«Дін» деп жүрген, екі дос, ұрыспаңдар! (жалғасы)

Басы: «Дін» деп жүрген, екі дос, ұрыспаңдар!
Дән – ұрық, ол тастаған жерде өсіп өнеді
Бисмиллай Рахмани Рахим.
Мен 2019 жылы Меккеде 13-14 жастар шамасындағы имам Мағдидың рухымен тілдестім. Мағди туған жоқ. Ол сол жаратылған жас күйі тірі қалған жан. Ол өзгерген жоқ. Ол адамға пердемен қараған, тікелей қарамаған. Өлгенде оның жаназасы шыққанын ешкім көрмеген. Арғыбет пердесіне өтіп кете берген. Бірақ көкке кеткен жоқ. Жерде. Ол Иса келген соң ғана азан шақырып көкке кетеді.
Құрандағы: «Құранды паш ететін рухтар тірі», – дегенге нақты дәлел – осы Мағди. Ол көбейген жоқ, сол жүрер жолымен қалды. Ол басқа түрде келмейді. Себебі, ол іліммен жүрген Ғызыр емес, Ғызырдың – жердегі тоғыз досының бірі. Ғызыр – адам, ілім алған пайғамбар. Ғызырдың келуі мен Мағдидің тілеуін салыстырсаң жер мен көктей. Ғызыр тілемейді, Алланың Әмірін орындайды. Мағди тілейді, Алладан сұрап береді. Алла не айтады – соны қабыл алады, жеткізеді, іске асырады.
Мағди Алланың әмірінсіз жерге оралмайды. (Бұны ұғу үшін «Әнбия» сүресінің 66-70 аятын іліми түсініп оқу керек). Бірақ рух ретінде ахиретке дейін өз қызметін атқарады. Мен Мағдидің өзі жайлы және оның Алланың 99 есімінің алғашқы 20 есіміне байланысты түсірген сый Парағын өз аузынан жазып алып, баспадан шығардым («Ғызырдың жердегі тоғыз досы», «Үш қиян» баспасы, 150-162 беттер). Зікірия, осы кітапты бір шолып шықсаң Мағди (сенше Мәді) туралы басқа әлемде болар едің, өзін Мағдимін деп жариялаған Алла Тра Данилов Игорь Михайлович туралы пікірің де басқаша өзгерер еді. Қолдан құдай жасаудың қажеті жоқ, ол бәрібір Ғызыр бола алмайды. Бұл – қазір Пір болып танылып жүрген Құрбанәлі мен менімше қазіргі нағыз Иассауийтанушы Сматулла мағзұм да ескерер жайт...
Мұны айтып отырғаным мен рухтың шақыртуымен өздеріңе жақын Отырардағы Мөрлі мекен «Түйе тартқан» деген жерге барып, өзіме «Сары кітапты» арнаттым. Сол жерде Йәссауийдің «Бабалық сөздері» мен жамағатқа Пірлік жолды ұсынған әл-Фарабидің ілімін алдым. Фараби Пірлік жолды ұсынса, Йәссауий әулиелік жолды тұтынғанын ілімші ретінде ұқтым. Осы жерде ілім ізімен жазылған мына әңгіме сендерге бір сілкініс әкелер деген ой келіп отыр.
Қажы Ахмет ИАССАУИЙ: «...Менің топырағым, туған жерім, қазағым. Қазақ – негізі бұл дінге байланысты айтылған сөз. Адам баласы Алланың кітаптарын ала бастаған кезде, Адам Ата көктен түсіп, жер көкті аралап, одан тараған ұрпақ, әр тайпаға бөлініп, іздерін жер бетіне сала бастаған кезде, адам затының сөйлесуі қазіргідей емес, бірімен бірі ойымен хабарласып отырған. Олар ойымен сөйлейтін. Біріне бірі жақындасуда да немесе қарсылықта да, әлгі адаммен араласатынын не араласпайтынын тез сезетін. Сол тұста Адам Ата: «Адам баласына жақсылық қай жерде көбірек?» – деп толқып сұраған. Сол сұраған жерге тартылған тайпалар болды бұлар. Бұл менің Арыстанбабтан сұраған сұрағыма алған жауабым. Сонда сол тайпалардың басының біріге бастау кезін «қазақ» деп атаған. Дінге бірігу. Ол кезде бұл халық діннің діңгегі болады деп ешкім білмеген. Бірақ Адам Ата өз ұрпақтарына мына сөзді айтып кеткен: «...Сол Алланың бар екенін мойындап басын қосқан ұрпағыма, тайпаларға, Алла өзінің көп мейірімін төгеді...».
