Сәрсенбі, 22 Қаңтар 2025
Деп жатыр 119 0 пікір 22 Қаңтар, 2025 сағат 14:09

Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады?

Сурет: inbusiness.kz сайтынан алынды.

Covid пандемиясынан кейін, соңғы 4 жыл ішінде туристік ағымы әлем бойынша қалай өсті және қазақстандықтар басқа елдерге саяхаттауды жылдың қай мезгілінде жоспарлайтынын Freedom Life ӨСК талдаушылары зерттеу барысында анықтады.

БҰҰ туризм жөніндегі Басқармасының соңғы қорытындысына сәйкес, 2024 жылы халықаралық саяхаттауларға әлем бойынша  шамамен 1,4 миллиард туристер шыққан, бұл  пандемия алдындағы деңгейінің қалпына келгенін бейнелейді (99%). 2024 жылдың көрсеткіштері 2023 жылмен салыстырғанда, 11% жоғары, атап айтқанда, халықаралық туристік келулері 140 млн астам (туристердің әлем бойынша шетелдік саяхаттарының жалпы саны). 2024 жылы туризмнің халықаралық шығындары 1,9 триллион АҚШ долларын құраған.

Болжамға сәйкес, 2025 жылы туристік халықаралық саяхаттар саны 3–5% ұлғаяды, 2024 жылымен салыстырғанда. Бұндай ұлғаю, Азия-Тынық мұхит аумағының қайталама жаңғыруына және көптеген басқа аумақтардың тұрақты дамуына байланысты. Болжам, жаһандық экономиқалық ахуалының жағымдылығына, инфляцияның төмендеуіне негізделген. Геосаясаттық жағдайы нашарламайтынына сенім артылуда.

БҰҰ мәліметтері бойынша, 2024 жылы Еуропа туристер үшін ең жариялы аумақ болып танылған, халықаралық саяхаттар жылына 793 млн дейін өскен. Талдаушылардың болжамына сәйкес, 2030 жылға таяу, АҚШ, Түркия және Қытай аумақтары, туристер саны ең көп келетін бағыт болып табылады.

Пандемиядан кейінгі туристік халықаралық келулері: әлем және аумақтар соңғы 4 жыл ішінде

Соңғы 4 жылдың көрсеткіштерін 2019 жылмен салыстыру (пандемия Covid-19 дейін)
Мәліметтер: БҰҰ туризм жөніндегі Басқармасы, қаңтар, 2025ж.
Орындаған: Freedom Life ӨСК

2024 жылды ауқымды зерттеуге сәйкес, авиабилеттерді броньдау үлесінің өсуі, әлем бойынша, жазғы маусымға түскен (2024 жылдың маусым-тамыз айлары аралығына).

Қазақстандықтар 2024 жылы шетелге жылдың қай мезгілінде шыққан

Мәліметтер: Freedom Life ӨСК
Орындаған: Freedom Life ӨСК

Сақтандырушының мәліметтер базасына сәйкес, 2024 жылы шетелге шығатын қазақстандықтар үшін ең туристік маусымы болып, жаз танылған - 34,7% сақтанушылары Freedom Travel бағдарламасы бойынша; қазақстандықтардың 25,3% шетелге күзде баруды таңдаған; 24,3 % - көктемде және 15,7 % - қыста.

2024 жылы шетелге шығатын қазақстандықтардың орташа жасы – 36 жаста.

2024 жылы шетелге әйелдер жиірек шыққан- сақтандыруды ресімдеген барлық туристерді алғанда, олардың саны –55,6% құраған, ал ерлер саны - 44,3%.

Туристік сақтандыру құны, міндетті яки ерікті болсын, жеке анықталады және келесі факторларға байланысты: мекендеу елі, мекендеу күндер саны, бағдары және т.б. Міндетті туристік сақтандыру құны, көбінесе тур құнына кіргізіледі.

«Ерікті онлайн сақтандырудың қамту аясы кеңірек, міндетті сақтандырумен салыстырғанда. Ол шұғыл медициналық көмекті, шұғыл стоматологиялық қызмет көрсету шығындарын, медициналық тасымалдау, үшінші тұлғаларды тасымалдау (қажетіне қарай) шығындарын қамтиды. Егер қамту туралы айтатын болсақ, мысалы, Freedom Travel бағдарламасы бойынша, сақтандыру жағдайы туындағанда, төлем сомасы 10 000 бастап, 100 000 евроға дейін құрауы мүмкін. Бұл, таңдаған ережелерге, мекендеу еліне тәуелді атқарылады», - деп, Freedom Life талдаушылары түсініктеме берді.

Abai.kz

0 пікір