Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Билік 1584 1 пікір 18 Қазан, 2024 сағат 12:49

Мәжілісте Цифрлық кодекс жобасын талқылау басталды

Фото: Мәжіліс

Алғаш рет депутаттар, жауапты мемлекеттік органдар және сарапшылардың бірлескен жұмысына арналған «Ашық код» алаңы іске қосылуда.

«Ашық код» форматы бағдарламашыларға жақсы таныс және ол ашық талқылаулар мен кәсіби мамандардың өз ұсыныстарын енгізуді көздейді.

Цифрлық даму министрі Жасұлан Мәдиевтің айтуынша, Цифрлық кодекс Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру үшін әзірленіп, Қазақстанды цифрландыруды реттеудің жаңа форматын көрсетті.

Мәжіліс депутаты Екатерина Смышляеваның айтуынша, жоба аясында сыртқы пікірталастар да жоспарлануда. Бүгіннің өзінде кәсіби қауымдастықтар деректерді басқару, цифрлық платформалар құқығы, киберқауіпсіздік, «Цифрлық құқық» сияқты бағыттар бойынша арнайы алаңдарды жоспарлап отыр. Цифрлық кодекс бойынша жұмыс саясатты, практиканы және ғылымды біріктіруі тиіс.

Бүгінгі таңда Кодекс жобасында автоматтандырылған шешімдерге және оларды адамның қатысуымен қайта қарау мүмкіндігіне қатысты негізгі сәттер, цифрлық инклюзия, цифрлық теңсіздікті болдырмау, цифрлық нигилизмге қатысты негізгі тәсілдер көрсетілген. Тағы бір маңызды мәселе – қауіпсіздік. Кодекс деңгейінде цифрлық ортада қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі тәсілдері ұсынылады.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2050