Сол ұрпақтан туылып өскен мен де қазақтың тамыры болдым. Негізі қазақ, дін Адам Атаға берілгеннен бастап дін дарыған тайпалардан құралған. Құран арабқа түскенімен, дінді біздің халық мейіріммен қабыл алған. Біз – сондай ұрпақтанбыз. Адам Ата: « Қай ұрпағым бір бірін Алланың жолында сезетін тайпа болса, олар бір ел болады», – деген. Қазақ деп содан қалған. Бұл – негізі халыққа берілген көктің, ғайыптың таңбасы. Қазақ ол ат емес, ол –таңба. Алла тағаланың біріккен осы тайпалар мен руларға берген таңбасы. Бұл халықта ерекшелік көп, қанында сатқыншылық жоқ. Бұл елді басқа халық еш қашан сөндіре алмайды, тікелей Алладан таңбаланған халық. Дін ұстануда деңгейі жоғары болады. Қазаққа дінді Алла топырақтарына сіңдіріп, рухтарына бекітіп кеткен. Міне – Арыстанбабтың маған берген хабары. Мен бұл сұрақты қазақ мәселесінде қойған жоқпын, маған үйіп төгіп алып келген білім мәселесінде қойғанмын. Сол кездегі берген жауабы: «Сен сияқты талай Йәссауийлер туады, бірақ тұжырымы – сен... Талай рулар туады, бірақ өздерінің бір беретін, бағыты, нүктесі бар. Әлі талай ру, ұрпақ болады, соның бірегейі – қазақ», – деді Арыстанбаб.
Құдіреті күшті Құдай сол себепті оны маған Құранмен берді. Қорқып Құранды ашатынмын. Құранды бәрің де қорқып ашыңдар...».
Құдайдың құты дарыған Иассауийдің әулиелігіне бұдан да тереңірек ден қоялық. Бұл ретте Мұхаммед пайғамбардан жеткен шындық, өмірге өзінен 300 жыл кейін келетін Ахметке (Иассауиге) құрма дәнін жеткізуді Арыстанбаб сахабаға аманаттауы кімге қандай ой салады? Дән – ұрық, ол тастаған жерде өсіп өнеді. Пайғамбар аманаттаған сол құрма дәні – ақиретке дейін дін иесі болатын қазақ еліне, сол жерде өмірге келетін ұрпақ Ахметке жетуі аманатталған. Неге?..
Құрма жайлы Йассауийдің өзі не дейді: «Жұртыма құрма жеткенде, «Алла сағындым», – дегенім, сол құрманың исі бойымды алды. Ол белгі екен. Құрманы бергені – біліммен Аллаға бет бұруым керек екен. Сол дәм де, тұз да өзімде болыпты...
... Бір дауыс: «Сізді тыңдайық, рух», – деді. «Кім маған сөйлеген?». Далаға сүйрелеп кетті балшығы иленген. Қадалып кіріп жатыр тікені жердің де қатып қалған. «Айтарың бар ма, кімсің маған сөйлеген?» Жұлып алдым кеудемді, әлі есімде, баламын, келген адам қария екен, қолына ұстаған құрмасы бар, аузынан сілекейімен демдеп шығарып, маған дем қылып ұсынған.
– Баба болсаң Арыстанбаб, келсең маған, қасиетің артық менен дарыған, кеудең сенің ірі ғой, бір қолтығыңда әрең тұрмын, мен болсам кішкентай ғана бала, не сұрайды екен Алла сен арқылы менен? – дедім оған.
– Сен кішкентайсың, көріп сені рахаттанамын, көзің тұнық, сұлусың ғой, ей, балам! Мына титтей ғана дәнек, Алладан хабар саған, оны сенің қасиетті пағамбарың Алладан сұрап алған. Мұны салған рахмет айт он сегіз мың ғаламға, ана шеттен, діннің нұры төгілген жерден, қарама-қарсы қара жерден сені таңдап алған. Алақаныңды аш, шырағым, айтарың бар ма маған?
– Асығыспын ата, қолыма дәніңді ұстата сал, сосын қарап алармын. Болса да бұл құрма ғой, сүйегі де қатып қалған екен, сыртындағы етін жеп бітіпсіз ғой, ата, – дедім оған.
– Сен туғанда – әкең де әлі тумаған, бұл хабарды алуды ұзақ күттік, берерің, айтарың бар ма маған? – деді ол сонда. Қарап тұрған көзінде төгілген жасы бар, мейірімділікпен, жақсылықпен қараған.
– Барлық нәр сенде қалған, ішіңнен өсіп шықса, дәні менікі, көре жатармыз, қазір ашылмайды бұл, не айтамын, баламын ғой, – деп жүгіріп бара жатып сөйлегем. Сондағы сөзім жүрегін оның қақ жарған. Пыр етіп ұшты ол құсқа ұқсас, құста та олай өзгеріп өнбес, кетпес олай көзден таса болып. Бұрылып мен қарасам жоқ болғаны әлгі тау адамның.
Үйге дірілдеп жетіп, аяқ қолым тартылып ауырып жаттым. Біліп алыпты басқа да қасиеттілер мұны, менен бұрын бәрі үйге жиылған.
