Қазақстанда қазақ тілі жөніндегі комиссия құрылады! Ол қандай комиссия?
Қазақстанда қазақ тілі жөніндегі аранйы комиссия құрылады. Тиісті құжат жобасын ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі дайындады.
Емле комиссиясын құру жобасын Ғылым министрлігі ашық құқықтық актілер сайтында орналастырған. Аталған комиссия консультативтік-кеңесші органға айналады деп жоспарлануда.
Комиссия қажеттілігіне қарай, жылына кемінде екі рет жиналатын болады. Құжатта емле комиссиясы қандай қағидаларды ұстанатыны және қандай жұмыс атқаратыны көрсетілген. Ол бойынша:
1) Сөзжасамда, оның ішінде шетел сөздерін қабылдауда фонетикалық, морфологиялық, дәстүрлі-тарихи принциптерді сақтау;
2) Қазіргі кезеңге дейін жазу тәжірибесінде белгіленген негізгі нормаларды сақтау;
3) Қазақ тілінің сингармонизм заңын сақтау;
4) Сөздердің жазылуындағы біркелкілікті сақтау;
5) Тыныс белгілерінің біркелкілігін сақтау;
6) Сөздердің жазылуын жеңілдету;
7) Сөздік қорын кеңейту, жаңарту және жетілдіру;
8) Жиі қолданылатын және көнерген сөздерді ажырату мәселелерімен шұғылданады.
Комиссия сөзжасамның емлесі мен біркелкілігінің ережелерін әзірлейді. Сонымен қатар, сөздіктер мен анықтамалықтарға қойылатын талаптарды әзірлеу, басқа графикалық жүйенің құралдарын пайдалана отырып, бір графикалық жүйенің мәтіндері мен жеке сөздерін әріпке көшіру бойынша ұсыныстар әзірлеу кіреді.
Ашық талқылау 17 қыркүйекке дейін жалғасады және осы уақыт ішінде жобаға қатысты пікірлерді ашық құқықтық актілер порталында білдіруге болады.
Маусым айында министр Жасұлан Мәдиев «ChatGPT» қазақша нұсқасын әзірлеу туралы айтқан еді.
Abai.kz