Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 1515 19 пікір 19 Шілде, 2024 сағат 16:04

«Масс-медиа туралы» Заң: Министр Балаева не дейді?

Коллаж суреттері: primeminister.kz / baq.kz

«Масс-медиа туралы» Заңды іске асыру мақсатында әзірленген аккредитациялаудың Үлгілік қағидалары жобасы қазір әлеуметтік желілер мен БАҚ-та ызу-қызу талқы тудыруда. Журналист Тамара Вааль бастаған бір топ БАҚ өкілдері аталған үлгілік жобаға қатысты өздерінің сыни пікірлерін білдіруде.

Осыған қатысты ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева өз түсініктемесін жариялады.


Сурет: primeminister.kz сайтынан алынды

Аида Балаева, министр:

– Құрметті әріптестер! Бүгінде кәсіби медиа қауымдастығы «Масс-медиа туралы» Заңды іске асыру мақсатында әзірленген аккредитациялаудың Үлгілік қағидалары жобасын қызу талқылауда. Осыған орай оның кейбір тұстарын нақтылай кеткім келеді.

Жалпы аталған құжат жобасы қолданыстағы ережелермен салыстырғанда аса көп өзгермеген.

Мысалы, аккредиттеуден бас тарту негіздері туралы ережелерге тоқталсақ. Бұл БАҚ-тың жұмыс істеуін уақытша тоқтату немесе мүлдем жабу және ресми реестрде тіркелмегені туралы сот шешімі күшіне енген жағдайда іске асады.

Одан өзге, журналисттер арасында ең көп сұрақ тудырған Ереженің 10-тармағына, атап айтқанда БАҚ өкілдерінің қандай талаптарды сақтауы керектігіне тоқталамын.

Біріншіден, кез-келген журналист қай БАҚ атынан аккредитациядан өтсе, сол редакцияға ғана ақпаратты жинап, жариялай алады. Алайда журналистке бірден бірнеше БАҚ атынан аккредитация алуға ешкім тиым салмайды.

Екіншіден, бұл талап белгілі бір оқиғаға/іс-шараға қатысты журналистердің жеке пікірлері мен ұстанымдарын әлеуметтік желілердегі жеке аккаунттарында білдіруге қатысы жоқ.

Үшіншіден, регламент мәселесіне келетін болсақ, қолданыстағы ережелерде қазірдің өзінде іс-шараға қатысушылардың тақырыпты, уақыт тәртібін, қоғамдық тәртіпті сақтауын жүргізуші (яғни, іс-шара модераторы) қамтамасыз ететіні қарастырылған.

АҚШ пен Еуропалық Одақтың және халықаралық ұйымдардың халықаралық тәжірибесі көрсеткендей, белгіленген ережелерді, сондай-ақ заңнаманы бұзған жағдайда журналист іс-шараларға қатысу құқығынан және аккредитациядан айырылады. Мысалы, Еуропарламенттегі БАҚ қызметін реттейтін Ережеде түсірілімге рұқсат етілген арнайы орындар қатаң түрде белгіленген.

Төртіншіден, ережеде әрбір мемлекеттік органның немесе ұйымның белгілі бір іс-шараның регламентін өзі бекітетіндігі көрсетілген. Бұл ретте Министрлік уәкілетті орган ретінде ақпаратқа қолжетімділік қағидаттарын және журналистердің ерекше мәртебесін сақтау мәселелері бойынша аталған регламентті әзірлеу бойынша тиісті ұсыныстарын жіберетін болады.

Бесіншіден, ерекше маңызды мемлекеттік объектілерге кіру және сол мекемелердегі режимдерді ұстану да қолданыстағы заңнаманы сақтау мен қауіпсіздіктің айнымас бөлігі болып табылады.

Қорытындылай келе, ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ету мен журналистердің мәртебесін арттыру – әрқашан Министрлік қызметінің басты басымдығы екенін тағы да жеткізгім келеді.

