Дүйсенбі, 14 Шілде 2025
Аласапыран 138 0 пікір 14 Шілде, 2025 сағат 13:16

Трамп Украинаға зымыран жіберетінін мәлімдеді

Сурет: ulysmedia.kz сайтынан алынды.

АҚШ президенті Дональд Трамп Украинаға Patriot зениттік зымыран кешендері берілетінін мәлімдеді.

Бұл туралы ол 13 шілдеде Мэриленд штатындағы Эндрюс әскери базасында айтты. Reuters агенттігінің хабарлауынша, Трамп берілетін әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелерінің нақты санын атаған жоқ. Оның айтуынша, Украинаға Еуропа Одағы елдері сатып алатын және кейін Киевке берілетін «бірқатар» қондырғы жеткізіледі.

- Бұл - бизнес. Біз оларға шұғыл қажет Patriot жүйелерін жібереміз, - деді Трамп.

Трамп NBC News телеарнасына берген сұхбатында АҚШ қару-жарақты НАТО арқылы жеткізетінін айтқан: “НАТО 100% төлейді, қару-жарақ алдымен НАТО-ға барады, содан кейін - Украинаға”.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио НАТО одақтастарының қолында қажетті қару-жарақ бар екенін нақтылады.

- Германиядан жүйелерді жеткізу оларды АҚШ-та жаңадан шығарудан әлдеқайда жылдам, деді ол.

Рубионың айтуынша, Еуропа елдері Украинаға өздеріндегі бар қару-жарақты жеткізіп, оның орнына АҚШ-тан жаңасын ала алады.

Abai.kz

0 пікір