Дүйсенбі, 21 Сәуір 2025
Өзгелер 739 0 пікір 18 Ақпан, 2025 сағат 13:53

Келіссөз: Зеленский Түркияға барды

Сурет: rbc.ua сайтынан алынды.

Түркия Президенті әкімшілігінің өкілі Фахреттин Алтун Ердоғанның шақыруымен Украина президенті Зеленскийдің Түркияға сапарлай келгенін жазды. 

Сапар барысында екі елдің стратегиялық әріптестігі мен ынтымақтастығын нығайту талқыланады. Ең бастысы, көшбасшылар Украинадағы соңғы оқиғалар және басқа да аймақтық, жаһандық мәселелер туралы пікір алмасады деп жоспарланған.

17 ақпанда елдің СІМ-нің басшысы Хакан Фидан Анкара Украинадағы бейбітшілікті нығайту және елді қалпына келтіру үшін кез келген рөл атқаруға дайын екенін хабарлаған еді. Оның сөзінше, келісімге келу оңайға соқпайды.

– Идеалды әлемде біз Украинаның аумақтық тұтастығын сақтағымыз келеді. Бірақ қазір, өкініштісі сол жағымсыз шешімдер қабылдауға тура келеді. Қазір тараптар бұл таңдауды жасауға тырысуда: олар не бере алады, нені сақтай алады, кейінірек не туралы сөйлесуге болады, – деді ол. 

Фидан сондай-ақ, қақтығыстың барлық қатысушысы, соның ішінде тікелей соғыспайтындар да өз басымдықтарын бірінші орынға қоятынын атап өтті.

Зеленский әлеуметтік желісінде Түркияға ресми сапары аясында тұтқындардың үйіне оралуын, азық-түлік қауіпсіздігі мәселелерін талқылау жоспарланғанын жеткізді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2068
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4939
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4145