Жексенбі, 4 Мамыр 2025
Қоғам 470 0 пікір 3 Мамыр, 2025 сағат 13:33

Мұсылмандық мәні

Сурет: kaz.nur.kz сайтынан алынды.

Мұсылмандық мәні әр елде әрқалай болатыны заңды: себебі, ол сол халықтың мәдениетімен жалғасады.

Ал, мақсаты ше?

Бұл жерде үлкен айырмашылықтар бар.

Мәселен, Ресейдегі мұсылмандықтың мақсаты - федерация құрамындағы халықтың мемлекетқұраушы орыс халқына жұтылып кетпеуінен және тілі мен өз мәдениетін сақтауын қамтамасыз етудің бір құралы бола алуынан көрініс табады.

Ол жағдайда, оның қандай мұсылмандық -  мәселен шиитік, әлде, суниттік бағыттар - ұстануы маңызды емес.

Мазхабтар да маңызды емес.

Онда, жалпы «мұсылмандық» деген түсінік қорғаныстың, дәлірек айтсақ – «өзін сақтау иммунитетінің» бір бөлшегі болып табылады.

Ол әр халықтарды ортақ мақсатқа – «өзіндік бейнесін сақтау жолына»   біріктіреді де «ресейлік мұсылмандық» атты құбылысты туындатады...

Ал, тәуелсіздік алған Орта Азия халықтарындағы мұсылмандық мәні «Тәуелсіздік жағдайға» сай мақсат түзеді.

Ол неден көрінеді?

Біріншіден, Тәуелсіздік «өзге мәдениетке жұтылу» қаупін сейілтті.

Екіншіден, тәуелсіздікпен бірге мұнда өз мәдениетін сақтау және дамыту жолы ашылды.

Міне, осы екі шешуші фактор осы елдердегі «мұсылмандық» мәнін айқындайды.

Егер, ол осы аталған қағидаларға қарсы діни ұстанымдар басшылыққа алынатын болса - онда ондай «мұсылмандық» халық тарапынан туатын «мәдени қарсылыққа» тап болады әрі, сыналады.

Сөйтіп, өз маңызын жоғалта бастайды.

Соның әсерінен, бұл аймақта «Мұсылмандықтың қай бағытын ұстану керек?» деген өткір сұрақтар туады - мұсылмандықтың төрт мазхабының бірінің болуы маңызды бола түседі...

Мұндағы мұсылмандар, сөйтіп, мазхаб бойынша ғана бірігеді.

Себебі, оның мақсатында Ресейдегі мұсылмандыққа жүктелетін «халықтың өзін сақтау» функциясын бұл елдер қол жеткізген Тәуелсіздік жойған.

Ол функция, енді, салт-дәстүр мен ұлттық мәдениетке жүктеледі.

Тек солар ғана «ұлттық идентификация» негізін құрайды, себебі, оны Унитарлы-ұлттық мемлекет құру  шарты талап етеді!

Олай болса, мұндағы мұсылмандық та өзін осыған бейімдесе ғана - халыққа жағымды.

Егер, ол салт-дәстүрге сай емес «жалпы мұсылмандық» қалыбына көшуге ұмтылса - онда оны тәуелсіз мемлекетін құруға бет алған халық мойындамайды.

Халық одан бас тартады.

Себебі, ешқандай да «жалпымұсылмандық» деген атпен келетін Рухани бодандық пен Құлдық - Тәуелсіздік пен Еркіндікті алмастыра алмайды!

Міне, мәселе қайда?!

Әбдірашит Бәкірұлы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 900
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 1022
Бәрекелді!

«Родословная казахских ханов»: всемирное признание

Керимсал Жубатканов 990