Дүйсенбі, 21 Сәуір 2025
Жаңалықтар 273 0 пікір 20 Сәуір, 2025 сағат 19:57

Пасха жұмыртқалары мен бауырсақ: Астанада этносаралық келісім нығайып келеді

Сурет: gov.kz сайтынан алынды.

Астанада өмір сүретін түрлі этностардың өкілдері арасында достық, сыйластық және өзара қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған акция өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. 

Сурет: gov.kz сайтынан алынды.

Іс-шара Пасха мерекесіне орай монастырь ғибадатханасының алдындағы алаңда өтті.

Салтанатты литургия мен крест жорығынан кейін ғибадатхана аумағында символдық тәттілер сыйға берілді. Ал қонаққа келген өзге конфессиялардың өкілдеріне пасха жұмыртқалары сыйға берілді. Өз кезегінде қонақтар бауырсақ әкелді.

Сурет: gov.kz сайтынан алынды.

Акцияға қатысушылардың бірі Адия Ілияс былай деп өз ойымен бөлісті:

«Біз елорда тұрғындары бұл күні ғибадатханаға ұлттық тағамдарымызды таратуға, қаламыздың православ тұрғындарын құттықтауға және қолдауға келдік. Өйткені, сенім мен ұлтқа қарамастан бір-бірімізді қолдауымыз керек».

Сурет: gov.kz сайтынан алынды.

Іс-шара елорданың түрлі этнос өкілдері арасындағы үйлесімділіктің, бірлік пен өзара сыйластықтың ерекше үлгісіне айналды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2068
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4939
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4145