Жұма, 27 Желтоқсан 2024
Жаһан жаңғырығы 2413 9 пікір 16 Тамыз, 2024 сағат 15:29

Қытай ОА-да алшаң басуда. Ресей іштен тынуда...

Сурет region.kg сайтынан алынды

Қытай өзінің Қауіпсіздік жөніндегі жаһандық бастамасы шеңберінде Орталық Азия мемлекеттеріне әскери көмек көрсету үшін құқықтық негіз жасауға бел шеше кірісті.

АҚШ-тың Бейбітшілік институтының сайтында жарияланған мақалада: «Бейжіңнің бастамасы өңірдегі геосаяси шиеленісті одан әрі арттырып, күш теңгерімінің өзгеруіне алып келуі мүмкін», - делінген.

Ташкенттегі әлемдік экономика және дипломатия университетінің жанындағы перспективалық халықаралық зерттеулер институтында Қытайды зерттеу бағдарламасын басқарып отырған философия докторы Аббос Бобохонов атап өткендей, ҚХР Орталық Азияға қызығушылық танытып отыр. Алайда 2022 жылдың басындағы Қазақстандағы қаңтар оқиғалары Қытайдың өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысуы шектеулі сипатта екенін көрсетті.

Бейжің Орталық Азияның қауіпсіздігіне кепілдік беруге дайын екенін ашық мәлімдей бастады. Сол кезде Бейжің Астанаға көмек ұсынса да, президент Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына (ҰҚШҰ) кіретін Орталық Азия елдері мен Ресей арасындағы құқықтық тетіктердің жоқтығынан оны ресми қабылдай алмады.

«Соңғы жылдары Бейжің жаһандық басқарудағы рөлін арттыруға ерекше назар аудара отырып, өзінің сыртқы саясатының тұжырымдамалық шеңберін қайта қарауда. Си Цзиньпин ҚХР әлемнің жетекші державасына айналдыруға ұмтыла отырып, Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» (BRI) бастамасы мен жаһандық Оңтүстік елдері арасындағы ынтымақтастықтың жаңа форматтарын құру тәсілі ретінде Жаһандық қауіпсіздік бастамасын (GSI) қоса алғанда, бірқатар жаңа бастамаларды алға тартты.

Қытайдың көзқарасы бойынша Орталық Азия көршілес өңір ретінде оның жаңа жаһандық бастамаларында негізгі рөл атқарады және Бейжіңнің өз шекаралары бойында қауіпсіз және бейбіт жағдай жасау жөніндегі күш-жігеріне ықпал етеді. Ірі державалар тарапынан Орталық Азияға өсіп келе жатқан қызығушылықты ескере отырып, Қытай берік экономикалық және технологиялық байланыстарды қолдайтын және әсіресе қауіпсіздік мәселелерінде ынтымақтастықты кеңейтуге дайындығын көрсететін өңірде өз позициясын нығайтуға ұмтылады», - деп жазады Аббос Бобохонов.

Бобохонов 2023 жылғы мамырда Сианьда өткен Қытай-Орталық Азия бірінші саммиті барысында төраға Си Цзиньпин Қытай мен Орталық Азия арасындағы қарым-қатынастарды институционалдандыруды ұсынғанын, бұл құқық қорғау саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге қосымша серпін беретінін атап өтті.

Соңғы жылдары Қытай Орталық Азияға қатысты теңдессіз әскери және дипломатиялық белсенділік көрсетті. Қауіпсіздік жөніндегі жаһандық бастама (GSI) саммиттің қорытындысы болып табылатын Сиань декларациясында, сондай-ақ өңір елдерінің барлық президенттерінің қолдауына ие болған Қытай мен Орталық Азия мемлекеттері арасындағы екіжақты кездесулердің құжаттарында егжей-тегжейлі көрініс тапты. Бұл Қытайдың өңірмен екіжақты өзара іс-қимылы тарихында алғаш рет Бейжің Орталық Азияның қауіпсіздігіне кепілдік беруге дайын екенін ашық мәлімдегендігі болып табылады. Осылайша, осы қадам Қытайдың халықаралық қоғамдастыққа оның аймақтағы мүдделерінің аясы қауіпсіздік мәселелеріне де қатысы бар деген «месседжі» ретінде қарастыруға болады.

