Жұма, 4 Қыркүйек 2026
Деп жатыр 2497 4 пікір 29 Қаңтар, 2025 сағат 15:00

ҚҚС мөлшерін 16%-дан 20%-ға дейін көтеру талқылануда

Сурет: astanatv.kz

28 қаңтарда Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин қосылған құн салығы (ҚҚС) мөлшерлемесін 16%-дан 20%-ға дейін арттыру жоспары туралы айтты.

Бұл шара тауарлар мен қызметтер бағасының өсуіне, сондай-ақ инфляцияның күшеюіне әсер етеді деп күтілуде. Министрдің айтуынша, ҚҚС мөлшерлемесінің артуы кәсіпорындарға шамамен 4% жүктеме әкелсе, тұтынушылар үшін тауарлар мен қызметтердің қымбаттауына әкеледі. Бұл инфляцияның 4,5%-ға дейін өсуіне ықпал етуі мүмкін.

«ҚҚС мөлшерлемесін 16%-дан 20%-ға дейін көтеру талқылануда. Бұл міндетті түрде бағаларға әсер етеді. Дегенмен, біз бұл өсімді қысқа мерзімді деп бағалаймыз және оны әлеуметтік қолдау шаралары арқылы теңестіруді жоспарлап отырмыз», – деді Серік Жұманғарин.

Тауарлар мен қызметтердің қымбаттауы халықтың әлеуметтік осал топтарына әсер етпеуі үшін үкімет қосымша шаралар қабылдауды жоспарлап отыр: Мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің жалақысы мен зейнетақы мөлшерін индексациялау; Адрестік әлеуметтік көмекті ұлғайту.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 764
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2062
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 524
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 497