Жұма, 18 Сәуір 2025
Жөн-ақ 1035 0 пікір 28 Қазан, 2024 сағат 15:51

Cарандағы жылу дауы: Әкім сөгіс алды...

Фото: istockphoto.com

Саран қаласының әкімі Еркін Баулықов пен Қарағанды облысының Энергетика және ТКШ басқармасының басшысы Тілектес Досаев қатаң сөгіс алды.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Азамат Тайжановқа ескерту түрінде тәртіптік жаза жарияланды.

Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев аппараттық кеңесте мәлімдеді.

"Өзінің қызметтік міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін, атап айтқанда, жылыту маусымына дайындықты жеткіліксіз түрде бақылағаны үшін менің бірінші орынбасарыма ескерту түрінде тәртіптік жаза қолданылсын. Саран қаласының әкімі мен Энергетика және ТКШ басқармасының басшысына қатаң сөгіс жариялансын. Қыс мезгілінде сапалы жылумен қамтамасыз ету міндеті біз үшін басым екенін тағы да еске салғым келеді. Жұмыс тұрақты түрде жүргізілуі керек! Әр жағдай бойынша қатаң баға беріліп, жауапкершілік дәрежесі анықталады", – деді өңір басшысы.

"Саран қаласының әкімі қаладағы жылу жағдайы туралы баяндады. Оның айтуынша, барлық жергілікті қазандықтар штаттық режимде жұмыс істеуде, отын қоры қамтамасыз етілген. Кейбір үйлер бойынша қалалық чатқа түсетін сұрақтар жедел қаралады", – деп сендірді Еркін Баулықов.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2007
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4867
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4067