Сенбі, 23 Қараша 2024
Бірлігіміз жарасқан 726 0 пікір 4 Қазан, 2024 сағат 14:03

Түркі мемлекеттері ұйымына 15 жыл!

Сурет ТМҰ телеграм арнасынан алынды.

Тура 15 жыл бұрын, 3 қазанда Нахчыванда Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесін құру туралы келісімге қол қойылып, ол іле-шала Түркі мемлекеттері ұйымына (ТМҰ) айналды.

Бұл күн түркі елдерінің бірлігі мен өзара іс-қимылының символына айналып, тым қысқа мерзім ішінде халықаралық ынтымақтастықтың тұрақты және ықпалды форматын қалыптастыра білді.

Өзінің жұмыс істеген жылдары ішінде ТМҰ өзін тұрақтылықты нығайтуға және орнықты дамуды қамтамасыз етуге елеулі үлес қосуға қабілетті халықаралық қатынастардың беделді қатысушысы ретінде көрсетті. Түркі интеграциясы транзиттік-көліктік өзара іс-қимылдан бастап, экономика мен экология һәм ғылым, білім, мәдениет пен туризмге дейінгі көптеген бағыттарды қамтиды. Гуманитарлық ынтымақтастықты дамытуға және халықтар арасындағы мәдени байланыстарды қолдауға ерекше назар аударылады.

Анкарада Нахчыван келісіміне, Түркі мемлекеттері ұйымының құрылтай құжатына қол қойылғанына 15 жыл толуы «Түркі ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен перспективалары» панельдік пікірталасы өтті.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3232
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5341