Бейсенбі, 12 Желтоқсан 2024
Аласапыран 1053 4 пікір 9 Желтоқсан, 2024 сағат 14:24

Путин үлкен геосаяси сәтсіздікке ұшырады...

Коллаж: telegraf.com сайтынан алынды.

Жеңіліс себептерінің бірі Украинаға жаппай шабуыл жасау болды. Сириядағы Башар Асад режимінің құлауы Кремль билеушісі Путинге биліктегі кезіндегі ең үлкен геосаяси сәтсіздіктердің бірі болды.

The New York Times жазғандай, оппозициялық күштердің шабуылы Ресейді «патша жасаушыдан» бақылаушыға айналдырды. Сарапшылардың пайымдауынша, Мәскеудің Сириядағы жеңілісі оның оккупациялық күштері Украинаға қарсы соғыста батып кеткендіктен мүмкін болды.

Олардың пікірінше, енді Мәскеу жаңа үкіметпен Тартустағы әскери-теңіз базасы мен Хмеймим әуе базасын сақтап қалуға мүмкіндік беретін келісімге келе ала ма, жоқ па, бұл басты мәселе. Ресейлік сарапшы Антон Мардасов бұған сенімді емес, өйткені Ресей Федерациясы бұл нысандарды оппозициялық күштерге әуе шабуылдары үшін пайдаланған.

Карнеги қорының Ресей және Еуразия бағдарламасының директоры Юджин Румер көтерілісшілердің жеңісін Украинадағы соғыс үшін Кремль төлеп отырған «құнның бір бөлігі» деп атады: «Сирия - олардың Таяу Шығыс пен Жерорта теңізіндегі жалғыз нақты тірегі. Ресей Таяу Шығыстағы ең көне клиентін жасақшылар бандысынан құтқара алмаса, серіктес ретінде не пайда? Бұл операциялық сәтсіздікпен қатар, дипломатиялық және беделге де соққы болып табылады».

Америкалық шенеуніктердің бірі журналистерге Ресей Украинаға қарсы соғыста қолдану үшін Сириядан көптеген әскери ұшақтарын шығарғанын айтты. Ал Қара теңізден келген ресейлік кемелері Жерорта теңізіне өте алмайтын еді, өйткені Түркия жаппай басып алудың басында бұғаздарды жауып тастады.

Мардасовтың айтуынша, Сирия ресейлік әскерлер үшін «курорт» және түкке тұрғысыз ресейлік генералдар үшін демалатын орны болды. Сонымен қатар, Евгений Пригожин көтерілісінен кейін «Вагнер» жеке әскери компаниясының жауынгерлері осы елдегі операцияларын аяқтады.

Естеріңізге сала кетейік, АҚШ-тың қазіргі президенті Джо Байден бұл оқиға Сирия халқы үшін іргелі әділет актісі болып табылады, бірақ белгілі бір тәуекелдерді ұмытпау керек деді. Ал жаңадан сайланған Америка басшысы Дональд Трамп Ресей мен Путин енді Асадты қорғауға мүдделі емес, өйткені олардың басымдығы Украинаға қарсы соғыс екенін айтты.

Керімсал Жұбатқанов,

тарих ғылымдарының кандидаты, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің доценті

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1670