Жұма, 21 Ақпан 2025
Дін 614 1 пікір 19 Ақпан, 2025 сағат 13:54

«Дін» деп жүрген, екі дос, ұрыспаңдар! (соңы)

Сурет: turkystan.kz, ult.kz сайттарынан алынды.

Басы: «Дін» деп жүрген, екі дос, ұрыспаңдар!

Жалғасы: «Дін» деп жүрген, екі дос, ұрыспаңдар! 

Сөз – тілдің перзенті

Аллаға, Рухқа жол ашар кілт – Сөз, Сөз – тілдің перзенті. Сол ғана құлыпты ашады. Иассауий ілімді бізге биік деңгейде қалдырып кетті. Ілімнің бәрін алып келетін – рух, Алланың әмірімен. Алла ғана жібереді. Рухтың берері – бата, Алланыкі – жол. Ілімде данышпан деп кімді айтады? Алланың берген ілімін тазадай қабыл алған адамды айтады. Көкті, дінді мойындаған адам - данышпан. Ал соны тазадай орындап жеткізе білетін парасатты жан. Иассауий – Парасат. Алла тағала оны солай атаған.

Құран; «Ей, адам баласы! Шүбәсіз сендерді бір ер, бір әйелден жараттық. Сондай-ақ бір бірлеріңді тануларың үшін сендерді ұлттар, рулар қылдық» («Хұжырат» 49 – 13)  деп ескерткен.  («Алланың сөзін өзгертуші жоқ», 6-сүре, 34-ші аят). Құран бүгінге дейін бір әрпі де өзгермеген және мәңгі  өзгермейтін Алланың жолы және оны үнемі Өзі ғана бақылып отырады. Осы орайда Ғайыптан ескертілген «Тақуалық ілім сабағындағы»  мына сөзді тағы алға тартамын; «... Сен тіршілік тағдырыңда, құран мәселесінде құранды өз тіліңе аударған құлмен, (Халифа Алтайды айтады.-Б.А.), Құранды паш етіп жүрген муфтимен (Рәтбек Нысабайұлын айтады.-Б.А.) жүрдің.  Екеуі де ілімдар. Бірақ сен де, олар да, үшеуің де соқыр болдыңдар. Сен ілімді ақылмен көрмедің. Олар да сені ақылмен көрген жоқ. Солай көргенде, бүгінгі күнге үшеуің үш тұлға болып отыруларың керек еді. Бүгінге дейін үшеуің дін мәселесінде, Ислам мемлекетінің басында сөз айтатын жағдайда отыруларың керек еді...». (20.08.2020 ж. «Дінге ақыл иесі ақыл көзімен қарауы тиіс», «Жеті жұрт» газеті, №34, 04.09.2020 ж»).

Бұл аянды неге келтіріп отырмын. Қазір елімізде елші діни тұлға өзін көрсетпегендіктен дінге жетекшілік еткісі келетін азаматтар қарасы көбейді. Әрқайсысы өз деңгейлерінде қимылдауда, білім алып келген жеріне қарай бөлініп тартатындар да, тіпті дінді саяси күш ретінде пайдаланғысы келетіндер де байқалады... Дін әр ұлттың өз топырағында ұлттық дәстүріне сай ғайыптың бақылауымен өсіп өріс жаятынын есте ұстайық. Ислам – қатал. Исламның ілімі – бұзып, жарып, төңкеріп дәлел жасайды. Себебі, ол – Құдай. Сенің көзіңе көрінбейтін дүние. Бірақ ол – сенікі, ол сенсің.  Құран өзгермейді, өлді ғой басқа үш кітап, ми сияқты. Адамның миы сияқты қажыды, өлді алғашқы үш кітап. Ал Лаухул Махфузада тұрған құран өлмейді. Құранды сен мойында, Құран сені мойындайды. Құран – Ғайып! 

«Қазаққа екі дүниеде қорған боламын»- деп, оған сүйікті діні Исламды еншілеп берген Алла тағаламның түсірген Парақтары бойынша қысқартылып дайындалып отырған осы дәрістің кеңейтілген нұсқасы; «Дінді қорғаушы қазақ, өз дінің – Исламға еге бол!» деген атпен иманды тәлім Бағдарлама ретінде жазылып, соңынан  баспадан кітап болып басылып Елбасына жолданды... Осы кітап негізінде;   «Нұхтан кейінгі дін тарихы Қазақ Атадан басталады, дін неге қазақтың еншілігінде?  Әлем жамағаттары мен ғалымдарының назарына!» деген «Қадыр қасиеті жер дүние халықтарын дүр сілкіндірер» (01.02.2018 ж. «Көкбек;  Алла сәбидей пәк». « Қызыл кітап, Екінші табалдырық», 82 бет) Хат жазылып, араб, түрік, ағылшын, орыс тілінде биылғы жылы Астанада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің сьезі делегаттарына  интернет желісі арқылы талқылауға жолданылғалы отыр...

Біздің ел – «Дін осы жерге  расында да түбірімен тарқайды» деген аманатпен келген ел.  Қазір қазақ жерінде кезінде пайғамбарға осы елден  көмекке барған 4000, араб елінен келген 4000 сахаба мүрделері жатыр, олар тірі рухтар, екі дүниеде дінді қорғаушылар...  Көктен жамандық та, жақсылық та келмейді. Тек әмір келеді. Әмірдің  жамандығы, жақсылығы болмайды. Орындалуы мен орындалмауы болады. Жаннат пен дозақ қана болады... Осы ретте қазақ жерінде орналасқан Түркістан сияқты тағы бір киелі жерді айтқым келіп отыр. Мұндай қасиетті жерді дінде Мөрлі мекен атайды.

