Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 2761 0 пікір 21 Мамыр, 2009 сағат 08:50

Айхай, Маңғыстаудың шұбаты-ай!

Қытайда аспалы шамдар, Италияда түрлі ағаштар көрмесі өткізілетініндей қоршаған ортаның тазалығы және табиғаттың игілігін барынша пайдалану үшін жалпы қоғамдық шаралар ұйымдастыру жақсы әдет екені сөзсіз. Жақында Маңғыстаудың Шетпе елді мекенінде Ойсылқара тұқымының сүтінен бабына келтіріліп дайындалған шұбат көрмесі жасалып, жұртшылықтың сараптамасына салынды.
Қазіргі көктемнің алғашқы күндері балауса қыр шөбін жеген түйе сүтінің құрамы адам организміне керекті дәрумендерге өте бай болады. Әсіресе, А, В1, В2,С дәрумендері түйе сүтінде сиыр сүтінен анағұрлым молырақ. Арабтар шұбатты «әл-хаят» сусыны (мәңгілік жастық эликсирі) деп есептеген. Сондай-ақ, шұбаттың адам организміне өте қауіпті түрлі бактерияға қарсы тұрып, оларды жойып жіберетін де қасиеті бар. Астма, құрт ауруы, бауыр және қант диабеті, әзірге емі жоқ псориаз жараларын емдеуде теңі жоқ шипа екені емші-ғалымдар тарапынан әлдеқашан-ақ дәлелденген.

Міне, шұбаттың осы қасиеттері жайлы көрмеге Жармыш ауылынан келген Қымбат Алдақова былай дейді: «Түйе – өте киелі жануар, оның еті де, сүті де адамға шипа. Маңғыстау ауданы әкімшілігі тарапынан бүгінгі ұйымдастырылып отырған шараны өз басым өте құптаймын. Соңғы жылдары ауданда түйе саны көбейіп келе жатыр. Бұл бір жағынан біздің кешеге дейін түйе ұстап, киіз үйде тұрып келген қазақ екенімізді жас ұрпаққа ұлағаттауға пайдасын тигізсе, екінші жағынан халықтың әл-ауқатын көтеруге себепші болады. Ал үшінші пайдалы тарапы – ол халқымызды сауықтыруға айтарлықтай ықпал етеді. Кезінде бүкіл Одақты ет, сүт өнімдерімен камтамасыз етуге қомақты үлес қосқан аймақ едік, бүгін сол экономикалық әлеуетімізді қайтадан қалпына келтіруді мен мынау үкімет басында отырғандардан өтініш етіп сұрасам деймін, халықтың келелі тілегіне олар да құлақ асар деп ойлаймын».
Солай, көрмеге келгендер үшін тігілген жеті ақшаңқан боз үйде домбыра күмбірлеп, ән-күй шарықтаса, шұбат ішіп шалқыған кәрі-жас көрме ұйымдастырушыларына өз ризашылықтарын білдіріп, алғысын айтты. Өкінішке орай, көрме шартына байланысты 5 литр шұбатты бір сәтте жұмырына жұқ көрмей жұтып жіберетін «мешкей» табылмады. Соған қарағанда шұбат іше де алмай қалдық па деймін, ағайын! Шұбат шіркінге не жетсін?!

Жақан ТӨЛЕГЕН, Ақтау

«Үш қиян» газеті 15-мамыр 2009 жыл 
http://ushkiyan.kz/

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1565
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2260
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3541