Сенбі, 21 Желтоқсан 2024
Аласапыран 1770 0 пікір 25 Шілде, 2024 сағат 16:20

Зеленскийдің бір қатесі – Қытайды көзге ілмеуі!

Коллаж: РБК

Украина Сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба кеше, 23 шілдеде қытай дипломатиясының басшысы Ван Инің шақыруымен Бейжіңге төрт күндік сапармен келді.

Киевтің Батыспен қарым-қатынасына әуестеніп, Қытайды ашықтан-ашық «көзіне де ілмеді». Себебі бұл Украина СІМ басшысының ҚХР-ға алғашқы сапары. Украинаның осындай жоғары лауазымды ресми адамының Владимир Зеленский әкімшілігін құрғаннан бергі алғашқы рет жолы түсуі.

Кулеба Бейжіңде. Бірақ Украина қытайлық талапқа көндігуге тиіс
Киевтің бұған дейін бар назарын Батыспен, ең алдымен АҚШ-пен қарым-қатынасқа басы бүтін аударып, Қытайды мүлдем елемеді. Ал енді Бейжіңге шекесінен шікірейе қарап түрлі талаптар қояды. Бірақ Киевтік саясаттың тарқатылған жібің бір ұштығы шын мәнінде Шығысқа келіп тіреледі. Украина Батысқа қанша бауырына кіре жерден жалпақтағанымен бәрі бір Қытай керек. Өйткені, Ресеймен қарым-қатынасты шектеуге, агрессияны тоқтату үшін оған қысым көрсетуге және т.б. Қытай ғана ешкімге жалтқтамай, халықаралық түрлі заңдылықтарды алға тартпай, бірден бел шеше кірісе алады.

Ал екі ел арасындағы қарым-қатынас мүлде басқаша болған кездер болды ғой. 2009-2014 жылдар аралығында Украина Қытайға қару-жарақ жеткізу бойынша үшінші ел болды. Себебі Киев қытайлық әскери ұшақтарға арналған қозғалтқыштарды тұрақты жеткізіп отырды. 2019 жылы Украина тәуелсіздігінің тарихында алғаш рет Киевтің басты сауда серіктесі Ресей мен еуропалық елдерді айналып өткен дәл осы Қытай болды.

Қытайдың ресми шенеуніктері бұдан әрі дамуға қызығушылық білдірген осы қарқынды дамып келе жатқан қарым-қатынастардың бетбұрыс нүктесі 2019 жылғы 28 тамызда АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джон Болтон Киевке келіп, қытайлық Skyrizon Aircraft және XinweiGroup топтарының «Мотор-Сич» зауыты акцияларының 50% -дан астамын сатып алуын Владимир Зеленскийге бұғаттатқаннан кейін саябырсыды.

Киев қытайлық әскери ұшақтарға арналған қозғалтқыштарды тұрақты жеткізіп отырды.

Американдықтар ол «Қытайдың әскери-өнеркәсіптік әлеуетін едәуір арттыра алады» деп есептеп, ҚХР әскери күшеюін қалмады. Қытаймен екі арадағы әскери-өнеркәсіптік арақатынастың бұзылуын Киев пен Вашингтонның қауіпсіздік пен қорғаныс саласындағы, сондай-ақ Қарулы Күштер мен Украинаның қорғаныс өнеркәсібін реформалау саласындағы ынтымақтастығын тереңдету мәселелерімен байланыстырған уәжге айналдырды.

Неге екені белгісіз 2022 жылы, Ресей агрессиясы басталғаннан кейін, Украина парламентінде Тайвань заң шығарушыларымен ынтымақтастық жасау тобының құрылуы маңызды мәнге ие болды. Бұған Қытайдың Сыртқы істер министрлігі Бейжіңдегі украиндық дипломаттарға наразылық білдіріп, оған жауап ретінде Раданың сыртқы істер жөніндегі комитетінің төрағасы және Тайванмен ынтымақтастық тобының жетекші мүшесі Александр Мережко Қытай «шетелдік парламенттің не істеуі керектігін айтуға тырысуда» деп мәлімдеді. Қытай ішіне дық сақтап қалды.

Біздіңше, Киевтің Пекинмен қарым-қатынасын тоқтатуы Владимир Зеленский әкімшілігінің ең үлкен қателіктерінің бірі болды дегіміз келеді. Иә, оған қысым көрсетілді, иә, Батысты маңыздырақ деп ойлайтын жағдайлар болды - бірақ бәрібір, бірақ бәрібір ол бұл қадамға бармауы керек еді. Осылайша, Украинада Қытайдың стратегиялық маңызы жете бағаланбады. Жаһандық оңтүстіктегі бірқатар ірі ойыншылардың, тіпті Қазақстан мен Өзбекстанның да стратегиялық маңызын қосып, бар күшін «батыс бағытына» жұмсауы бір жақтылық еді.

Зеленский қателесті. Бірақ мұны өте кеш түсінді. Яғни, әр нәрнесі өз аттарымен атайтын болсақ, оның саясаттағы ең елеулі қателіктердің бірі - «барлық жұмыртқаларды бір себетке салушылығы» болды. Ал енді, осы «әр себетке жұмыртқаларды бөліп салушылық» Зеленский саясатында жіберілген кемшіліктерді тез арада түзетуге тырысушылық болып табылады.
Алда арты ойластырылған Дмитрий Кулебаның Бейжіңге сапары осы жолы нәтижесіз аяқталады дегенді білдіре ме? Ресми Бейжің соңғы айларда Ресеймен қарым-қатынасты бірқатар себептерге байланысты «салқындатып» отырғаны басты көзірге айналмақшы. Бірақ қандай да бір оқыс оқиға орын алып қалады деп күтудің де еш қажеті жоқ.

Ең алдымен, Қытай басшылығы Украина қақтығысы бойынша өз ұстанымы бойынша кекілділерді саяси жағынан өзіне ынтық ете бастады. Сонымен жұмыртқа салатын жаңа саяси себеттен не күтуге болатындығын жуық арада білуіміз ғана қалды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1937