Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Әріптестің әңгімесі 1144 2 пікір 13 Қараша, 2024 сағат 16:07

Курскі шайқасы: Трамптың жоспары қандай?

Коллаж: Mezgil.kz / Суреттер: kommersant.ru, president.gov.ua, rbc.ru сайттарынан алынды.

Соңғы аптадағы Ресей мен Украина арасындағы қанқасап соғыстың басым көп ақпараттары Донбас майдандары мен Курскі шайқастары төңірегінде өрбуде. Бұл туралы Mezgil.kz ақпараттық порталы жазды. 

Ресей Курскіні қайтару үшін күш қылып, Солтүстік Корей мен Ресей армиясының едәуір бөлігін Курскіге аттандырғаны белгілі. Сарапшылар: «Ресей Украинаны Курскіден шығаруға тырысады. ал Трамп бұған қалай қайрат қылады?», - деген сауалды ашық талқыға шығаруда.

ТРАМПТЫҢ ЖОСПАРЫ – КСРО ҚОЛДАНҒАН АМАЛ МА?

Байдан билігі кезінде Украина Ресей жеріне әскер кіргізе алды. Енді Трамп билікке қайта кетгенде не болмақ? Осы мәселе төңірегінде әлемдік БАҚ түрлі жосықта талқылауда.

Сарапшылар: «Трамп Украина үшін фин және корей нұсқаларының қоспасын дайындап жатыр. КСРО кезінде фин мен кәрісті екіге бөлген саясат жүргізген болатын. Бұл қоспа Путин режімі жағдайында қандай болмақ?», - дейді.

ПУТИН ТАПСЫРМАСЫ: 50 МЫҢ ӘСКЕР КУРСКІНІ АЗАТ ЕТСІН!

Ресей президенті РФ Қорғаныс министрлігіне нақты тапсырма қойып, Курскіні азат етуге мерзім бекіткен. Таяу күндері Ресей қалың қолмен шабуыл бастамақ. Ресей Курскіні азат ету үшін 50 мың сарбаз жұмылдырған. Осы 50 мыңның ішінде Солтүстік Корейден көмекке жіберілген әскер де бар.

Сарапшылар: «Президент Путин АҚШ-тағы президенттік инаугурацияға дейін, яғни, Трамп президенттік қызметіне кірісетін 20 қаңтарға дейін Курскіні азат етуді жоспарлап отыр», - дейді. Бұл туралы «The Telegraph» жазды.

Осыған байланысты Еуропадағы саяси орта да жақын күндері «Ресей Курскіде үлкен шабуылға шығады» деп күтеді.

«CNN» агенттігі: «Ресей Курск облысында ауқымды шабуыл дайындауда. Олардың арасында ресейлік сарбаздар да, Ким Чен Ын режимінің солтүстік корейлік жалдамалылары да бар.Әскер саны кемінде 50 мың адамды құрайды. Ал шабуыл таяу күндері басталуы мүмкін», - деп хабар таратты.

УКРАИНА: КИМ ӘСКЕРІ КУРСКІНІ ҒАНА ЕМЕС, БЕЛГОРОДТЫ ДА ҚОРҒАМАҚ...

Украина Қорғаныс министрлігі: «Солтүстік Корей көмекке жіберген әскер тек Курскіні қорғауға жіберілген жоқ. Ким әскері Белгород мен Украина шекарасына да жіберілген. Олар аталған бағыт бойынша және Ресей Украинадан уақытша тартып алған территорияларда әрекет етуде», - деп мәлімдеді.

Украиналық әскери ведомоство: «Путин Солтүстік Корей әскерилерін соғысқа араластыру арқылы тағы бір қуатты ойыншыны қамти алды. Майдандағы Солтүстік Корей әскерінің міндеті – екінші қорғаныс эшелоны ретінде айқындалған. Қазір Ким әскері Курскіні қорғауға жіберілгенімен, жақында олар Украина аумағындағы ұрыс қимылдарына араласады», - деді.

