Жексенбі, 24 Қараша 2024
Әне, көрдің бе? 1591 0 пікір 16 Шілде, 2024 сағат 15:50

Назарбаевқа тиесілі банкке санкция бұлты төнді!

Сурет: РБК сайты

ТМД-да жалғанды жалпағынан басқан бір президент болса, ол – Назарбаев еді. Ельцин мен Путин билігі кезінде ресейшіл екі басшының бірі - Назарбаев еді.

Бірақ Ельцин және Путин билігінің бастапқы кезінде Лукашенко РФ БАҚ-тары тарапынан үнемі сыналып жүрсе, Елбасының қылшығы қисаймай, орыс бизнес жілігінің майлы басын ұстаумен болды. Тіпті, отбасы бизнесінің қанатын жаюы үшін қазақтың экономикалық мүддесін құрбандыққа шалғанын отандық «арақ-шарап» және «темекі» бизнесінің Ресей нарығынан қағылуынан білеміз.

Бірақ экс-президенттің ұпайы түгел болып, қаржы нарығында Ресейлік «АТБ Банкті» қалтасына басқан еді. Енді міне, бұрынғы президентке тиселі осы банктің басына санкция бұлты төнгені жайында БАҚ мәлім етті.

Дүйсенбі күнгі мәлімдемеде: «Назарбаевқа тиесілі ресейлік «АТБ Банк» кез келген уақытта АҚШ-тың санкциялық тізіміне енуі мүмкін», - делінеді.

Бір білетініміз Ресей қаржы нарығындағы 320 банктің 30% -ға жуығы шектеуге түскен және ай сайын бұл тізім толығып отыр.

«Қазір «АТБ Банк» санкцияларда жоқ, бірақ жыл соңына қарай жағдай өзгеруі мүмкін. OFAC Ресейдегі қаржы ұйымдарын оқшаулау бойынша өз күш-жігерін күшейтуде», - деді жағдаймен таныс басылым көзі.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5576