«Бұдан басқа соңғы жылдары Қытай Орталық Азияға қатысты теңдессіз әскери және дипломатиялық белсенділік көрсетіп келеді. Тек 2024 жылдың сәуір және мамыр айларында ҚХР-дың төрт жоғары лауазымды шенеунігі Орталық Азия елдеріне барып, өңірлік көшбасшылармен бірінші кезекте қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Сонымен қатар Орталық Азия елдері мен Қытайдың құқық қорғау органдары арасында бірқатар консультативтік кездесулер өтті. Сондай-ақ Қытайдың Орталық Азия елдерімен қауіпсіздік және қорғаныс саласындағы өзара іс-қимылдың тұрақты арнасын орнатуға қызығушылығы артып келеді. GSI-ге дейін Қытай ШЫҰ арқылы Орталық Азиядағы өз мүдделерін жиі қорғайтын. Алайда Үндістанның ШЫҰ-ға ҚХР-ға қарсы салмақ ретінде кіруі Қытайдың қауіпсіздік саласындағы күш-жігеріне нұқсан келтірді. Бұған дейін ШЫҰ-дан басқа Қытай да Ресейдің өңірдегі әскери қатысуына сенім артқан болатын. Бірақ Украинадағы соғыс Мәскеуді әлсіретті», - деп жазады өзбек сарапшысы.

АҚШ әскерлері Ауғанстаннан шығарылып, «Талибан» Кабулда билікке оралғаннан кейін Қытай ауған проблемасын шешу үшін Орталық Азия мемлекеттерімен байланысты дамытуға ерекше көңіл бөледі.

«Өздеріңіз білетіндей, Қытайдың Шыңжаң өңірі Ауғанстанмен шекаралас және этникалық азшылықтар арасында сепаратизм проблемасымен бетпе-бет келді», - деп жазады автор.

Ал Украин батпағына мылтыққан Ресей не күйде?

Қазіргі уақытта Ресейдің ауған проблемаларын шешу мүмкіндігі шектеулі, ал тәжік-қытай шекарасы Ауғанстанмен тұрақсыздандырушы күштерді ұстап тұруға тым осал. Демек, Қытай «Талибанның» Ауғанстанға толық бақылау жасай алмауы салдарынан осы елдің солтүстігінде ИГИЛ-мен байланысты топтың болуы өз қауіпсіздігімізге қатер төндіруі мүмкін деп алаңдайды.

Мақалада Қытайдың Орталық Азияда нығаюы «Ресейдің стратегиялық мүдделеріне барған сайын қайшы келеді» делінген.

Кейбір ресейлік ғалымдар Қытайдың Ресейдің қатысуынсыз Орталық Азиядағы қауіпсіздік мәселелерін шешуге деген талпынысы «өңірде сенімсіздік ахуалын тудырады» деп сарыуайымға салынып, дабыл қаға бастады. Қазіргі жағдайда Бейжің мен Мәскеу Орталық Азиядағы стратегиялық емес, тактикалық мақсаттарды бөліседі, себебі ресейлік және қытайлық ықпалдың теңгерімі біртіндеп, безбеннің басын Қытайдың пайдасына ауысыруда.

«Алайда батыс елдерімен қарым-қатынастың өсіп келе жатқан геосаяси шиеленісі Қытай мен Ресей үшін біріктіруші фактор болып табылады. Себебі төраға Си Цзиньпиннің 2023 жылғы наурыздағы Мәскеуге сапары барысында екі мемлекет Орталық Азиядағы қорғаныс және қауіпсіздік саласындағы күш-жігерді үйлестіруге келісті», - деп атап өттеді автор өзінің осы мақаласында.

«Осы күрделі геосаяси жағдайда АҚШ Орталық Азия елдері үшін баламалы серіктес болуға дайын екенін көрсетуге тырысты»,- деп жазады Бобохонов.

Әсіресе олардың Ауғанстандағы саяси араласуының қысқара түскенін ескерсек, АҚШ географиялық жағынан өңірден алыстығыда үлкен мәнге ие бола түсуде.

Тап осының салдарынан біз әлсіреген Ресейдің құшағынан ышқынып шыққан Орталық Азия елдерінің Қытаймен жақындасып, оның геосаяси бастамаларын қолдап келе жатқанын көріп отырмыз.

Қытайдың Орталық Азияда алшаң басуына кедергі келтіретін АҚШ алыс, ал, Украин батпағына малтыққан Ресей болса, тек іштен тынуда.

Abai.kz

9 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2052