– Мына бала Алла хабарын алыпты, елге нұр жауды, – деп жиналып алған. Күллі дүние жатты оқып тілеуін, Аллаға жылаған. Өзгердім содан, отырған жерім мамық сияқты. «Одан басқа дүние бар достан саған айтамын, еңіреп жылар сертім бар, Алла сұлу қашан да, ең жақсысын таңдаған, пайғамбарым білген екен, мен білсем де сол уақытта, бұйрығы бүгін болған екен. Мына құрманың дәмі тарқасын, «Лә Йлаһа Иллаллаһ» дегенде өніп шығады зікірің көкке», – деді маған.
Сол түні, бойдан қалмаған үлкен бір қасірет, жанымда жалмаңдаған. «Алла, басып жүрмін мына жерді, біз үшін мұны өзің сайлаған. Адамдардың әр қайсысы бекер тірлікке кетуде, ішкендері шарап, айтқандары өтірік, бірінің дүниесін бірі тартып алған. Бұлар өнеге етіп көрсетер сөзді жай ғана қабыл етіп жатыр. Қасиетті қалып етіп қадашы әр қайсысына. Отырып мен зікір саламын...». Сол түнге салған алғашқы осы зікірім мені мың есе өсіріп, көкке апарып қайтқан.
Иә, балам, құлақ асып сөзімді тыңда жаутаңдаған, Иәссауий береді білімді жан-жақтан келіп жатқан. Осы зікірді естіген анау Ақсақ Темір отыра қалып жылаған, баладай көз жасы аққан.«Иәссауий, не дейсің маған?» – дегенде, ішінен шыққан дүние – «Лә Илаһа Иллалла» болған...
Е, Аллам, келтірдің сен маған, айналама отырғызған, күллі періштем қолтықтасқан, өткізбейді титтей де сызат сөзді, зікірім біткенде олар да қуанып қарсы алған. Көгіңде дайындап тұрған барлық дүние, сын көзімен маған қараған. «Йәссауийдің зікірі келе жатыр» деп басын иген.
Енді ұқтым құрманың маған көктен дайындалғанын, Аллам. Ондай болмаса болмас еді Исмайылдың да, Исаның да анасына салынған қасиет. «Құрманы же», – деп бекер айтпапсың сен, Аллам. Бұл дүние бізге жеткен анау Меккеңнен қадірлі. Е, Аллам, сүйікті пайғамбарларыңның тілеген тілегенін сен орындаған. «Бәріне де сұраса құрманың жақсысын беремін», – дейсің. Мүмкін де достым ұқпай тұрсың, есіңді жисаң қадірменді бұл дүние, бұл Алланың хабары саған. Сол құрманы жегенде сен: «Лә Илаһа Иллаллаһ» деп айт», – деп тұрғандай, Аллам. Айтатын шығарсың, балам: «Кеудемде жаным барда түсіндір», – деп. Оқтай болған бұл дүнием, мен бір хабарсыз қалған, әр қайсысы таласады, менің бет пердемді ашқан. Сөйлескісі келмейді әрқайсысы менімен, көзімді шұқып алғысы келіп тұрған. Бірақта іштерінде сақтайды сөзді, «Сен жақсысың», – деп онысын айта алмаған. «Мен күтпеймін олардың мақтауын, сөзімді ғана айтамын», – дейсің кейде, балам. Өтірік емес, сенің сөзің маған, келтіріп тұрады Алла Тағалам жақсылықты жан-жақтан. Бойыңда болсын қасиет, жоғалтпа оны ешқашан, «Лә Илаһа Иллаллаһпен» әр зікірің тамырланған. Бұл дүние жер көкке тарқаған.
«Иә, құдіреті күшті Құдайым, әр қайсысының жүрегіне сен нұр салған. Белгі берсең көрсетші мына қара ниетке, жерді қазып көрге кеткен, ойлансын деп оларға айтқам. Іші тарлар қуанса, ақымақтар «жынды» деген. Есі барлар еңіреп жылаған; «Е, Құдайым, тереңдетпе мені. Көрге кетіп бара жатыр мына адам, мен үшін бұл қайталап жатыр, дін жақсылығын Мұхаммедтен кейін дінімен еңіреп жылап сұраған», – дейді.
«Ей,- дейсің бе сен, балам, төріңе талай бардым, «Й» әріпін сонда Құдай көрсеткен маған, түске кірдің», – дейсің. (Менің көрген түсімді айтып жатыр.-Б.А.). Дүниенің басы «Й»-ден тұрған, ол Ислам жоғарыға орналасқан, «Йә Сиин» екен, Й әріпі болып бас иген саған. Йәссауийден бастадым, хабарын алдым қабірін аралаған...
