Жексенбі, 22 Желтоқсан 2024
46 - сөз 1522 4 пікір 5 Қыркүйек, 2024 сағат 15:51

Игі дәстүрді қайта жаңғыртсақ!..

Сурет: adebiportal.kz

Кеше Алматыдағы «Букинист» дүкеніне барып, біраз кітап сатып алдым. Соның ішінде Мәскеудегі «Прогресс» баспасынан 1975 жылы шыққан «Зарубежная повесть» деп аталатын кітапты ерекше атағым келіп тұр.

«Иностранная литература» журналын білетін шығарсыздар. Кеңес одағы кезінде қатты оқылатын. Тиражы да көп болатын. Қазір әрине біздегідей олардың да оқырманы мүлде азайды. Бірақ, шығып жатыр. Ғаламторда сайты бар. Бірақ тегін емес, жарияланған шығармалардың электрондық нұсқасын сатып алып оқисыз. Бір кездері аталмыш журналда жарияланған үздік шығармаларды кітап қылып басып шығару дәстүрі бар еді. Менің қолымдағы «Зарубежная повесть» жинағы сол сериямен шыққан. Бұнда жапонның әлемге әйгілі жазушысы Коба Абэнің «Женщина в песках», Бразилиялық Эрико Вериссимоның «Пленник», Швейцариялық Фридрих Дюрренматтың «Авария», Болгариялық Иордан Радичковтың «Жаркий полдень», Ямайкалық Виктор Ридтің «Леопард», Польшалық Ежи Ставнискийдің «Час пик», Америкалық Джером Д. Сэлинджердің «Над пропастью во ржи», Венгриялық Иштван Эркеннің «Семья Тотов» деген повестері топтастырылған. Көріп отырсыздар, бәрі де мықты жазушылар, бәрі де үздік шығармалар. Повестер деп жалпы атаумен берілгенімен, бұнда көлемді романдар да бар. Көл-көсір қазына. Көлемі 950 бет, бір кемшілігі – әріптері тым үсақ. Өзі қызыл кірпіштен де қалың.

Кезінде шетелдік қаламгерлердің үздік шығармаларын бір жинаққа топтап шығару дәстүрі бізде де бар еді. Бірақ қазір сол үзіліп қалды. Бұл бағытта «Аударма» баспасы өте жақсы жұмыс істеді. Өкінішке орай жабылып қалды. Қазір енді «Фолиант» баспасы ара-тұра шетелдік қаламгерлердің үздік шығармаларын аудартып, кітап қылып бастырып жүр. Дегенмен, бұл бағытта ешкім де жүйелі жұмыс атқарып жатқан жоқ.

Қай салада болмасын, өзімізбен-өзіміз тұйықталып қалуға болмайды. Онда даму мен өсу де жоқ. Сондықтан ел ертеңін, ұрпақ қамын ойласақ, осындай игі дәстүрлерді қайта жаңғырту керек!

Думан Рамазан

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1948