Жексенбі, 4 Мамыр 2025
Дабыл 618 0 пікір 14 Қараша, 2024 сағат 13:55

ІІМ: 21 мыңға жуық мас жүргізуші ұсталды

Фото: Pexels

Жыл басынан бері 25 мыңнан астам жүргізуші көлік басқару құқығынан айырылған. Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев айтты.  

«Жүргізуші тәртібіне бақылау күшейтілді. 21 мыңға жуық мас жүргізуші ұсталды. 10 мыңға жуық қарсы жолаққа шығу деректерінің жолы кесілді. 25 мыңнан астам жүргізуші көлік басқару құқығынан айырылып, 20 мыңнан астам құқық бұзушы әкімшілік қамауға алынды. 400 мыңға жуық жаяу жүргіншіге айыппұл салынды.

Жалпы, 2024 жылы 10 миллионнан астам жол ережесін бұзу фактілері анықталды. Бұл былтырғы жылға қарағанда 3 миллионға артық. Ол үшін автоматты түрде тіркеу камералары белсенді қолданылуда. Олардың көмегімен 7 миллионнан астам жол ережесін бұзғандар анықталды», - деді Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 1111
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 1256
Бәрекелді!

«Родословная казахских ханов»: всемирное признание

Керимсал Жубатканов 1235