Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3377 0 пікір 13 Қаңтар, 2014 сағат 07:55

Абайды ардақтаған ректор

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 2008 жылы шыққан оқу орнының 80 жылдығына арналған мерекелік кітаптан «1930 жылы университет Қазақ мемлекеттік педагогикалық институты деп атала бастады, 1935 жылы оған ұлы ақын Абайдың аты берілді» деген сөйлемді оқып, ойға қалдым. Сол жылдары оқу орнын кім басқарды және ол қандай адам еді деген қызығушылық туындады. Сұрағымның алғашқы жауабын да осы кітаптан тапқандаймын, келесі беттерін парақтағанымда «ҚазМПИ-дің 1935-1937 ж.ж. ректоры Шахислам Бекжанов» деген анықтама  мен суреті беріліпті, ал өмірбаяны мен қызметі туралы мәлімет берілмепті. Неге? Егер кітап құрастырушылар ол кісіні ендіргісі келмесе мүлдем айтпас еді, демек қолдарында басқа дерек болмаған. Міне, қызық, хакім Абайды яғни, алаштың ардақты ұлы Ахмет Байтұрсыновтың «Қазақтың бас ақыны» деп бүкіл қазаққа үлгі еткен бастамасын тез түсініп, қазақтың тұңғыш жоғары оқу орнының есімін Абай деп атауға нақты үлес қосқан ректор не себепті белгісіз болып қалды деген сұрақ көлбеңдеп,  мұрағатқа барайын десем денсаулық көтермей пұшайман болған жайымыз бар еді.

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 2008 жылы шыққан оқу орнының 80 жылдығына арналған мерекелік кітаптан «1930 жылы университет Қазақ мемлекеттік педагогикалық институты деп атала бастады, 1935 жылы оған ұлы ақын Абайдың аты берілді» деген сөйлемді оқып, ойға қалдым. Сол жылдары оқу орнын кім басқарды және ол қандай адам еді деген қызығушылық туындады. Сұрағымның алғашқы жауабын да осы кітаптан тапқандаймын, келесі беттерін парақтағанымда «ҚазМПИ-дің 1935-1937 ж.ж. ректоры Шахислам Бекжанов» деген анықтама  мен суреті беріліпті, ал өмірбаяны мен қызметі туралы мәлімет берілмепті. Неге? Егер кітап құрастырушылар ол кісіні ендіргісі келмесе мүлдем айтпас еді, демек қолдарында басқа дерек болмаған. Міне, қызық, хакім Абайды яғни, алаштың ардақты ұлы Ахмет Байтұрсыновтың «Қазақтың бас ақыны» деп бүкіл қазаққа үлгі еткен бастамасын тез түсініп, қазақтың тұңғыш жоғары оқу орнының есімін Абай деп атауға нақты үлес қосқан ректор не себепті белгісіз болып қалды деген сұрақ көлбеңдеп,  мұрағатқа барайын десем денсаулық көтермей пұшайман болған жайымыз бар еді. Тіпті, абайтанушы ретінде емес, осы институттың түлегі ретінде де Абайды ардақтаған ректорды білмеу азаматтығымыға сын, елге сіңген еңбегін зерттеп, бағаламау үлкен мін деп ұққан өкінішіміздің сол орнын республикалық «Түркістан» газетіне шыққан осы жылдың 5 желтоқсанындағы ақын Жарылқасын Боранбайдың «Атаусыз қалған арыстар» мақаласы толтырғандай болды. Қазақы дастарханды өлеңімен өрнектеп ақындығы танымал Ж.Боранбайдың ұлт тарихын зерделеуде де қаламының ұшқыр екенін білетінбіз, ал көпшілік көз жазып қала жаздаған Созақта туылып, қазақтың ұлына айналған атаусыз қалған арыстар туралы  мол деректерін көргенде, алғыстан басқа айтарымыз қалмады, қазақ атам мұндайда «арыстарда бір аунап тұрған шығар» демей ме?! Іздегеніміз табылып, бізде қуандық, Ж.Боранбаевты сөйлетейік: «Кітаптағы Шахислам делінген есімнің дұрысы – Шайхислам. Біз бұны оған берілген төлқұжаттан таптық. Мұнда ол Шайхислам деп көрсетілумен қатар, 16 ноябрь 1903 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданында туылған деп көрсетілген. Құжаттың нөмірі: АE№646892». Қазақ ұлтының, қазақ ұлының қуанышы мен азабы, гүлденуі мен күйреуі, тоқтығы мен аштығы қатар жүрген, тарихы – шежірелі, мұңлы тарих... Оқысаң қуанасың да, жылайсың...

«Қазақ, білімі жоғары, гуманитарлық. Қазақ педагогикалық институтының ректоры. Алматы облысы, Алматы қаласында тұрған. Қазақ ССР УГБ НКВД 1937 жылдың 6 қазанында тұтқындалған» деп жазылған , одан кейін ше, одан кейін қайта ұсталып, атылады... Не үшін, «осы ордалы оқу орнында бұған дейін әрқилы пікірлер қайшылығында болған, феодал, байдың тұқымы, аға сұлтан Құнанбайдың баласы, өзі де болыс болған деп қақпақылға түскен ақын Абайдың атын жиналыстан-жиналыс талқылай отырып, оң шешімін тауып, ұжымның ұсынысын алып бергені» үшін бе??? Әйтеуір «қазақты» ату керек, баяғы жаттанды айып «Сұлтанбек Қожанов, Темірбек Жүргенов, Санжар Асфендяров т.б. сияқты «Кеңес үкіметін құлатпақшы» болғандармен тығыз байланыста» деген желеу. 1961 жылы 20қаңтарда КСРО Жоғары Сотының шешімімен ақталады.

Қандай өкініш, өз тарихым, өз ұлтымның тарихы туралы білгенімнен білмегенім көп, біз бәрінде енді бастап жатқандаймыз... биыл асыл атаның жүз он жылдығы, атай алмадық, абайтанушы ретінде , тіпті Созақ ауданында Жыныс (қазіргі Таукент) ауылында Октябрь колхозындағы бір бұлақтың басында ол кісі де, мен де сонда туылыппыз, не айтарымды білмеймін, тек ұрпаққа сабақ болсын...

Кешір, асыл ата!

Жабал Шойынбет,

Абай атындағы ҚазҰПУ-і

«Абайтану» ғылыми-зерттеу

орталығының директоры, ф.ғ.к.

Abai.kz 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5572