Дүйсенбі, 4 Қараша 2024
Қылмыс 643 2 пікір 8 Қазан, 2024 сағат 14:18

Талғардағы жасөспірім өлімі: Прокуратура жауап берді

Фото: Kazinform

Талғар қаласының тұрғындары 16 жастағы жасөспірімнің өліміне байланысты наразалыққа шықты. Алматы облысының прокуратурасы бұл іске байланысты мәлімдеме жасады.

Марқұмның туыстарының айтуынша, жанжал жасөспірімнің отбасына тиесілі дүкенде басталған. Сатып алушы сыра алып, ақша төлемеген. Екі арада туындаған кикілжеңнен кейін сатып алушы бір топ адамды шақырып, жасөспірімді соққыға жыққан.

Жасөспірімнің әкесі ҚР Бас Прокуроры Берік Асыловқа үндеу жасап, тергеу мен соттың ашық болуын талап етті.

Алматы облысының Прокуратурасы кісі өлтіру туралы бұл іс  ерекше бақылауда екенін ресми түрде хабарлады. Сондай-ақ прокуратура мәліметіне сәйкес, қылмыс жасады деген күдік бойынша жеті күдікті ұсталып, 2 ай мерзімге қамауға алынды.

– Осы жылдың 4 қазанында Талғар қаласында төбелес болып, қаланың 16 жастағы тұрғыны пышақ жарақатынан қайтыс болып, екі азамат ауыр дене жарақатын алды. Марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айтамыз. Біз барлық жағдайларды анықтауға және кінәлілерді жауапкершілікке тартуға бағытталған объективті тергеуге кепілдік береміз. Барлық азаматты осы қылмысқа қатысы бар адамдарды жауапкершіліктен алып тастауға ешқандай әрекет жасалмайтынына сендіргіміз келеді. Тергеуге көмектесетін кез келген ақпараты бар әр адамды прокуратура немесе ішкі істер органдарына жүгінуге шақырамыз, - деп хабарлады прокуратурадан.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 827
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 1065
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 1010