Бейсенбі, 12 Желтоқсан 2024
Маңызды 203 0 пікір 10 Желтоқсан, 2024 сағат 13:25

Кеден шекарасындағы Заң мен тәртіп

Сурет: baq.kz сайтынан алынды.

Көлік прокуратурасы мен кеден органдарының тексерулері кезінде құны ондаған миллион теңге болатын заңсыз экспортқа жол берілмеді.

Маңғыстау облысында «Морпорт» кеден бекетінде контейнер тексерілді, онда Ираннан келген қоқыс жәшіктерін желеу етіп, контрабандалық жолмен әкелінген Oris – темекілерінің үлкен партиясы жасырылған, жалпы құны 85,9 млн теңге болатын 226 мыңнан астам қорап.

Бұл факті бойынша экономикалық контрабанда (ҚР ҚК-нің 234-бабы) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сол сияқты, Жетісу облысындағы «Алтынкөл-Жол» бекетінде жеңіл панельдер атын жамылған құны 87 млн теңге болатын 400 мың қорап темекіні заңсыз алып өту әрекеті тоқтатылды. Жүк Польшаға жеткізілмек болған.

Түркістан облысында 17 көлікпен шекарадан өтпек болған 413 тонна ағашты заңсыз экспорттауға жол берілмеді. Қылмыскерлер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Прокуратура мен кеден органдарының үйлестірілген жұмысының нәтижесінде экспорттық операциялардың заңдылығын бақылауға және мемлекеттің мүддесін қорғауға болады. Контрабандамен күресу жұмыстары жалғасуда.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1669