Жұма, 22 Қараша 2024
Билік 874 1 пікір 24 Қазан, 2024 сағат 12:17

Үкімет: Шығыны мол мекемелер бірігеді...

Фото: Үкімет

Биыл үкімет «Қазсушар» мекемесін мен «Нұра топтық су құбыры» мекемелерін біріктіреп, мекемелердегі шығыны мол қызмет түрлерін жоймақ. Бұл туралы премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Су кеңесінің отырысында белгілі болды.

Айта кетейік, көктемде президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл мекемелер түбегейлі қайта құрылатынын мәлім еткен. Енді белгілі болып отырғандай, үкімет екі компанияны біріктіріп, ондағы шығындарды едеуір азайтпақ.

«Биыл «Қазсушар»-ды «Нұра топтық су құбыры» компаниясына біріктіру арқылы қайта құрамыз. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсарту мақсатында бейінді емес және шығыны мол қызмет түрлерін оңтайландыру басталды. Қазір қолда бар 1440 техниканың жартысынан көбі жаңартуды қажет етеді. Осыған байланысты Үкімет биыл маусым айында 757 бірлік техника сатып алу үшін 51,7 млрд теңге бөлді», - деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.

Отырыста сөз сөйлеген премьер-министр де су үнемдеу технологияларын енгізу арқылы саладағы шығындарды азайту керек екенін алға тартқан.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1431
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3198
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5101