Жұма, 8 Қараша 2024
Ақмылтық 1214 2 пікір 3 Қазан, 2024 сағат 16:21

Орта Азия елдері және «Бір белдеу, бір жол» бастамасы

Сурет kazpravda.kz сайтынан алынды.

«Жібек жолы» Қытайдың ежелгі Астанасы Чаңаннан (қазіргі Си-ань) басталып, ҚХР-ның Шыңжаң және Орта Азия елдері арқылы Таяу Шығысқа, одан ары Батыс Еуропа елдеріне жалғасатын керуен жолы.

Бұл атауды алғаш ғылыми айналысқа түсірген 19 ғасырдағы  Германия ғалымдары Ф. фон Рихтһофен бен А. Һерман  еді. VI ғасырдан бастап еліміздің Сырдария мен Тәңіртау бағыттары бойынша Қытай жібегі мен шәйін артқан түйе керуені сапарын жалғастырып отырған. Кейіндеп батыс пен шығысты жалғайтын Қазақстан мен Орта Азия елдерін басып өтетін жаңа бағыттар ашыла бастады.

Уақыт өте келе «Жібек жолы» тек сауда жолы болып қана қоймай, батыс пен шығыстың арасындағы өркениет пен мәдениеттің өзара алмасуы, әсер етуі үшін үлкен рөл ойнады. Бағзы замандағы Қытай, Үнді, Мысыр, Грек-Рим, Вавилон, Орта Азия өркениеттері бір-бірімен тоғысып, кемелдене түсті. Кіріккен өркениет әсерінен жаңа діндер, жаңа ағымдар пайда болды. Адамзаттың жаратылысты танудағы түйсігі,  танымы, сенімі дінге,  ғылымға жол ашты. Будда, Христиан,  Ислам қатарлы діндер дүниеге келді. Дінді мақсут еткен адамзат байлықтың символына айналған алтын-күміс екенін танып, сол үшін жан алып, жан берісті. Сонымен, алып империялар дүниеге келді. XIII ғасырдан бастап Мұхит жолы ағылғаннан кейін құрлықтағы «Жібек жолының» ықпалы біртіндеп әлсірей бастады.

Өткен ғасырдың соңғы он жылдығында Кеңес Одағы ыдырап, Орта Азия елдері тәуелсіздік алған соң сыртқы,  ішкі саясатта өздеріне ыңғайлы, тәуелсіз, дербес бағыт ұстана бастады. Сонымен, қазір 80 милионнан астам халқы , 3,882,000 шаршы шақырым территориясы бар әлемдегі уран қорының 20, мұнайдың 17,2, табиғи газдың 7 пайызын ұстайтын, сонымен бірге көмір өндіріуде 10-шы, электр энергиясын өндіріуде 19-шы орында тұратын туысқан елдер бүкіл әлем елдерінің назарын аудара бастады.

2014 жылы Қытай төрағасы Си Цзинь-Пинь Астанаға мемлекеттік сапармен келіп  Н. Назарбаев университетінде студенттермен кездескенде тұңғыш рет құрлықтағы «Бір белдеу, бір жол» бастамасын ортаға қойды. Сол тарихи оқиғаға да міне он жыл толып отыр. Осы барыста Азия, Европа және Африкадағы 150-ден астам ел тарам-тарам темір жолдар желісі, жоғары қарқынды күре жолдар және теңіз-мұқиттар арқылы бір-бірімен барыс-келіс жасап, экономикасын дамытып отыр.  Батыс пен Шығысты, Оңтүстік пен Солтүстікті жалғастырып Еуразия кіндігіне орналасқан Қазақстан Европаға баратын жер үсті тасымал транзиттінің 85 пайызын өз аумағынан өткізе алатын мүмкіндікке ие болды. Соңғы 15 жылда еліміз осы мақсатқа арнап 35 милиардтан астам қаражат бөлді. Соның арқасында Лияньюгандағы Қазақ-Қытай логистикалық орталығы, «Қорғас» құрғақ порты, Батыс Қытай-Батыс Европа транзиттік магистраль,  Қытайдан Иранға баратын темір жол дәлізі қатарлы мегежобалар іске қосылды. Былтыр ҚР Президентінің жолдауында көлік және су істері сынды екі министрлік құрылатын болды. Алдағы үш жылда елімізде 1300 шақырым жаңа темір жол салынады. Бақты-Аякөз бағытын тұтастыратын темір жол құрлысы мен Бақты, Қалжат құрғақ жаңа порттары құрлысы жоспарға енді. Қазақстан мен Қытай Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту жөніндегі үкіметаралық  келісімге қол қойды. Сондай-ақ «Цифрлық Жібек жолы» және зияткерлік ықпалдастықтың жаңа моделін құру тұралы да уағдастылыққа қол жеткізілді.

