Сейсенбі, 20 Мамыр 2025
Айтыс 256 0 пікір 20 Мамыр, 2025 сағат 16:31

Трамп пен Путин не шешті?

Сурет: rbc.ru сайтынан алынды

Путин мен Трамп 2 сағаттан астам уақыт бойы сөйлесті. Трамп былай деп жазба қалдырды: «Жаңа ғана Ресей президенті Владимир Путинмен екі сағатқа созылған сөйлесуіміз аяқталды. Ол өте жақсы өтті деп санаймын. Ресей мен Украина дереу арада ұрысты аяқтау туралы келіссөздерді бастайды, ал одан да маңыздысы соғысты толық аяқтау бойынша келіссөз жүргізеді. Талаптар екі тарап арасында келісіледі, солай болуға тиіс те. Өйткені келіссөз процесінің өзгеге беймәлім тұстарының анық-қанығы екеуіне белгілі ғой. Әңгімелесу ауаны жақсы өтті. Егер олай болмағанда, мен ол жайлы дәп қазір айтар едім.

Ресей мына қырғын аяқталған соң АҚШ-пен ауқымды сауда жасағысы келеді және мен ол идеяны қолдаймын. Ресейдің көптеген жұмыс орнын ашу және әл-ауқатты арттыру мүмкіндігі бар. Оның потенциалы – шексіз. Украина да өз елін қалпына келтіру сәтінде үлкен сауда қатынасын жасай алады.

Келіссөздер Ресей мен Украина арасында бірден басталады. Мен бұл туралы Украина Президенті Владимир Зеленскийге, Еуропа комиссиясының Президенті Урсула фон дер Ляйенге, Франция Президенті Эммануэль Макронға, Италия Премьер-министрі Джорджа Мелониге, Германия Канцлері Фридрих Мерцке және Финляндия Президенті Александр Стуббқа Президент Путинмен әңгімеден кейінгі телефон арқылы сөйлесуде хабарладым.

Рим Папасының айтуынша, Ватикан бұл келіссөздердің өз аумағында өтуіне зор қызығушылық білдірді.

Процесс басталсын!»

Ал Ресей президенті Путин былай деді (тезисті түрде):

- Ресей Украинамен ұрыс қимылдарын тоқтатуға мүмкіндік беретін меморандумды жасау бойынша жұмыс істеуге әзір. Онда принциптер, мерзімі қамтылуы қажет.

- Ресей мен Украинаны бірдей қанағаттандыратын келісім табуымыз керек.

- Трамп ұрыс қимылдарын тоқтату, келісімге келу жайлы позициясын айтты. Өз тарапымнан менде өз позициямды жеткіздім.

- Ыстамбұлдағы кездесуде байланыс орнай бастады. Демек біз дұрыс бағыттамыз.

- Ресейдің бұл қақтығыстағы позициясы айқын. БІЗ ҮШІН ЕҢ МАҢЫЗДЫСЫ ҚАҚТЫҒЫСТЫ ТУЫНДАТҚАН АЛҒЫШАРТТАРДЫ РЕТТЕУ БОЛЫП САНАЛДЫ.

Қысқасы айтарлықтай өзгеріс жоқ. Путиннің «БІЗ ҮШІН ЕҢ МАҢЫЗДЫСЫ ҚАҚТЫҒЫСТЫ ТУЫНДАТҚАН АЛҒЫШАРТТАРДЫ РЕТТЕУ БОЛЫП САНАЛДЫ» деуі, Ресейдің позициясы еш өзгермегенін білдіреді.

Асхат Қасенғали

Abai.kz

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2749
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 4491