Бейсенбі, 30 Қаңтар 2025
Дей салдым-ау 719 9 пікір 29 Қаңтар, 2025 сағат 14:38

Трамп диктаторға айнала ма?!

Сурет: euronews.com сайтынан алынды.

Франс Пресс агеттігінің жазуынша, АҚШ президенті Трамп Флориданың Өкілдер палатасына сайланған республикашыл өкілдері алдында сөйлеген сөзінде: "Маған тағыда сайлауға түсуге рұқсат берілмейді деп ойлаймын. Солай ма Майк? Мен сізді мұндай қызу пікірталастың ортасында қалдырмаймын", - деген Өкілдер палатасының спикері Майк Джонсонға. Трамп сонымен бірге: "Мен келесі сайлауға жетерлік ақша жинадым. Бірақ оны пайдалана алатыныма 100 пайыз сенімді емеспін" - деп те айтқан.

Бірер күн бұрын Трампты қолдайтын Теннесси штатының конгресмені АҚШ Конституциясына өзгеріс енгізіп, негізгі заңда белгіленген  төрт жылдан екі реттік президенттік мерзімді - үш рет сайлануға болатын етіп түзетуді ұсынған.

Екінші мерзімін енді ғана бастаған Трамптың "билікке деген амбициясы бұрыннан белгілі болған" - деп жазады "Нью-Йорк Таймс" газеті..

Өткен жылы мамыр айында өткен "Ұлттық мылтық қауымдастығының" (NRA) конвенциясында сөйлеген сөзінде  "президентдіктің екі немесе үш мерзімі туралы сұрауымыз керек-ау?!" - деп ойын астарлай жеткізген. 78 жастағы миллиардер шілдеде консервативті христиандардың жиналысында: "Мен сайлауда жеңіске жетсем, енді қайтып дауыс беріп әуре болмайсыңдар" -  деген...

Қараша айында партияластарына: "Менің тағы да сайлауға түсуге мүмкіндігім жоқ."Трамп президенттікті керемет атқарды, қайта сайлаудың жолын табайық"  деп сендер қолқа салғанда ғана, мүмкін",-  деген.

1951-жылы ратификацияланған АҚШ Конституциясының 22-ші түзетуінде "ешбір адам президент болып екі реттен артық сайлана алмайды" деп бекітілген.

Трампты қолдайтын конгресменнің Конституцияға президенттік мерзімге байланысты өзгеріс енгізу бастамасы қолдау таппайтын сияқты. АҚШ Конституциясына түзетулер енгізу үшін Конгрестің үштен екі дауысын алу керек, республикашылдар ол межеге жете алмауы мүмкін, одан бөлек АҚШ-тың кемінде 38 штатының мақұлдауы керек, бұл да қиын шаруа.

Abai.kz

9 пікір