Жұма, 27 Желтоқсан 2024
46 - сөз 2719 5 пікір 7 Қазан, 2024 сағат 17:30

Отандық АЭС салынатын болды...

Сурет ҚР ОСК сайтынан алынды.

Сонымен елде екі жыл бойы АЭС-ті салу-салмау туралы елес болып кезген, ду-ду әңгіменің басы анықталды. Кешегі референдумда дауыс берушінің 71,12% қолдады.

Алдына ала қорытындының нәтижесі осы. Өзімнің болжамым бұдан он пайызға төменірек деп ойлағам. Бірақ, Президенттің әрбір келелі халықтық жиында, Жолдауларда, кездесулердегі дөп сөздері, одан қалды қоғамдық насихаттық бағыт жұмыстары бір жарым жылда анағұрлым көрсеткішке әкелді. Кеше ғана бір такси жүргізушінің әбден ютуб пен тик-токтан небір инфосығанның біржақты сөздерінен дәлелсіз түйген ойларын, АЭС-ң салынуы өте маңызды деп көндірген едім. Ақыры мені тастап сайлау учаскесіне бір-ақ тартып кеткені бар. Бұдан былайша айтқанда, көп жұртқа дұрыс қарапайым түсіндірменің қажеттігі көрінеді.

Негізі АЭС-ті салуға өз ортамда біраз қолдау бар, бәлкім, оқып, талдай алатын орта болғандықтан шығар.

АЭС-ке деген күдік пен үрейдің сейілгені бар. Мамандардың алдыңғы қатарға шыққанын көруге болады. Әйтпесе, кім көрінгені аэстанушы болып бара жатқан еді...

Референдумға дейін елде түрлі қоғамдық талдаулар, ғылыми орталарда қызу талқылар өтті. Әрине, қарсы шығушы тарап та болды. Олар Чернобыльді, Семейді айтты, бірақ балық пен тауықты салыстырғандай мысалдары ақылға қонбады. Шамасы атом бомбасы мен атом энергетикасын соған қарғанда әлі де білмегені ғой.

Соңғы отыз жылда технология мен ғылым көз жеткізбестей жылжуда. Қазіргі АЭС-тер табиғат апаттары болсын, болмасын, бәріне дайын. Бір жапонның қаласында 19 АЭС бар. Ал енді күнде жерсілкінісі өтетін Жапония, АЭС-ті салудан бас тартпай салуын күшейтуде. Өйткені, заманауи АЭС бір емес бірнеше сақтандыру жүйесімен жабдықталады. Кешегі Президенттің сөздері де осыған дәлел. Отандық АЭС халықаралық консорциум арқылы бірнеше дамыған елдің технологиясымен салынбақ.

Сонымен, АЭС салып жатқан 20 елдің ішіне бізде кіретін болдық. Айтқандай, мемлекет жаңа ғасырдың ірі амбициялық жобасын бастайды. Бұл келешек ұрпақтың игілігі.

Қара көмірдің түтініне уланбай, энергияны қыруар қаржыға шетелден сатып алмай, қалай болғанда да өзіміздің АЭС-мізге қол жеткіземіз, бұйырса.

Қазақстан халқының 71,12% осы дамуды қолдады. Құтты болсын!

Мақсат Жақау

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2052