...Алматыдан Нарынқолға шықсаң  жолда «Райымбек бастауы» тұр. Сол бастаудан тау қолтығына тереңдей кірсең Әл Мерек пен Райымбек әулие өмірден өткеннен кейін екі жарым, үш ғасыр адам аяғы баспаған қасиетті жерде «Ғызыр тағы» орналасқан.  Бұл жердің ежелгі атауы «Хана Туран». Кезінде Сақ тайпасы ішінде болған, бізге жеткен атауы «Тиграхауым».  Бұл жер «Барыс құттың» келген жері» деп те аталған. Ол аты қазір өшкен. Тау қолтығына кіре берістегі қоңқиып тұрған мұрын сияқты көрінісіне орай «Мұрын тақ» деп аталған атауы да бар. Барған кезде көзге түсер сол қанаттағы «Бес батыр»  бес төбе. Құрани  тілмен бұларды; Адам Ата, Нұх, Ибраһим, Мұса, Мұхаммед салалаһу уа саллам пайғамбар  атаған. Ал әулие Әл Мерек бұл «Бес батырды» Күнгей, Тегін, Бұйыртпас, Хаһ, Тағын деген рух жолы аттарымен атаған. Рух жолы. Бұл жол сол жерден бастап Тараздан өтер «Жуалы асуына» дейінгі аралықты қамтиды. Ал екінші жағындағы төбе «Бүркіт қонған». Бұл төбе рух аялдар қасиетті орын. Ал таудың басында тұрған үлкен бес тесік «Ұялы таң» аталады. Көктегі кей рухтар сол тесікке уақтылы жетіп үлгеріп кіре алмай қалғанда, Тәңірден сұрарын осы үңгірде отырып сұраған. «Ұялы таңға» келгенде  амандасып, тілек тілеп, арнайы «Қызыл дастарқан» жайған. Бұл қасиетті тақты «Бес батыр» қорғап тұр, кіре беріс бергі алдына  «Қара қорған» қойылған. Қорған кезінде биік болған.  Қазір әбден мүжіліп желінген. Қорған әр кез тас лақтырады. Кейбір дінсіз адамдар келгенде осылай  тас атқыласа, «сол адам мұнда  кірмесін»- деген ашық белгі. Бұл жер қазақтың қағанаты – Хаһ белгісі. Қазіргі атауы  – «Ғызыр тағы».

Біздің Ата жұрттағы ілім иелері мен абыз бабалар осындай киелі жерлерді көздің қарашығындай қорғай білген. Қазақтың қазақ болып қаншама тайпалардан бас құрауы, бір мемлекет атануы – осы Сақ тайпасынан, қасиетті рухтан. Тарих, сол кезде осы тайпамен Ну тайпасы қатар тіршілік жасағанын айтады. Сақтың екінші буыны. Үшінші буыннан Үйсіндер өреді. Бұл «Ғызыр тағы»  – Аллаһ тағаланың жер бетіне орналастырған  үш «Ғызыр тағының» бірі. («Ілім тағы». 08.09.2020 ж.). Екіншісі, араб жерінде (Бәлкім, құрандағы Ғызырдың Мұса пайғамбармен кездескен жері), үшіншісі, Солтүстік мұзды мұхитта, мұз үстінде. Негізі іліми жалғас Алланың әмірі қарқында осы үш нүктеден терең өрбиді. Әл Мерек Абыз өз кезінде Ғызырдың айтуымен қазақ жеріне орналасқан осы қасиетті іліми тақта шырақшылық (Иелік) еткен. Сол Әл Мерек; «Ғызыр маған емес, менің еліме қонған», – деп айтуы керек», – дейді  өз аманатында. Мұнда Ғызырдың  «Рух шақыратын» жері мен күні белгіленген. Ғызыр аләиһис саллам келер алдында бұл жерде мал сойылып, өте үлкен құмар жасалынған. (Құмар – қазіргі біздегі той. Б. А.).

Түбі біздің ел, қазақ халқы  Аллаһтың әмірімен басқарылып отырған ел екенін ұғынады. «Аллаһтың әмірімен басқару деген – шариғатпен, құранмен ғана емес, тікелей құдайдың айтуымен басқару»- деген сөз. Алла: «Менің дінімді ұстанған ғана менің  туымның астында тұрады», –  деген....

Мен дін туралы, рухы қонған дін иесі қазақ елі туралы  қазақ елі қашан да Аллаһтың тікелей назарында отырғандығын жеткіздім. Дін – саясат емес, имани жол, елдің сарқылмас қуаты. Дінді, адамды Алла сүйрейді. Инабатсыз интернетке шығудың қажеті қанша еді. Интернеттің  көбі қазір дінді «догма» деп жүрген, миы бар, ақымақ ғалымдар мен өз өзін дін білгіші көрсетуді мақсат тұтқан екіжүзділер алаңына айналуда. Дін жайлы мешітте ғана бас қосқан мақұл. Дінде – қарсыласпайды, дінде – қоштайды, қол ұстасады, бірігеді. Қол алысыңдар, қол алысу деген Хорасан атаның заманында бата болған. (23.11.2016ж). Бұл – менің батам.

Сәлеммен, өзіңізді құрмет тұтушы,   

Бақтыбай Айнабеков,

Ілімгер – жазушы.

Abai.kz

1 пікір