Еліміз бен Қытай мәңгілік стратегиялық достыққа қол койып дипломатиялық қарым-қатынастың отыз жылдық алтын дәуірін бастан өткізді. Осы барыста екі елдің арасын екі мұнай, екі газ магистраль жалғап жатыр. Индустриялық өндірісті дамытуға арналған Қытайдың еліміздегі 57 ірі жобасы біртіндеп іске асып жатыр. Былтырдан бастап ТМД кеңістігінде Қазақ-Қытай арасында тұңғыш рет визасыз барыс-келіс келісімі күшіне еніп,  екі ел азаматтары мен кәсіпкерлеріне үлкен мүмкіндік,  қолайлылық туғызды Интернат саудасының жаппай етек алуы Почта саласының жұмысын жандандыра түсті. Еліміздің «kaspi bank» Қытай нарығына шықты, сөйтіп кәсіпкерлердің тапқан-таянғанын АҚШ долларының қырық құбылған курсы жеп қоятын қауіптен құтылды. Пандемияның алды-артында Қытайдың машина жасау өнеркәсібі арзан баға, сапалы өнімімен Қазақстан және бүкіл ТМД нарығына өз әлеуетін әйгілесе, қазақтың ұн, сусын, сүт, ет, тәтті тағам, бал, күнбағыс майы қатарлы таза экологиялық жасыл өнімдері Шыңжаң және Ішкі Қытай нарығына зор сұранысқа ие болды.

Қытай экономикасы ҚКП-ның  1978 жылы 11 сьезд 3 пленумынан кейін қабылдаған ашық есік саясатынан бері орташа жылдық өсу қарқыны 8,9 %-ға жетіп, Ел экономикасы 47 есеге өсіп әлемдегі ең үлкен өндіріс ошағына айналды. Соңғы он жылда Қытай әлемдік экономикалық өсуге қосқан үлесі 30%-дан асыпты. Пандемиядан кейінде жалпы экономикалық өсім 5%-ды құрап отыр. Болашақта екі ел арасында ауылшаруашылық, туризм,  ғарыш, жер қойнауы байлықтарын өңдеу, жасанды интеллект, кванттық коммуникация, білім, медицина саласында селбесіп,  бірлесіп жұмыс істеу мүмкіндіктері мол болып тұр.

Екі жылдан бері Астананың бастамасымен «ОА-плюс» форматындағы жаңа диалог пайда болып алғашқы бас қосуын еліміздің бас қаласында өткізді. Содан бері осы форматтағы форум тоғыз рет өтті. Соның бірі «ОА-ҚХР» Ұлы Жібек жолының бас бекеті Сиань қаласында өтті. Міне, бұл ділі, діні, дәстүрі тоғысқан Орта Азия елдерінің бірге күш жұмылдыру арқылы әлем алдындағы салмағы арта түскенін айғақтайды әрі байырғы «Жібек жолының» жаңа дәуірдегі маңызы мен мәнін арттыра түседі.

2024 жылы тамыздың 8 күні Астанада өткен Орта Азия елдерінің жетекшілерінің бас қосуындағы ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың сөзімен айтсақ: «Жаңғыруға және озық білімге ұмтылумен қатар, дәстүрлі құндылықтарды ұмытпау жолы - Орталық Азияның даму бағдары. Сөйтіп, біздің аймақ жаңарып жатқан халықаралық жүйенің дербес әрі ықпалды мүшесіне айналып келеді. Бүгінгі халықаралық геосаяси және геоэкономикалық өзгерістердің Евроазиядағы орталығы ретіндегі ролімізді нығайтуды көздеп отырмыз».

Ежелгі «Жібек жолын» жаңғырту мақсатындағы Қытай елінің «бір белдеу, бір жол» бастамасы мухиттан алыс орналасқан туысқан Орта Азия елдерінің мүддесімен сабақтасып жатыр. Сондықтан да батыс пен шығысты жалғап отырған туысқан елдер мына күрделі халықаралық жағдайда өзара селбесе отырып, өз мүдделірінің үдесінен шыға біледі деп сенеміз.

Омарәлі Әділбекұлы

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1132
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 2347
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 2357