Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Билік 902 1 пікір 30 Қыркүйек, 2024 сағат 16:25

Министрлік: Қытаймен арада су бөлу бойынша келісім әзірленуде

Фото: Kazinform

Қазір Қазақстан мен Қытай екі ел арасындағы трансшекаралық су ресурстарын бөлу туралы келісімнің жобасын әзірлеп жатыр. Жақын арада бұл құжат бекітілуі мүмкін. Бұл туралы ҚР Су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Болат Бекнияз мәлім етті.

«Жалпы, Орталық Азия елдерімен және Ресеймен тиісті шарттар бар. Қазір Қытаймен арада су бөлу бойынша келісім жобасын пысықтап жатырмыз. Әзірге, оған қол қойылмады, яғни бекітуге жақындап қалдық. Осы құжат жобасын біраз жылдан бері талқылап келеміз. ҚХР-мен арада трансшекаралық 25 өзен бар, соның ішінде екеуінде ғана ағын көлемін білеміз. Осы екі өзенде гидробекеттер болды. Ал қалғанында тиісті жабдықтар ескерілмеген», - деді Б.Бекнияз елордада өткен жиында тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Оның айтуынша, бұл бағытта зерттеулер ұйымдастырылды.

«Біздің мамандар Қытайға сапарлады, сондай-ақ көрші елдің сарапшылары бізге келді. Бірлесіп бүкіл өзендерді зерттедік. Аталған келісімді бекіту үшін осы өзендерге қатысты нақты деректерді анықтау керек. Қазір қанша су келетінін біліп отырмыз», - деді вице-министр.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2036