КИМ ӘСКЕРІ ҚАНДАЙ ӘСКЕР?

Украина барлауының дерегіне сүйенсек, Солтүстік Корей Ресейге көмекке жіберген әскердің арасында тек жаяу әскерлер бөлімшелері ғана емес, артиллеристер мен мергендер де бар.

КХДР сарбаздарының қорғаныс шебіне жіберілуі – ресейлік қолбасшылыққа майданның басқа жерлеріндегі шабуылдарға «өз» бөлімшелерін аттандыруға мүмкіндік береді.

Украина Қорғаныс ведомствосы: «Әскери жоспарда бұл үш толыққанды бригада. Қазір жау екінші қорғаныс сызығынан 10 мың солдатты алып тастап, Солтүстік Корейден келген солдаттарды сол жерге қойып, осы үш бригаданы белсенді ұрыс қимылдары жүріп жатқан жерлердің біріне жібереді. Үш толық қанды бригада - маңызды ресурс па? Иә, бұл елеулі ресурс», - дейді.

«The New York Times» гәзеті: «Ресей Курскіге 50 мың сарбазды жинап, шабуылға дайындалып жатыр», - деп жазса, «The Telegraph» басылымы«Ресейге көмекке жіберілген Солтүстік Корей сарбаздарының көпшілігі 20 жастан енді асқан сарбаздар. Араларында 20-ға толмағандар да бар», - деп жазады.

РЕСЕЙ МЕН КХДР ОДАҒЫ: ТРАМП НЕ ДЕЙДІ?

АҚШ-тың жаңа сайланған президенті Доналд Трамп «Ресей, Қытай, КХДР және Иран арасындағы одақты бұзуға ниетті екенін» мәлімдеді. Бірақ, бұл жоспарының жай-жапсарын ашып айтқан жоқ.

«The Hill» басылымы: «Трамп өзінің Еуропалық одақтастары мен НАТО-ға жауласып, оларды американдық көмекке тым тәуелді деп есептейді. Бұл ретте Трамп Владимир Путинмен, сондай-ақ Қытай компартиясының төрағасы Си Цзиньпинмен және КХДР көшбасшысы Ким Чен Ынмен өзінің жеке қарым-қатынасымен мақтанады.

Байден әкімшілігін сынаған Трамп: «Қараңызшы, бұл ақымақ адамдар не істеді. Олар Ресейге, Қытайға, Иранға, Солтүстік Корейге және басқаларға топқа бірігуге мүмкіндік берді», - деді.

Трамп сайлауалды митингіде АҚШ-тың Ресеймен, Қытаймен және КХДР-мен «өте жақсы қарым-қатынаста болатынын» айтқан», - деп жазады.

ТРАМП АЙНАЛАСЫНДАҒЫЛАР НЕ ДЕЙДІ?

Жорж Буш институтының сарапшылары: «Трамп бұл «альянстың» (Ресей-Қытай-КХДР-Иран) АҚШ-қа тікелей қауіп төндіретінін және өз жоспарының Украинаға жеңіске жетуге көмектесе алатынын көріп отыр», - деп санайды.

Алайда жұртшылықты, әсіресе Киевті алаңдататыны – Трамптың айналасындағы адамдар. Мысалы, журналист Такер Карлсон, миллиардер Илон Маск және вице-президент Жей Вэнстер президент Владимир Зеленскийге жағымсыз пікір білдірген немесе Украинаға көмектескісі келмейтінін білдірген адамдар.

Бұған дейін хабарланғандай, Трамптың аға кеңесшісі Брайан Ланза: «АҚШ Қырымды Украинаға қайтаруды мақсат етпейді», - деп айтқан болатын. Сонымен қатар, Ланза Зеленскийдің 1991 жылдың шегіне жетуге деген ұмтылысын «елеусіз» деп атаған.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2036