Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2815 0 пікір 11 Қазан, 2009 сағат 18:12

Байжан Дубай. Кеңес Одағы «Ұлы Отан» деп ұлықталмауы тиіс

Молдаван халқының астанасы Кишиневте өткен кезекті бас қосудың барысында ТМД елдерінің басшылары алдағы жылды «Ұлы Отан соғысы» ардагерлерінің жылы деп атап өтуге уғдаласып тарасты. Шамасы, бұл ұсыныс Кремль басшысы Медведевтің тарапынан болып оны өзгелері амалсыз мақұлдаса керек.

Расында, келер жылы Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 65 жыл толады. Әлемнің геосаяси жағдайына түбірімен өзгеріс әкелген осы соғыс туралы жас буын, кейінгі ұрпақ не біледі? Олар үшін Сталин кім? Олар Гитлерді тани ма? «Ұлы Отан соғысы» деген ұғымды қалай қабылдайды? Осы ой қарттарды, әсіресе қарғыс атқыр соғыстың қасіретін көрген өткен ғасырдың өкілдерін, соғыс туралы кинолардың шабытымен өскен аға буынды, әлі күнге дейін болашағын «аға ұлтпен» ұйыстыра қарайтын бірқауым жұртты жиі толғандыратыны белгілі. Бұл мәселе тек біздің қоғамда ғана емес, соғыстың өрті шалған барлық елде бар болуы керек.

Молдаван халқының астанасы Кишиневте өткен кезекті бас қосудың барысында ТМД елдерінің басшылары алдағы жылды «Ұлы Отан соғысы» ардагерлерінің жылы деп атап өтуге уғдаласып тарасты. Шамасы, бұл ұсыныс Кремль басшысы Медведевтің тарапынан болып оны өзгелері амалсыз мақұлдаса керек.

Расында, келер жылы Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 65 жыл толады. Әлемнің геосаяси жағдайына түбірімен өзгеріс әкелген осы соғыс туралы жас буын, кейінгі ұрпақ не біледі? Олар үшін Сталин кім? Олар Гитлерді тани ма? «Ұлы Отан соғысы» деген ұғымды қалай қабылдайды? Осы ой қарттарды, әсіресе қарғыс атқыр соғыстың қасіретін көрген өткен ғасырдың өкілдерін, соғыс туралы кинолардың шабытымен өскен аға буынды, әлі күнге дейін болашағын «аға ұлтпен» ұйыстыра қарайтын бірқауым жұртты жиі толғандыратыны белгілі. Бұл мәселе тек біздің қоғамда ғана емес, соғыстың өрті шалған барлық елде бар болуы керек.

Жақында ғаламторда ресейлік журналист Александр Подрабинектің осы тақырыпқа арналған мақаласы шығып, орыстілді блогшыларды бір дүрліктіріп тастады. Оның Екінші дүниежүзілік соғыстың ардагерлеріне қарата айтқан сөздері талайдың шымбайына шынымен батып кетті. «Кеңес Одағында сіздерден өзге де ардагерлер болды. Олар туралы сіздер білгілеріңіз де, естігілеріңіз де келмеді. Олар Кеңес билігімен күрескен ардагерлер. Сіздердің биліктеріңізбен. Оларды кейбіреуі сіздер секілді нацизммен соғысып, кейін Литва мен Батыс Украинаның ормандарында, Шешен таулары мен Орта Азияның құмдарында коммунистерге қарсы күресті. Олар 1954 жылы Кеңгірде лагерь көтерілісін ұйымдастырды, 1962 жылы Новочеркаскіде қанды қырғынға ұласқан демонстрацияға шықты. Қазір олардың бәрі дерлік өлді, оларды ешкім еске алмайды, олардың құрметіне көшелер мен алаңдарды атамайды. Ал бірен-саран тірі қалғандары мемлекеттен еш көмек алмайды, кедейшілікте, ешкімге керексіз болып өмір сүруде. Бірақ кеңес билігінің күрескерлері  сіздер емес, солар біздің еліміздің  нағыз батырлары». Сабазың міне, тура осылай деді. Әрине, бұл оның жеке пікірі. Келісетін де, келіспейтін де тұстары табылып қалар.

