Бейсенбі, 4 Желтоқсан 2025
Жаңалықтар 120 0 пікір 4 Желтоқсан, 2025 сағат 14:10

Еліміздің үздік имамы анықталды

Сурет: Muftyat.kz сайтынан алынды.

Астана қаласындағы “Әзірет Сұлтан” мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен І республикалық “Үздік имам” интеллектуалды білім сайысы өтті.

Марапаттау рәсімінде Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы сайыстың маңыздылығына тоқталды.

Имам – мешіт қызметкері ғана емес, қоғамның рухани тірегі, ұлттық тәрбиенің, ел тыныштығы мен ұлт бірлігінің ұйытқысы. Бүгінгі білім сайысы әрбір имамның өз әлеуетін көрсетіп, білімін шыңдап, тәжірибесін байытуына үлкен мүмкіндік туғызды деп есептеймін. Білім сайысына еліміздің әр облысынан іріктеліп келген ең үздік имамдар өздерінің білімі мен парасатын паш етті. Сондықтан осы сайысқа қатысқан әрбір имам жеңімпаз атанды деп санаймын, – деді Бас мүфти.

Ол имамдар арасындағы бұл жарыс жыл сайын жаңа деңгейде ұйымдастырылып, дәстүрге айналатынына сенім білдірді.

Әділқазылар алқасының шешімімен І республикалық “Үздік имам” интеллектуалды білім сайысының жүлдегерлері:

I орын: Бекзат Азатбекұлы Құсанбаев – ШҚО, Өскемен қалалық орталық мешітінің наиб имамы;

II орын: Нұрлан Мұрат – Жамбыл облыстық “Һибатулла Тараз” мешітінің наиб имамы;

III орын: Қуаныш Тоқсанбайұлы Әбішев – Алматы қалалық Орталық мешітінің наиб имамы.

Жүлдегерлер үшін жүлде қоры 500, 400, 300 мың теңгеден болса, жарысқа қатысқан имамдарға 50 мың теңгеден ынталандыру сыйлығы берілді.

Abai.kz

0 пікір