– Ала алмадым сырын атаның... дедің. Ақтарамын әр кітапты, бірінен бірі көшіріп алған. «Айтар ма екенсің, баба, күтемін әлі сенің сөзіңді», – деп келіп кеттің кейде маған. Сөзім менің айтар төбеңнен саған, жер қазылып салынғанда зікір болды деп ескерткем. 40-тан астам адам отырса да, 400 адам отырып салғандай зікір болған. Қолтықтасады періштем, жер құнарлы, Алланың айтқанын орындаған. Жер сенің көзіңе қатып тұрған шығар, онда жан бар, Құранды қайталаған. Тоқтамайды, өлгенің артық – артық күнә жасағаннан. «Еңіреп жылағанның бұл дүниеде қасіретін босатады», білсең ұлы сөзімнің алғашқысы саған. Е, Алла- деп дұға қылып сұраған, әр қайсысы сықырлатып зиараттап жол басқан. «Өлі, мұның көмегі жоқ», – дейді, әр адамға себеп қана оның бір ұшқыны ұшып жатқан, қағып кетсе аруағы, қаларсың әдірәм сен, балам. Қақпасын Құдайым, қақса да өзгертіп аласың сұрап Алладан. Ал, аруаққа берілген бір-ақ дем өтсе адамға қатерлікпен, оны ешкім қайтарып ала-алмаған...
– Ей, Арыстан, бапсың маған, алып келдің дәнді, үлкен ірі алақаныңа салған. «Жұлдым бүгін таңертең тіс арасынан, мынау құрма саған», – дедің баладай алдап тұрып, көзімді іздедің, сағынып сен қараған. «Аманатың бар ма?» – деп айтады тұнық көзің. Сұрауым сол кезде солай болар, «Атымды айтып сұрағандарға, жеткіз Меккеге», – деп мен сұрағам.
Сен де, (маған айтуда.-Б.А.) рух қанатына жармасып бардың Меккеге, жарығым. Отырдың төрінде, өзің бе, рухың ба сені алып барған. Әлі де болса сол кездің әсерін бүгінгімен салыстырмағын. «Осы ғұмырымда Құранды үйрет, Алла!» – дедің сен айқайлап жылаған. Жаныңа сенің сол сөзді сіркіретіп салған. Е, Құдайым, бекер емес әрқайсысыңа айтқан; «Парыз қылдым мойныңа, сөйлесемін сенімен, ол сен үшін берілген жақсылығым, айтқан күні сөзіңмен алып келгін, арқалап кетпе қарызды, өкінесің алдыма жеткенде», – деген. Меккеге келмей кетсең, шешер ме едің сол кезде, мүмкін сол күн дозақ болар ма еді саған даярланған. Жеткен соң шешкен шығар Құдайым қайтадан, Жаннатқа қайтадан жол салған. Онда қақпа бар бесік сияқты орналасқан, әрқайсысының күнәсін тазалап тереңдетіп, көкке апарған. Ол жерде Алла береді барлық дүниені, балам. «Өзгертесің мына адамды, доғарыңдар», – деуі мүмкін, дозаққа дайындалған жазуыңды өшіре салатын бір Құдай ғана...
Содан жеттің, қарғам, қабырғаң қайысқан, әр қайсысымен таласып, діннің ұшқырын іздеп жатқан. Өзің дінде отырсың қабырғаң бүтін дән болып, дінді айтып жатқан. «Сөзімді келістіре аламын ба, қайтып сөйлеймін», – дейсің Алладан. Енді сүйдің Құдайды, Алла сұлу, Алла мейірімді, қарғам. Алланың жақсылығы жерге, көкке, барлық дүниеге салынған. Қанатымен ұшып бара жатқан құстың өзі рахаттанады, ауасымен табысқан, «Е, Құдайым, «Лә Илаһа Иллаллаһ» деп олар да қанатын қаққан. Олар түгілі басқа дүние де бар, балам, өсіп жатқан анау ағаштай тамырланған. Бәрі көкке қарап тұрар еді жеткен жеріне дейін, «Сен мені тоқтатқанға дейін, сені ғана мадақтаймын», – деп айтып жатқан. Ондай болса әр дүниенің атқарып жатқан дүниесі бар, қорқады олар, жан бітіреді Аллам, күллі ағашқа, өйткені олар Құраннан құралған. Сондай қасиетті сенің Құдайың оларға жаратқан. Топыраққа барасың құндыздай болып қапталған, сұлу болып тұрар едің, егерде жастай осыны ұқсаң, қарғам...
