Дүйсенбі, 7 Қыркүйек 2026
Қоғам 2860 0 пікір 4 Сәуір, 2025 сағат 14:46

Халықтың несие жүктемесі жаһандық деңгейден төмен

Сурет: Aikyn.kz сайтынан алынды.

Қазақстандағы халықтың несие жүктемесі жаһандық деңгейден әлі де төмен, деп жазды Ranking.kz.

Ұйым үй шаруашылықтарының қарыздары мен кредиттерінің жалпы ішкі өнімге (ЖІӨ) шаққандағы қатынасын бағалай отырып, 2023 жылдың толық көрсеткіштерін жариялады.

Талдауға сәйкес, 2023 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда бұл көрсеткіш небәрі 15,2 пайызды көрсеткен. Яғни, елдегі тұрғындардың банктік және өзге де кредиттік ұйымдар алдындағы міндеттемелері экономика көлеміне шаққанда мардымсыз.

Салыстырып айтқанда, бұл деңгей Халықаралық есеп айырысу банкі (BIS) белгілеген жүйелік тәуекелдер шегімен салыстырғанда төрт есеге жуық төмен. Аталған шекке сәйкес:

ЖІӨ-нің 20%-ына дейінгі қарыз жүктемесі – өте төмен деңгей.
60%-дан жоғары деңгей – экономика мен тұтынуға теріс әсер ету ықтималдығы жоғары.

Осылайша, Қазақстан әлемдегі кредит алу деңгейі ең төмен 15 елдің қатарына кіріп отыр. Бұл ХВҚ есептеген 70 мемлекеттің ішінде айтарлықтай төмен көрсеткіш саналады.

Көршілес елдер мен дамыған мемлекеттердегі жағдай:

Ресейде үй шаруашылықтарының қарыздарының ЖІӨ-ге шаққандағы үлесі 22,19%-ға жеткен. Бұл Қазақстанмен салыстырғанда шамамен 7 пайыздық тармаққа артық.

Қытайда аталған көрсеткіш 63,67% болып тіркелген. Яғни, BIS белгілеген 60%-дық шектен жоғары.

Дамыған елдерде бұл көрсеткіш айтарлықтай жоғары:
• Канада – 102,21%
• Швейцария – 126,5%
• АҚШ – 72,9%
• Ұлыбритания – 77,8%
• Швеция – 83,4%
• Норвегия – 86,48%
• Франция – 62,63%
• Жапония – 65,66%
• Оңтүстік Корея – 93,54%

Экономикасы дамып келе жатқан елдерге келсек, көрсеткіштер былайша:
• Бразилия – 34,9%
• Чили – 46,34%
• Үндістан – 39,16%
• ОАР (Оңтүстік Африка Республикасы) – 33,92%
• Таиланд – 86,88%
• Малайзия – 69,41%.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 929
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2412
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 639
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 620