жасау құзыретiнің қосылуы жаңашылдық болды.  Бұқаралық ақпарат құралдарын мемлекеттік және мемлекеттік емес деп бөлуге қатысты түрлі пікірлер айтылуда.  Соның ішінде мемлекеттік басылымдарда «цензура» орын алады деген жаңсақ пікір қалыптасуда.  Олай емес.  Мәселен,  «Егемен Қазақстан»,«Қазақ әдебиеті»,«Ана тілі» сынды басылымдарда халықтың тұрмыс-тіршілігі мен ұлтымыздың руханиятына қатысты мәселелер ашық көтерілуде. Тек республикалық емес, облыстық, аудандық басылымдар мен сайттарда ашықтық қалыптасқан.  Бұл жерде мәселе редакцияның ұстанымы мен журналистердің кәсіби біліктілігінде деп ойлаймын.  Екінші мәселе уәкілетті органға мониторинг жасауға құзыреттілік берілуі де орынды.  Қазір сайттар мен әлеуметтік желілерді алып қарасақ ресми ақпараттан бұрын жалған ақпараттар тез тарайды.  Оның ішінде ұлттардың достығына сызат түсіретін, отбасылық құндылықтарымызды жаншып жатырған, мәдениетімізді аяқ асты еткен де жазбалар бар.  Ақпарат майданында  оғамның бірлігін, мемлекеттің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін уәкілетті органның мониторинг жасап,  тиісті қорытынды шығаруы қажет дүние.  Бұл ұтымды шешім. Алаштың ардақтысы Міржақып Дулатовтың «Қай елдің баспасөзі мықты болса, сол елдің болашағы зор» деген ұтымды сөзі бар. Еліміздегі журналистика саласын дамытуда «Масс-медиа туралы» Заңның ықпалы зор болмақ.

Дариға Асқар

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1461
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5297