Сейсенбі, 6 Мамыр 2025
Жаңалықтар 259 0 пікір 6 Мамыр, 2025 сағат 14:13

Вьетнамдық инвестор Qazaq Air компаниясының атауын өзгертті

Сурет: kt.kz сайтынан алынды.

Qazaq Air әуе компаниясының атауы VietJet Kazakhstan боп өзгереді. Бұл туралы «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов елордада Қазақстан-Вьетнам іскерлік дөңгелек үстелінде айтты.

2023 жылы Qazaq Air компаниясын вьетнамдық VietJet Air сатып алатыны жарияланған еді.

Н. Жақыповтың айтуынша, бұл мәміле Жекешелендірудің кешенді жоспары аясында жүзеге асырылды. Сатып алушы ретінде SOVICO Group компаниясы белгіленді.

− Мәміленің барлық шарттары орындалды, төлем қабылданды, ал акциялар инвестордың жеке шоттарына берілді. Аталған стратегиялық әріптестік әуе тасымалдаушы мен саланың дамуына оң әсер етуге бағытталып қана қоймай, Қазақстан мен Вьетнам арасындағы экономикалық байланыстарды нығайтудың жаңа көкжиектерін ашып, өзара өсім мен өңірлік қатынастардың дамуына жол ашады. Біз SOVICO Group пен VietJet Air компанияларының Qazaq Air-ді VietJet Kazakhstan жаңа бренді аясында басқаруға және операциялық қызметіне қатысу ниетін жоғары бағалаймыз. Өңірдегі маршруттық желінің кеңеюі көлік байланысын нығайтып, жаңа экономикалық өсу нүктелерін қалыптастырады. Енді біз ауқымдырақ және бір-бірімізге жақынырақ боламыз, − деді Нұрлан Жақыпов.

Еске салсақ, 2023 жылдың желтоқсанында «Самұрық-Қазына» Qazaq Air акцияларын сатып алу-сату шартына қол қойылғанын хабарлады.

2023 жылы Қазақстан Вьетнамның VietJet Air әуе компаниясымен меморандум жасаған еді.

Бұл ретте вьетнамдық инвестор бірқатар міндетті орындайды, компанияның әуе паркін Boeing және Airbus ұшақтарымен толықтырады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 1768
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 1962