Ұға алмасаң сұрайды Аллам отырғызып алдына алған, «Жерің қайдан, көрмедің бе сен, қасиетті соңғы пайғамбарың сенің атыңды айтып салған», – деп. «Көрмедім»- деп қалай айтасың, көзің соқыр болған жоқ, «Осы уақытта соқыр болып келдің алдыма, көзің барда неге қарамадың? Миың барда , кітапты неге ашпадың, әрқайсысыңа үйретілген тілмен бірге берілген білім бар емес пе?» – деп Алла сұрайды қайтадан. «Бұздым басымды, – дейсің бе, қарғам. – Істемедім жолымды жаман, жиып алғым келді мына төрге, жақсылығымды бүтін, мінгім келді жақсысын, жегім келді астың қымбатын, уақытым жетпеді саған, алысып жүрдім әрқайсысымен», – дейсің бе, шырағым. Қолыңа алған жоқсың өзіңді, нәпсің сені қинаған. Шырылдаған жаның, шіріп бара жатқан алмадай ұға алмадың, қарғам. Осы күнге өкінер адамдарға айтарым сол, «Не дейсің, Йәссауий?» – дегендерге берген жауабым соларға. «Артық білгенде не табасың, көр қазып тірідей жерге түскенді ұқпасаң. Артық сөйлеп не табарсың, «Лә Илаһаны» айтпасаң, артық алып не табасың, жетімге қол созбасаң. Ей, артық қарап қайтесің, айналаңды көрмесең. Хақтың сөзі былай: «Мен сені жаратқан, келмейді қолыңнан пәндем ештеңе еш қашан, мен сені жараттым мадақтау үшін мені, дініңді ұста, бақытты бол», – деп айтқан. «Берерімді салып қойдым тіліңнің ұшына, ұзартпағын, жауып ұста аузыңды, мен білемін не айтпақ екеніңді», – дейді Алла Тағалам, Ассаламу уа алейкум.
Алла Тағалам, әр сүреде әр адам туралы айтады, жасырын түрде де сол өзіңмен халқыңа барар, барын айтқан шығармын, рухтардың сөзін қолпаштап жүрген саған. Тірінің ісі әр қайсысыныкі осылай болса, тек Аллаға табынар едіңдер бәрің. Маған келіп Арыстанбабым көрсетпесе, алақанына салмаса, қолтығына қыспаса, айналамды қоршағандар айтып тұрмаса, сыйлар ма едім аруақты, қорғар ма едім дінімді, сүйер ме едім пайғамбарымды. Көзің ашылған шығар. Басқалар да ашылып қалсын ары қарай, ұқсын, ізденсін, бізді көріп жолдан таймасын. «Неге кетті бұл жер қазып?» – деп батыл сұраған тек Темір ғана болды. Бірақ, оның сол ісін ары қарай ешкім іздеп ізін де қайталамаған. Саған – бұл білімнің азығы, жарығым, қазбалап сен алып жатқан. Мүмкін де ойланарсың бұл дүние бекер беріліп жатқан жоқ саған...».
Құранның өз қорғаны бар. Діннің де
Енді құрандағы «Саф» сүресіне назар аударалық; «Сол уақытта Мәриям ұлы Ғиса (ғ.с.); «Әй, Израйыл ұрпақтары! Шын мәнінде мен, сендерге Алланың Елшісімін, алдымдағы Тәуратты растаушы және менен кейін келетін Ахмет атты пайғамбарменен шүйіншілеймін», – деген еді. Бірақ олар (ол, айтылған) Пайғамбар, оларға ашық дәлелдермен келген кезде; «Бұл ашық жады», – деді. Ислам дініне шақырылғанда, Аллаға қарсы өтірік жала жапқаннан кім залымырақ? Сондай-ақ, Алла, залым қауымды тура жолға түсуді нәсіп етпейді. Олар Алланың нұрын ауыздарымен (үрлеп) сөндіргілері келеді. Алайда кәпірлер қанша жерден жақтырмаса да, Алла өз нұрын тамамдайды. (Яғни дінін толық түсіріп, күллі әлемге тегіс жаяды)».(6-8 аят).
Құранның өз қорғаны бар, діннің де. Ұққан ұғады, ұқпағанға ұқтыру міндет емес. Дегенмен, Иса пайғамбарды өмірге әкелуде Алла алдымен анасы Мариямды дайындады. Міне, осы жол біздің қажы Ахмет өмірге келерде де қайталанды. Оны анасы Қарашаштың мына ілімі растайды; «...Қарашаш Ана кімді дүниеге келтірді? Йассауийді. Кішкентай ғана, кішкентай ғана беті қажығұмыр, туғаннан тырбаңдап асығыстығы мен жылдамдығына салып жүгіргенінде жел аяқ болып жете алмайтынмын. Сөйлегені балпана, асты жерге тастамайтын. Атаға батадай қарайтын. Елдің баласы, діннің баласы ол, әр сөзді шыбықтайтын. Төрінде отырып сөзін қылықтайтын. Әр дүниенің биігінде сауабын көре білетін. Өле өлгенше екі дүниеде дін бар екендігін дәлелдеген. Ол бізге Алла нәсіп етіп берген сондай асыл жаратылыс. Ондай жан дүниеге келерде анасы ерекше болуы керек емес пе. Аналар таңдалады құдайдан. Дінін ұстанатын, ұстайтын жақсылар туады анадан. Алланың азаны шақырылып жатқанда ұйқылы ояу бас ұрып жататын сәждеге. «Баладай біткен иман», – дейтінмін мен оған. Сол кезде кім білген Алла әмір етіп Арыстанбабты оған ұстаз етіп қойғанын. Қатты құшырланып сүюден қорқатынмын. Себебі, Құдай оны жақсы көрген соң. Мен бата алмаймын. Қаталдығы әкемнің – менің тазалығымды жоғалтпаған. Балаға деген мейірімділігім үлкендердің алдында төселген соң ғана маған бұл дарыған. Атасы мен апасы шарадай көзбен қарап; «Бұл бала киелі бала болып келді», – деді. «Халқы жылатса да осы баланың рухы халқының тілеуін тілейді», – деп атасы айтып кеткен маған. Сендер ойлайтын шығарсыңдар, «әулие – ана болу ол жай өзінің білгенімен, білімдарлығымен» деп. Жоқ, ол емізіп отырған баласы ембей қойғанда ойланып жылайтын – ана. Мамықта жатса да, жастығы қисайып кетсе де – ойлайтын ана. Елінің басына күн туып, баласы қырылып жатса, түнге тұрып құдайдан жылап сұрайтын да – ана. Халықтың анасы – әулие. Хаһтың бүгінгі сөзі осы саған. Иіріп сөйлер Пір Ананың бар менде рухы.
