Сенбі, 5 Қыркүйек 2026
Аласапыран 2412 0 пікір 25 Тамыз, 2025 сағат 14:16

АҚШ Украинаға 850 млн долларлық зымыран жібереді

Сурет: egemen.kz сайтынан алынды.

АҚШ президенті әкімшілігі Украинаға ұзақ қашықтыққа ұшатын 3,35 мың ERAM зымыранын беруге келісім берді. Бұл туралы The Wall Street Journal хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Зымырандар алты апта ішінде жеткізіледі. Әскери көмектің жалпы құны – 850 миллион доллар. Қазірше бұл пакетке тағы қандай қару-жарақ кіретіні белгісіз. Көмектің негізгі бөлігін Еуропа елдері қаржыландырып отыр.

Басылымның дерегінше, АҚШ билігі бұл шешімді Дональд Трамптың Ресей президенті Владимир Путинмен Аляскада, ал Украина президенті Владимир Зеленскиймен Вашингтонда өткен келіссөздерінен кейін қабылдаған.

ERAM зымыраны АҚШ-та жасалған заманауи SM-6 зымыран кешенінің бір бөлігі. Ол әдетте әуе және теңіз шабуылдарынан қорғану үшін қолданылады. Дегенмен кей жағдайларда шабуылдық мақсатта да пайдалануға болады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 883
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2293
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 590
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 570