Сурет: Abai.kz

Нұргелді Әбдіғаниұлы, журналист:

– Қазақстанның Мәдениет және ақпарат министрлігі «Ашық ҮЕҰ» порталында қоғамдық талқылау үшін «Журналистерді (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін) аккредиттеудің үлгілік ережелерін» жариялағанын бәріміз білеміз. Осыған қатысты бірі қолдайтын, бірі – қарсы жазбалардың туындап жатуы қалыпты жайт. Біз «Жаңа Қазақстанды» демократиялық ұстанымдағы елге айналдыруға Алаш жұрты болып қадам бастық.

Осы орайда: «Үлгі ереженің мәтініне қарасақ, Мәдениет және ақпарат министрлігі журналистерді ведомствоға қажетті шеңберге «қуып» жіберуге тырыспайды.

Ережеде аккредиттелген журналистің оны аккредиттеген мемлекеттік органнан тек аккредиттеуге өтініш берілген БАҚ-та ақпарат жинау және тарату міндеті белгіленген. Бұл дегеніңіз журналист осы ақпаратты басқа БАҚ-та, айталық, өзінің әлеуметтік желідегі аккаунтында, өзінің telegram-арнасында жариялай алмайды дегенді білдіреді.

Дегенмен, Қазақстан Конституциясында ақпаратты заңмен тыйым салынбаған кез келген тәсілмен еркін алу және тарату құқығы белгіленген. «Масс-медиа туралы» заңда ақпаратты таратуға шектеу қойылмаған. Ал Үлгілік ережелер Мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығымен бекітіледі, яғни бұл заңға тәуелді акт, заң емес!

Мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығы ел Конституциясына қайшы келеді», - деген жазбаны Айнұр Коскина өзінің әлеуметтік желісінде жариялады.

Осы даулы пікірді бастаған әріптесімізге Мемлекеттiк сатып алу туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V ҚРЗ бір қарап шығуын өтінеміз. Мемлекет қандай қадам жасамасын халық үшін жасайды. Және елімізде қабылданған әрбір Заң мен заңдық құқығы бар ережелерде мүддесіне халыққа қарсы келетін дүниелер жоқ. Бәрі де тиісті органдар мен халық сайлаған депутаттардың талқысынан өтіп барып, заң жүзінде бекиді.

Ал, енді ақпаратқа мемлекеттік органдардан тек аккредиттелген журналистер ғана қол жеткізе алатындығы қазақтың қара тілімен айтсақ, «шымшықты тек қасапшы сойсын» дегенді білдіреді. Ал, денесі Қазақстанда, ойы – өзге жақта жүрген журналистер жергілікті ерекшелігімізді, ұлттық ділімізді ұғынбай, бәрін қаралап, бастан аяқ төңкеріп жатса не болғанымыз? Осы жағын да аталған үлгіні талқылаған шақта ескеруіміз керек сияқты. Өзгеге көзсіз ілесуде қазақтың қара тілімен айтқанда, «аттыға ілесем деп, жаяудың таңы айырылыпты» болып шығады.

Дәл қазір Мәдениет және ақпарат министрлігі - ақпаратқа қол жеткізу жөніндегі уәкілетті орган ретінде халықпен тығыз байланыс жасап отыр. Неге десеңіз аккредиттеудің иісі танауына бармайтын, бірақ сауатты белсенді азаматтар әлеуметтік желіде тап сол аккредиттен журналистер айтпайтын һәм жазбайтын шындықты шырылдатып жұртқа жария етіп келеді. Бұл дегеніңіз Мемлекеттік органдар ақпарат иелері ретінде өз жұмысы туралы ақпаратқа еліміздің барлық азаматтарының қолжетімділігін қамтамасыз етіп келеді деген сөз.

Мәдениет министрлігі тап осы әлемжелі журналистерімен істес болып, айтқан уәжді сөздерінен қорытынды шығаруда. Журналистердің кәсіби қызметі үшін жағдай жасау жөніндегі міндеті Мәдениет министрлігінің мойына жүктелгендігін осы «Журналистерді (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін) аккредиттеудің үлгілік ережелерінен» байқай аламыз.

Сондықтан қызбалыққа салынбай ақты ақ, қараны қара деп, байыпты талқыға салғанымыз лайым!

Abai.kz

19 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5502