Пір Батыма Ана келді: «Жылады ма балаң? – дейді. – Қарамаймын артыма, ашық дауыс ананың белгісі. Жыбырлап, жауап бер сөзіме?» – деп түртіп кетті иықтан. Көзге көрінбейтін Пір – Ана батасын келіп берді балаға; «Жыласын, ашсын кеудесін. Ол кеуде екі жаққа ашылады. Біріншісі – Анасына, екіншісі – Құдайына. Ондай болса, өте қатты мықты болуың керек. Құдайға ашық, өзіңе ашық баланы, Піріңе бұруың керек. Сол себепті – Анасың сен. «Әкең жақсы ма?» дегеннен бұрын, «құдай жақсы ма?» – десең, «иә», – дейді балаң. Ондай болса тірлігіңде сен үлкен кілтті ұстап тұрсың. Мағанасын түсіндің бе, «Жаннаттың кілті – анада» дегеннің. Себебі, сен – анасы, балаңа бірінші Пірді танытасың. Онсызда құдайды сүйіп тұрған құлды құдайына жақындаттырасың. Сол дүниеге жету үшін жүрегіңнен мейірім махаббатыңды, төзімділігіңді бересің. Сөйтіп сен дінді құрайсың. Алланың шапағатына ие боласың. Еркекке оны Құдай берген жоқ. Еркек – әмір, ол – діңгек. Ұлың да – Пірің. Хақың жоқ оны төмен салуға. Себебі, Алла Адам Атаны бірінші жаратқан. Мейлі, қырық жыл қырғын соғыс болып жатса да, йә Алла аударып тастасын жерді, бәрі бір ол өзгермейді. Пір адам қалпында бәрібір алғашқы болып қалады.
Бүгін сен жазып жатқан асыл кітапқа Алла не деп мөр басып берді саған. «Мен қалаған шексіз махаббатымды Хауа Анаға бердім», – деді. Енді түсіндің бе не үшін балаң Құдайды сүйіп туатынын. Алла әр пендесіне өзінің махаббатын береді. Ондай болса, Пірдің беліне Алланың нұры түседі. Ананы силау керек. Анаң – ақыл ойың. Себебі, ол сенің шырағың. Ол сенің нұр шапағатың. Сені тамшыдан өндірген үш қараңғың. Одан басқа жақын жоқ, құдайға бір табан жақын жеткізетін сол ғана. Жаңбыр болып жауып, тамырланып өскен жоқсың, иә жер болып, жердің астынан шыққан жоқсың. Бұл – Алла сөзі, балам. Артық басқа сөз жоқ саған. Барлық ана осы дүниеде, нұрын жіктеп жеткізіп, ақиретке дейін халыққа нұр беру үшін жаратылған. Менің ұлыма сөз таратып реттеу нағашыдан келген.
– Анашым, сен сөз сөйлесең маған, тақпақтап айтсам, ұйқастырсам Алланыкі. Жарысамыз ба?.. – дейтін маған.
– Хаһтың сөзімен жарыса алмаймын, Хаһ озып кетеді дейтінмін. Хаһты қуып жеткен кім? Жарыссаң – жарыс дінде бауырларыңмен құдайға жету үшін. Нағашысы – қожалардан, қанымыздағы дініміздің туын көтерген арабтардан. Тірегі – қазақтан. Болса, Қарашаш анасы, нағашыдан алған болса, қасиетін, кімге сүйеніпті – Алланың әмірі көктен берген. Соңғы Құранды Алла пайғамбарымызға берген. Хаһтан келсе, асыл тас нұрың ғана жалғасады.
Бүгін түстім, дінсіз кетіп жатырсыңдар біріңе бірің қарамай. Жанбай жатып, жетпей сөнген шырақ болды қазағым. Зары бар менің ұлымның айтқан өз кезінде; «Жетпейді құлақтарына, Құдайдан басқа кім бар бұларға, жеткізші», – деп жылайтын маған. Бұл да – Құдайдың сөзі. Әмірі еді Алланың айтқан. Сондықтан күллі аналар тілеңдер Алладан. Жер бетіндегі мұсылман аналар. Оқыңдар елдің тірлігі үшін «Аятылы күрсіні» ыңылдап» деді Алла, ол дертке шипа, қарағым. Айтарым сол. Келемін тағы, құлыным. Беткей болар бір сөзің, Құдайдың нәрі бар сенде. Түр сипатың Құранмен ашылған...
