Бейсенбі, 12 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 594 0 пікір 5 Желтоқсан, 2024 сағат 17:06

АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі қызметінен кетпек

Сурет: respublika.kz.media сайтынан алынды.

АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Дэниел Розенблюм 2025 жылы 20 қаңтарда қызметінен кетпек. Бұл туралы Азаттық радиосы жазды.

Бұған қоса, АҚШ мемлекеттік департаментіндегі мансабын аяқтайды. Розенблюм 2022 жылғы қарашада Қазақстанға елші болып келген. Оған дейін ол Өзбекстандағы елші қызметін үш жыл атқарған.

«Ұзақ ойланып, ол бес президент пен сегіз мемлекеттік хатшымен бірге өткен жарқын еңбек жолын аяқтап, қызметінен кетуге бел буды. Розенблюм жаңа елші тағайындалғанға дейін миссия басшысының орынбасары Дебора Робинсонның уақытша басшылығына және Алматыдағы АҚШ бас консулы Мишель Еркіннің кәсібилігіне сенім артты», - депхабарлады АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1671