Елорда тұрғыны баспаналы болам деп алаяққа алданды
Елорда тұрғынын баспана алап беремін деп танысы алдап кеткен. Астана қаласы Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жәбірленуші тартымды ұсынысты қабылдап, алайда көптен күткен баспанасына ие бола алмаған.
Ол қылмыскерге 1 млн 500 мың теңгеден астам сомаға алданып қалған. Кейін алданғанын түсінген елорда тұрғыны полицияға жүгінген.
- Жедел-іздестіру іс-шараларының көлемінде Байқоңыр ауданының криминалдық полиция қызметкерлері күдіктінің тұлғасын анықтады. Қаражатты алаяқтықпен иемденіп, осылайша, материалдық шығын келтірген 35 жастағы әйел адам екені мәлім болды, - делінген Астана қаласы ПД хабарламасында.
Күдікті қылмысын мойындады. Алайда жәбірленушіге ақшасы қайтарылмады, өйткені қылмыскер қаражатты әр түрлі шоттарға жіберген.
- Алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысында күдіктінің тағы да ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталды. Қазіргі таңда қылмыскер абақтыға қамалды, - деп хабарлады қалалық полиция департаменті.
Полиция барлық жағдайды тексеру және қылмыскердің мүмкін болатын байланыстарын анықтау мақсатында тергеуді жалғастыруда.
Abai.kz