Сәрсенбі, 23 Сәуір 2025
Жаһан жаңғырығы 806 0 пікір 17 Наурыз, 2025 сағат 13:58

Ердоған Трамппен телефон арқылы сөйлесті

Сурет: Anadolu Ajansi сайтынан алынды.

Ердоған АҚШ-ты Түркияның қорғаныс өнеркәсібіне енгізілген санкцияларды алып тастауға шақырды.

Сонымен қатар, Ердоған әскери жойғыш ұшақтарды әзірлейтін әрі өндіретін F-35 бағдарламасына қайта қосылғысы келетінін мәлімдеген.

Еске салайық, бұл санкциялар 2019 жылы Түркияның ресейлік С-400 әуе қорғаныс жүйелерін сатып алуына байланысты енгізілген еді. Соның салдарынан Түркия F-35 жойғыш ұшақ бағдарламасынан шығарылды.

Ердоған АҚШ президенті Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлесу барысында Вашингтонның Түркия жайында, яғни елдің ұлттық қауіпсіздік мүдделерін ескеретін жаңа көзқарас қалыптастыратынына үмітін білдірді.

Осылайша, Режеп Тайып Ердоған АҚШ-ты қорғаныс саласындағы кейбір сатып алуларға кедергі келтіретін санкцияларды алып тастауға шақырып отыр.

Ердоған Түркияның F-16 ұшақтарын жаңарту жобасы арқылы жаңа бетбұрыс жасағанын айтып, осы саладағы экспорттық шектеулердің алынып тасталуын күтетінін жеткізді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2149
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 5034
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4276