Алла, артық бердің дара қылып осы күнге, сен мені сараптап салдың, Алла. Ақ шаңырақ, Ақмешітте беремін бата, бүгін бер десең өзің. Мүмкін сақтаған шығарсың қасиетін Ананың. Ақ дастархан дейді Құдай, ақтың қадірін білген ақ болады дінге. Сөзіңде сенің болмасын бір ірткі, Құдайсыз аяқ басқан ана оңбайды. Дозаққа күрт кетеді. Болмасын қасірет жандарыңда. Қабыл болсын батам...». (22.07.2020 ж).
Осы ортаға салған ойды одан әрі жандандыруға көктен түскен Парақтар арасынан мына аян үзінділерін де қосқым келеді.
ЙӘССАУИЙ ҒҰЛАМА; «...Менің жер асты мешітін салуыма, соған түсуіме, содан қайтып шықпауыма, рухтармен сөйлесуіме не ықпал болды? Соған күш беріп кіргізген қандай ықпал; ол – қаным, сүйегім, жаратылысым. Ондай болса, менің топырағым, менің қазақ қаным, менің тамырым, осыны апарып екті ғой. Топырақтан шыққанымды ұмыттырмаған ата- бабамның бойындағы дарыған қасиеті Алла тағаламды мойындауда жеңілдік берді. Олардың даралығы мен даналығы, олардың маған деген махаббаты, анам мен көршімнің, досымның, маған ғашық болғандардың, менің сөзімді сөз деген туыстардың, олардың әдемілігі мен берген асы; «Жеп ал мына құйрық майды», – деп салған, бейтаныс бабаларымның, аталарымның ұрған қамшысы емес пе мені соған кіргізген. Құйындай ұшып келе жатқанда, атымның тұрып қалатыны, соны тоқтатқан кісілерім емес пе. Секіріп түскенде шалдырып жіберетін апалар емес пе. Айғайлайын десең танымайтын бауырларың «Көке» деп құшақтағандағы кішкентай інілерімнің маған деген махаббаты мен ұялып тұрған қыздардың ғашықтығы емес пе. Сондай бар дүние, болған дүние кетіп қалса не боласыңдар? Сондай дүние кетіп бара жатқан соң жалғандағы тірлікте менің қарным ашты. Арқам қысылды. Көре алмаушылық басталды. Жібертпейтін болды бірін бірі. Жіктеп бөле бастады. Жағымпаздана бастады. Кім кімді бөле бастады, жаманға шапан кигізді, жақсыны көрге тыға бастады. Солар мені Дін –ақпарды сақтауға Құдайға бетімді бұрғызды. Сөзді ұқтың ба? Ойланды ма біреуі бүгінге дейін, ойшыл адамдардың, неге, қалай барғанымды. Ойланған жоқ. «Жауабын өзі береді, көрге алып кетті», – деді. Шығарады ғой көрден Аллам, жасырмайды көрдегіні де Құдай, біліп тұрсың, қарағым.
...«Сары кітап» зарлайды, көз жаспан кірген... Өстіп сөзді бастадым, бұл менің шәкіртке берген жауабым болған, балам.
– «Ей, дүниең түгел, нең бар еді көрге тығылар, Алла тағала естіп жатыр ма екен осы адамды?- деп айтып жатыр аманатын бір атаң», – деп жеткізді маған.
– Сол ата мені жоғалтып жатыр. Ойлансын ол адам, ақылсыз болған соң жақсысын көрге тыққанын, – дедім. Сен шал; «көзің соқыр болып, берер батаңды білмесең, ана аққан жас қайдан шыққанын көріп тұрып айтпасаң, көрге кетпей қайда кетеді ол адам...– дедім.
«Іштен шыққан жау жаман», – деп неге сөйлейсің? Біле тұра неге сен, қызға да, әпкеге де, бауырға да «мен – дінмін» деп айта алмадың. Сосын кеттім көрге, көр – мен үшін мешіт. Бұл дүниеде аруақтар аңырап жылап жатыр. Сол кезде де жылаған. Бүгін мен кеше болған жоқ бір мезеттей, шырағым. Әлі де тұр зарлаған, ақырын жерді тыңдасаң ыңырсыған жастан басқа ештеңе естімейсің. Тазаларына: «Шығыңдар, қоныңдар», – деп жатыр, балам. Себебі, біз Құранды жердің астына алып кеттік қопарылмасын деп, қарағым. Оны да қопарып жатырсыңдар. «Не дейді Йәссауий?» – десе, осыны айтқын; «Сөзі бар атаның аян берген маған, естіп алғын, айта берме оның білімін, сондай болғын», – де оған. Оймен шыққан соң бүгінгі сөз ұнады деме. Осы сөзбен қаламын де. Соған ұқсас болғын. «Алланың жаны ашысын», – дейтін Ата-бабаң. Бірақ, барыңды сал. Бойымдағы қасиет мейірімділіктен басқа берерім жоқ оған.