Иә, «мың өліп, мың тірілген» қазақтар қарақшы фашистер мен қанды қол коммунистердің арасындағы қырғын соғысты да көрді. Талай боздақ қыршын кетіп, талай ару жесір қалды. Аңыраған ана, боздаған бала қалды. Бұл ұмытылмайтын қасірет. Оны ұмытуға болмайды. Соғыс туралы тарихшылар айтуы керек, кино түсірілуі керек. Бірақ соның барлығы тек бір мақсат үшін:  соғыстың қайталанбауы үшін болуы керек. Тағы қайталап айтамын, Сталинді ұлықтап, коммунизмді марапаттап, Кеңестің жеңісін одалау үшін емес, тек қана соғыс атты қасіреттің қайталанбауы үшін еске алынуы тиіс.

Бұл соғысты Ұлы Отан соғысы деп атауды тоқтату керек. «Ұлы Отан» деп отырғанымыз кешегі желкемізге түтік салып қанымызды сорған, арыстарымызды атып-асып, жер байлығымызды талан-таражға салып, тілімізді тілімдеп, салтымызды салтақтап, дінімізді бұзып, жерімізді егеленген кеңес билігі ме? Коммунистер де, фашистер де отарлаушы еді. Екеуінің айырмашылығы қандай? Ешқандай. Тіпті жауыздығымен аты шыққан Гитлер қоластындағы халқына дәл Сталин секілді қырғидай тимеген екен. Демек, тирандардың арасындағы тартысты өзімізге теліп, қанды қол кеңестің жеңісін ұлықтайтын жөніміз жоқ.

Бүкіл адамзатқа қайғы әкелген соғыстың тоқтауына, мағынасыз қырғынның сап тиылуына қазақ халқының қосқан үлесі орасан екені даусыз. Біздің боздақтарымыз соғысқа ұлтын кемсіте беретін кеңестің кемелденуі үшін емес, үйіндегі жары мен ұрпағының қамы үшін аттанғаны белгілі. Аталарымыз ерен ерлік көрсетті. Бірақ қазақтың ерлігін қазаққа көпсінген жоқ па? Басқаны айтпағанда Рейхстагқа бірінші болып ту тіккен Рақымжан Қошқарбаевтың аңызға айналған көзсіз батырлығын жоққа шығарды емес пе. Ел болсақ, елдігімізді танытамыз десек, ұлы жеңісті ұлықтағымыз келсе алдымен сондай оғландарымызды ұлықтап алайық та. Рахымжан атамыздың Рейхстагқа бірінші болып ту тіккенін Кеңес одағының заңды мұрагері Ресей ресми мойындап, тарихи шындықты қалпына келтірсін. Ұлтының ұлына айналған Бауыржан Момышұлынан Батыр атағын қызғанғандарын ашық айтсын. Өзге де ерлеріміздің елеусіз қалған ерен ерліктерін айтайық, соларды ұлықтайық, өзгелерге мойындатайық. Сонда ғана біздің Ұлы жеңіс деп ұрандауымызға болады. Сонда ғана бұл соғыс туралы ұрпақтарымыз ұмытпайтын болады.

Ал Подрабинек айтқан тасада қалған ерлер бізде де болды емес пе?! Олар Алаштың ардақтылары атанған Ахаң бастаған азаматтардың ісін жалғастырушылар болатын. Олар Кеңес билігінің халқына жақсылық әкелмейтініне зердесі жеткен, жан-тәнімен түсініп, туған халқын дінсіздік пен ділсіздік деген алапат апаттан арашалап алу үшін күрескен еді ғой. Біздің сұрқылтай тарихшылар айтқыш болса солар туралы айтсын. Өйткені, бүгінгі ұрпақтың Гитлерде де, Сталинде де, екеуінің режимі үшін күрескен өзгелерде де бес тиын шаруасы жоқ. Тәуелсіз елде туған еркін оғландар туған халқының ерлерін ұмытпауы тиіс. Оларды білмесе кешегі ұлыңды құл қылған, қызыңды күн қылған дұшпаның қайта айналып келуі қиын емес. Ал қайта шапқан жау жаман.

 

«Абай-информ»

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3263
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5592