Дүйсенбі, 12 Мамыр 2025
Аласапыран 348 0 пікір 12 Мамыр, 2025 сағат 13:17

АҚШ пен Қытай келісімге келді ме?

Сурет: masa.media сайтынан алынды.

Женавада өткен АҚШ пен Қытайдың сауда келіссөздері аяқталды. Бұл Трамп Ақ үйге қайта орала сала Қытайға тариф соғысын ашқаннан бергі екі тараптың алғаш келіссөз үстеліне отыруы.

Ақ үй басшысы Трамп алдын ала келіссөздердің сәтті өтіп жатқанын жазып, желпінген еді. Жексенбі кешкісін Қытай тараптан сауда келіссөзін өткізуге келген, орынбасар үкіметбасы Хы мырза да келіссөздердің нәтижелі болғанын айтып, алғаш рет ашық пікір білдірді.

Екі күнге созылған келіссөздердің нәтижесі бүгін белгілі болады. Атап айтқанда екі тарап бірлескен мәлімдеме жариялайды. Десе де екі тарап өкілдерінің БАҚ-қа берген сұхбаттарынан белгілі болғандай, әлемдік нарықтың екі үлкен алыбы өзара сауда дағдарысын реттеуге, саудада теңдік қатынасты сақтауға келіскен.

Ақ үйдің Қаржы министрі Бесент екі тараптың кезіссөзіне "көңіл толарлық" деп баға берсе, АҚШ-тың Сауда өкілі Грир  "Қытайлық әріптестерімізбен жасасқан келісім АҚШ пен әлем елдері арасындағы 1 триллион 200 миллиард долларлық сауда алшақтығын қысқартуға көмектеседі" деп пікір білдірген.

Ал Қытай тарабы келіссөздің ашық өткенін, екі елдің мүддесіне саятын мәселелер нақты талқыланғанын жеткізген. Келіссөз нәтижесіне Трамптан бастап Ақ үй өкілдері "қанағаттанарлық" деп баға беріп жатқанымен, Қытай тарабы асығыстық танытпай отыр.

Оның бірнеше себебі болуы мүмкін: Сауда тарифіне байланысты АҚШ баспасөзі Қытай тауарларына салынатын кедендік салық төмендеп, 60 пайызға тұрақтауы мүмкін деп жазса, Трамп "80 пайыздан түсірмеймін" деп екіленіп отыр. Ақ үй қожайыны келісөзге қатысқан өз елшілерінің кеңесіне құлақ аса ма, ол жағы белгісіз.

Қытай тарабының "АҚШ тарабы мәселені шынымен реттегісі келсе, бір жақты тариф соғысының өзге елдермен өз экономикасына әкелген салдарын қайта бағамдап, қателігін түзететін нақты жоспарын көрсетуі керек" дегені соны меңзесе керек.

Сарапшылар: "Трамптың 80 пайыздық тарифін Қытай қабылдай алмайды. 30 пайыздың өзі оларды пайдадан айырады" деп санайды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2179
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 3842