«Сары кітаптың» зарлайды бүгінгі беті саған. Құдіреті күшті Құдай осы кітапты дарытып беріпті, ел жұртыма қабыл болсын, балам. Ғалымдар отырар; «Ой, шіркін, Йәссауийдің сөзі, ой, Әбу Насырдың сөзі, ұлықтың сөзі қандай!» – деп. Ей, шаңырақ ұстанған, ұлықтың ұлығы Құдай тұр ғой, тапқын Құраннан. Мен мүмкін тірі болсам сен тыңдамас па едің, «Жынды» дер едің. Құлыным, дін тірегі – Құдай. Өз дініне өзі тіреу Аллам. «Қосыл маған», – деп сөйле. «Мендей бол», – де, балам.
Осыны ұмытпағын, шәкіртіме де осы сөзді салғанмын, Нұр ма Құдайдың сөзі, нұр тек Құдайдан. Адамды нұр демегін, оның нұры бүгін бар, ертең сөнеді ұстай алмаса. Бітпейтін шексіз нұр тек Алладан. Өзінің нұрын Алла сенгеніне береді. Бұл саған нұр, балам. Өзгеден көрмейсің нұрды. Өзіңнен алып кетпесе. Соны алуға беріп қана барасың. Ондай болса, адам беріп те жатыр, алып та жатыр емес пе. Он төртінші сүренің жетіші аятын айтқан Құдай маған. Аш Құранды. Ассаламу уа алейкум,
- «Ибраһим» сүресі. Жетінші аят; «Егер бергеніме шүкірлік етсеңдер оны тағы да молайтамын. Ал егер күпірлік жасасаңдар тартқызар жазам төтенше қатаң болады». – деді Тәңірі кезінде оларға.
Жап. Маған Тәңір не берді? Арыстанбабтан ілім берді. Мен оған, «Шүкіршілік» дедім. Соны алдым, жеткіздім. Менің аятым осы – Шүкіршілік. Йәссауийдің аяты – Шүкіршілік. Алла маған Арыстанбабты жіберді. «Соған шүкір демейсің бе?» – деді. «Демесең, онда алып аламын», – деді. Мен соны жалғастырдым. Міне, осы аят өмір бойы мені жолда ұстады».
Бұл – Иассауийдің «Сары кітапқа» енген бір ғана дәрісі, толық дәрістерімен ұстазы Арыстанбабтың Алғы сөзімен жарық көрген сол; «Қажы Ахмет ЙАССАУИЙ; САРЫ КІТАП» жинағынан танысуға болады. («Үш қиян» баспасы, 2020 жыл).
«...Йассауий рухпен рухты қондыра білгеннен кейін ғана жердің астына кетті. Ол Алланың разылығымен дін үшін кетті. Дін өзіне ғана емес, өзгеге керек екендігін білгесін, Алланың екі дүниеде біздің жанымызда жүргенін дәлелдеу үшін кетті. Ол жарты өмірін жер астында Алламен тілдесуге арнады. Арнады дегенмен де – Алла оған оны арнатты. Йассауий Алланың берген уәдесі болмағандықтан «Сары» қылып соны кітап ішінде сақтап кеткен. Оған кітапты беріп отырғанда 926 рух қонған. Рух шақырып, Аллаға аманаттап, сол кітаппен қауышу бізге парыз. Бұл сөзді Қазығұрттағы (25.10.2020 ж) «Жеті кәміл Пір мен Ғайып Ерен 40 шілтен әулие» мекеніндегі ПІР кенжесі БЕКТІҢ; «Бұл орайда дінді Екі дүниенің теңдігін көрген Йассауийдің рухына аманат етіңдер», – деген дұғасы да бекітеді. Дінді іздеген қазақ әл-Фараби жолын өнеге тұтса керек. Ол дін жолында, ілім іздеп жүріп алыстағы Шам шаһарында көз жұмбады ма? Өзара айтысқанша бірігіп тәні жандарыңда жатқан Йассауий рухын іздеңдер. (Үкімет Түркістан қаласына ерекше мәртебе берді ғой, бәлкім қалада Иассауий Академиясы ашылар, соны Фараби іздеген Даналар Үйіне айналдыру керек, Бұл шаңырақтың әлемдік деңгейдегі оқулығын біз; «ІЛІМ – ЕРЕКШЕ ҒЫЛЫМ». ҚР ҰҒА Президентімен болған кездесуден соң ғайыптан жеткен «Діни ілім – ерекше ғылым» кітабын сүйіншілеу» («Төртінші билік» газеті, №10. 31.05.2017 ж) деп жеткізіп қойғанбыз. Соған мұрындық боларсыңдар).
(Жалғасы бар)
Бақтыбай Айнабеков,
Ілімгер – жазушы
Abai.k